Жездем өмірімді өзгертіп жіберді...

Жездем өмірімді өзгертіп жіберді...

1988 жылы сегізінші сыныпты бітірген соң бар арманым музыка училищесіне барып оқуға түсу болды. Бұл арманым мені қанаттандырғаны сонша ертелі кеш тынымсыз дайындықта болдым. Бұған музыка пәнінің мұғалімі де белсене кірісті. Құжаттарымды реттеп ертең жолға шығам деп отырғанымда аяқ астынан жездем сап ете қалды. Менің көңілді жүзім, арманыма деген құлшынысым оған мүлде ұнамады. Естіген жерден ата-анама «қыз баланы мектепті бітірмей оқуға жіберді деген не тағы?!»-деп барынша қарсылығын білдіріп, дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша мен мектеп бітіре салып онсызда үйден кететін көрінем. Сосын тұрмыс құрам. Сол үшін дәл қазір кетудің жөні жоқ деп нүкте қойды. Ата-анам қанша уақыттан бері менің еңбектеніп, сабағым мен дайындықты қатар алып жүргенімді, соңғы күндері тіптен оларға бар арманымды жайып салғанымды біле тұра үндемей жездеме келісе кетті. «Ия, шынында, дұрыс айтасың» деп бас шұлғысты. Үнсіз қалдым!

Арада екі жыл сырғып өте шықты. Мен енді өзімнің сүйікті ұстаздарыма еліктеп ұстаз болуды армандадым. Әнімді де айтып жүре берермін, екі мамандық иесі болсам несі жаман деп шештім. Тағы да күндіз-түні дайындық. Айна алдында тұрып сабақ өтуден жалықпадым. Ата-анама бұл ойымды айтып бөлісіп едім олар да қуанып қалды. Бірақ… Бұның бәрін естіп қойғандай жездем аяқ астынан жетіп келді.
- Қайдағы университет - деді ол тағы ести сала. - Оған қанша ақша керек екенін білесің ба, оған әке-шешеңнің шашы да жетпейді ғой, одан да менімен жүр дәл қәзір, бізде кәсіптік училищеде құжат қабылдап жатыр, менің ағайым сол жерде істейді еш уайымсыз қабылданасың, - деп бірақ кесті.
- Қыздарға дүкенде сатушы болғаннан керемет мамандық жоқ, әрі қарның тоқ жүреді, - деп нүкте қойды. Ата-анамның да іздеп отырғаны осы сияқты, бірден тағы келісе кетті. Мен құжаттарымды алып жездемнің соңынан ердім. «Ел қатарлы неге мен де университет есігін ашып өзімді неге бір сынап көрмедім, мүмкін түсермін, мүмкін түспеспін, сыныптастарымның тең жартысы кетті ғой» деген ойдан ішім өртеніп жатты. Бірақ оны тыңдайтын жан болмады.
Бұйырғаны осы шығар мен келдім де қабылдандым жездем айтқан оқу орнына. Апайым мәз бір жыл қасымда жүретін болдың дейді. Оған да бәрі бір…
Бір жыл да көзді ашып жұмғанша өтті. Сабақ оқыдым деген аты, жездем мен апамның балаларын бақтым десе де болады бір жыл. Училище директоры «туыс» емес пе, ешкімде уайым жоқ. Уайым тек менде. Сол баяғы арманыма қалай қол жеткізем деген?!
Бір жылдық оқуды бітірсем де үйіңе қайт енді деп жатқан ешкім жоқ. Енді келмейсің бе деп жатқан әке-шеше тағы жоқ. Бәрінің ойы сол жақта кез келген дүкеннің біріне мені ертерек орналастыру. Күндіз жұмыста, кешке бала күтуші боп үйде отырсам кімге жаман?!
Аяқ астынан ауырып қалдым. Қарап отырып тұншығам да қалам. Дәл осы кезде жаңадан бір емші шығыпты деп ел гуілдеп соған жездем барып жүретін. «Таңертең менімен бірге емшіге жүр. Өзімді жақсы сезініп жүрмін саған да шипасы тиіп қалар» деп, мақұл дегенімді күтпестен бөлмесіне кіріп кетті.
Емші дегені менен оншақты жас үлкен отызға жете қоймаған жігіт екен. Мені көрді де емделмесем болмайтынын айтты.
Әр барғанда әр нәрсені әңгіме етіп, үнсіз қалмаудың амалын жасап, сөзге тартатын емші бір аптадан соң не керек мені киноға шақырды. Не дерімді білмей үйге келе салып әпкеме айтып едім, әдеттегідей жездем «шақырса несі бар, таңның атысы, күннің батысы бөлмеден шықпай жұмыс істеу оңай ма? Серік боп барғысы келген шығар сенімен» деді. «Сенбейтіндей адам емес, қолында Құраны, аузында Алласы бар, сені жеп қоймас…» Әпкемде қайдан үн болсын басын изеп келіскенін білдірді.
Сол кинодан кейін сол емші менің күйеуім болды… Бұлқан-талқан ашуланғаныма қарамады «жездең біледі, айтқам» деді… Орамал салынып, беташарға дайындық басталып та кетті.
Жездем мәз өзінің енді тегін емделетініне, менің ойымша солай!... Үзбей келіп жүрді. Бұрын ақшасы болмай қалса арасында келмей қалатын.
Ол үйде мен екі балалы болғанша тұрдым. Бар ойым үй боп кету еді. Бірақ сол уақыттағы өмірімді дұшпаныма да тілемеймін. Ол бұрын да үйленіп ажырасқан болып шықты.
…Енді өзім де ата-анамын. Балаларымның нені армандап, нені қажет ететініне қатты мән беріп, сырласып, көзімнен таса етпеуге тырысамын. Қандай жағдай болмасын, кез келген жерде ол да өз пікірін айтуға құқығы барын, өз мақсаты үшін күресе білу керек екенін ылғи естеріне салып отырам. Олар үшін ешкім шешім қабылдауға міндетті емес. Мен де ата-анамның сол кездердегі қателігін қайталамауым керек деймін. Оларды ойлап отырып не деген жайбарақаттық, не деген алаңсыздық, не деген көнбістік деймін да?! Біреудің жетегінде кетіп, қол үзіп қалған армандарым! Қайта оралмас күндер… бұның барлығына кімді кінәлаймын?
Майра, Ұзынағаш

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста