Бұл хатты жазбастан біраз ойландым. Менің аты-жөнім аноним болсын. Менің жасым 24-те. Жүріп жүрген қызым бар. Айтатын мəселем ол қыз жайлы емес негізі. Басқада.
Мен өзім барып жүрген жезөкше қызға ғашық болып қалдым. Ол жайлы күні-түні ойлаймын да тұрамын. Осымен тек 4 рет кездестік. Яғни төсек қатынасында. Онымен төсекте де ерекше сезімге бөлінемін. Соңғы кездескенде онымен ашық сөйлестім. Бұл жолды қойғысы келетінін айтуда. Бұл жолға ақшадан қысылғанынан барғанын айтты.
Оның жасы 20-да.Бұл жолмен айналысқанына үш жылдай болыпты. Енді айтпақ ойым онымен қосылсам ба? Түсінемін ол ой дұрыс емес. Бірақ ол да, мен де бақытты болуға лайықтымыз ғой. Мен оған үйленгім келеді. Өзім жүріп жүрген қызым мүлде ұнамайды. Сүймеймін де. Соңғы кезде жиі ұрысып та кеттік. Қатты сөкпей, дұрыс ой ақыл жазсаңыздар екен деймін.