Жездесіне жем болған балдыз...

«Отбасы – ошақ қасы» айдары өзімнің күн сайын қызыға оқитын айдарларымның бірі. Оқырманға ең жақын, өмірдің өзінен алынған тағдырды боямасыз ұсынатын бағыты ұнайды. Неше түрлі тағдырларды оқып, біріне сүйінсең, біріне күйінесің. Әйтеуір бәрінде де бір адам тағдыры. Мен де көптен бері көңілімді күпті еткен оқиғаны оқырман назарына ұсынсам деп едім. Әсіресе ар, ұят, ибаның ауылынан алыстап кеткен қыздарымызға сәл де болса сабақ болса деп едім... 

Алыстан жамағайын болып келетін туысымыздың баласы үйленіп, беташарына бардық. Келін де көркі көз тойдырарлықтай көркем екен. Келіннің қолынан шәй ішіп, жақсы тілектерімізді жаудырдық. Иіліп сәлем салып, майысып шәй құйып отырған жас келіннің бар арамдығын ішіне бүккен ішмерез екендігін қайдан білейік? Бас құраған ініміз аузы ашық, аңқаулығы басым, тіпті әңгідүктеу ме, әйтеуір жап-жақсы келін түсірді деп мәз болғанымызды қайтейік? Арада екі-үш ай өтпей жатып жастардың дабыры алысқа кетті. Күнде ұрыс, күнде айқай үйінде. Ыстық-суығы басылмай жатып бұл не айқай деп таңғалып біз жүрдік. Бірде көрші тұратын жеңгесі үйлеріне барып қалғанда нағыз айқай шудың үстінен түсіпті. «Әй, не болды сендерге?» демей ме? Күйіп кеткен ініміз «мынау маған төсекте слабыйсың деп айтты» депті. Бетім-ау, босаға аттағанына аз ғана уақыт болған жас келіннің еркектің мықты, әлсіз болатынын қайдан біледі деп жағамызды ұстадық. Осыдан бастап оның сыры ашыла бастады. Тағы бірде інім жас жұбайын ертіп, бір тойға барыпты. Сонда сол ауылдың жігіттері «мына бізден қалған сұрқияны қайдан тауып алғансың» деп інімнің намысына тиген ғой. Үйге келген соң екеуі тағы да айқасып ақыры келін үйіне кетіп тынды. Осымен біткен шығар дескенбіз. Жоқ, қателесіппіз. Құдағи екі күннен кейін қызын ертіп, «жаздық, жаңылдық, кінә бізден» деп кешу сұрап, аяқтарына жығылып қызын тастап кетті. Сәл де болса тыншу тапқандай болғанбыз. Сөйтсек бұл да уақытша екен. Жас келіннің құлағынан ұялы телефоны түспейтін көрінеді. Ініміз бір-екі рет өзі де ұстап алыпты. Сөйтсе жездем ғой, жағдайымызды сұрап жатыр деп құтылады екен. Ол не деген қамқор жезде дескенбіз. Ол да тегін емес екен. Басы қатқан ініміз бір күні келіншегіне «сен бар шындықты жасырмай айт, мен сені кешіруге уәде беремін» деп қыспаққа алады. Ары бұлтыңдап, бері бұлтыңдап болмаған соң келін ақыр аяғында бар шындықты жайып салыпты. Астанада әпкесінің үйінде жүріп оқитын ол ара-арасында олардың дүкенінде де жұмыс істеп, қолқабысын тигізіп тұрады екен. Бір күні өзінің туған әпкесінің күйеуі бұны зорлаған ғой. «Айтсаң өлтіремін» деп қорқытқан да ма? Бір болғаннан кейін тоқтаушы ма еді, жездесі оны қолжаулыққа айналдырады. Соңғы алты айлықта байқамай жүріп, аяғы да ауырлап қалыпты. Бар шындықты анасына келіп айтқан екен, екеуі амалын асырып, бір тойда інімізді торға түсірген ғой. «Мынау бір мұрнына иіс бармас мәнжубас» деп ойласа керек. Сонымен бұл іс бітті десе керек. Көп жүрген жыланның аяғы көрініп қалмай ма, ақыры бар шындық ашылды. Момын деп жүрген ініміз бар ашуын алайын деп тоқпақтың астына алған ғой. Өлтіріп қоймасын деп ағайындар араға түсіп әзер басты. Содан әкесін, шешесін шақыртып қарабет келінді еліне қайтарды. Ол жаққа барғаннан кейін де мәз болмаса керек, әпкесі мен жездесі осының кесірінен ажырасып тыныпты. Мұндай масқараны естіген кім бар? Жағамызды ұстадық. Өсіп келе жатқан жас өскіндер осындай масқарадан аулық жүрсе екен. Арларына қара дақ түсіріп алмаса екен деген жанашырлықпен жазып отырмын. Көптің біріне сабақ болса игі...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста