Жездемнің ойы арам екен

Мен сіздерге бір жай туралы айтқым келеді. Қазір қалада колледжде оқудамын. Әпкеммен және жездеммен тұрамын. Олардың екі тамаша балалары бар. Осы уақытқа дейін бәрі керемет болатын. Бірақ, кеше түнде әпкем екі баласын алып құрбысының үйіне қонуға кеткен. Түнде ұйықтап жатқанда біреу қасыма жатып, белімнен құшақтағанын сезіп, ұйқысырап, жиенім шығар дей ойлап жата бердім.

Одан кейін менің иығымнан сүйіп, және қолын төмен түсіре бастады. Сол кезде жиендерімнің үйде жоқ екені есіме түсіп атып турдым. Сөйтсем шынында да жездем екен. Тиіспеңіз! -деп итеріп жіберіп, басқа бөлмеге барып жатқанмын.Артымнан қайтадан келді. Тағы да одан қашып ваннаға кіріп есікті жауып таңға дейін сонда отырдым. Таңертең колледжға бару үшін шығуға тура келді. Шыққан бетте төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды, себебі жездем жерде отыр екен ,есікке қарап. Мені көріп атып тұрып кешірім сұрай бастады. Әпкеңе айтпашы деп жалынды. Мен: "жақсы" деп құтылғандай болдым. Бірақ әлі де есеңгіреп отырмын. Мұнда жазып отырған себебім басқа ешкімге айта алмаймын, ішімдегіні шығарып ұмытқым келді. Осындай топтарыңыз болғанына рахмет.

 Аноним

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста