Жігітімнен жүкті болып, өзгеге тұрмысқа шықтым

Жігітімнен жүкті болып, өзгеге тұрмысқа шықтым

 Сәлеметсіздер ме?  Ораза ұстаған жан қабыл болсыy! Мен қазір қатты қиналып отырмын, өтінемін, маған ақыл айтыңыздаршы. Менің жасым 23-те,  тұрмыс құрғаныма 3 жылдан асты. Мен тұрмысқа аяғым ауыр болып шықтым. Жүкті екенімді жүріп жүрген жігітімнен айырылысып кеткен соң бірақ білдім. Сол кезде жігітім әскерге кетіп қалған еді.

Қайтерімді білмей жүргенде көрші тәте қазіргі күйеуіммен таныстырды. Ол ажырасқан екен, әйелі мен 5 жыл тұрып араларында бала болмай ажырасыпты. Ол танысқан күні-ақ мені алып қашты. Құрсағымдағы балаға 1 ай енді толған еді. Баланың басқанікі екенін өз төркінім əлі күнге білмейді.

Тұрмыс құрған соң күйеуімнің ішетінін байқадым. қояр деп едім. бірақ уақытша қояды да, қайта бастайды. Әсіресе бұрынғы бажасымен басы қослыса қатты ішеді. Ішіп алса, менің аяғым ауыр екеніне қарамастан ұрады. Сөйтіп жүргенде қызымды босандым. Көп қан кетіп, ота жасатуға тура келді, бір өлімнен қалып үйге шықтым. Сөйтсем күйеуім бұрынғы әйелімен сөйлесіп жүріпті.

Бірінші әйелін қимай жүрген болар, қиналғанда сөйлескісі келген шығар деп кешіріммен қарадым. Көп ұзамай ол жұмысқа шықты, бәрі жақсы болып келе жатқан, әлгі бажасы қайта пайда болып, ішуді тағы бастады. Ішіп алса мені әіркімге бір теліп, тіпті туған ағама да теліді. Мен үйден шықпаймын, тіпті төркініме бармаймын, қызғанатын еш себеп жоқ. Сонда да тепкілеуін қоймайды.

Бірде тағы да ішіп келіп мені тепкіге салды. мен сол кезде қатты ренжідім. себебі ол бұрынғы əйелімді сүйемін деді, сосын мен қызымды алып кетіп қалдым. Өзі ата-анам қайтыс болған, анамның сіңілісінің үйіне бардым. Соңымнан күйеуім, қайынбике, абысындарым келіп кешірім сұрады. Анамның сіңілісі ақылын айтып, енді мұндай жағдай қайталанса ажыратып алатынын айтты.

Сөйтіп үйге келген соң біраз қойып жүрді де қайта бастады, қол көтеруін де қоймады. Осыдан кейін әпкесі мені үйіме өзі әкеп тастады. Осы жолы Өскеменде тұратын бауырларыма бардым. Бірақ көп ұзамай өзімді әкеп тастаған қайынбикем соңымнан жалынып, жалбарынып тағы келді.Күйеуім де ағаларымның алдынан өтті.

Күйеуім екекуміздің арамызда бала болмайды екен, өйткені оның ауруы асқынған. Ол бірде ішіп алып екеумізді таныстырған тәтеге де тарпа бас салып, мынандай әйелді қайтдан ікеп берсең, сол жаққа қайта апарып таста деп айқайлады. Сол кезде  құдайдай сыйлап жүрген қайнбикем мен енемнің маған айтпағаны жоқ. жетімсің іздеуің жоқ, сен біреудің шіріген ұрығын бауырыма əкеліп туып алып бетіңді ашып болғасын кеттің деді.

Бұрын күйеуім қанша ішсе де қызымды жақсы көретін, сен кетсең де, баламды бермеймін дейтін.Осындай ауыр сөздерден кейін кетуден басқа амал қалмады. Бірақ тағы да  күйеуім келіп кешірім сұрап, бөлек кетеміз, жұмысқа кіреміз, болды, басыма тиді, балам болмайды, сен қыз сыйладың деп жылап отырып алды. Енем де кешірім сұрап менікі қателік болды, ауыр сөздер айтпауым керек еді, балам ажырасса, саған күйеу, оған əйел табылады, бірақ баласы болмайды. Елге келеке болады, балам асылып алады деген соң кешірмейтіндей кіммін, мен оған тұрмысқа шы,ығп абыройымды сақтадым ғой деп тағы кешірдім.

Қазір күйеуім арағын әлі қоймады, сол баяғы жартас. ішіп алса әкесімен жаңа жыртысады, анасына, маған қол көтереді. Ішпесе одан тыныш адам жоқ. Күйеуімнің осындай қылықтары үшін туыстарым да менен бас тартты. Ақыры күйеуіңнің таяғына шыдап екшіре береді екенсің, менің сендей қарындасым жоқ деп ағам ашық айтты.Не істерімді білмей басым қатты. Күйеуімді түзу жолға қалай саламын. 

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста