Жетісайлық батыр ана 24 баласынан 70 немере, 20 шөбере сүйіп отыр

Жетісайлық батыр ана 24 баласынан 70 немере, 20 шөбере сүйіп отыр

Жетісайда 24 баласы, 70 немере, 20 шөбересі бар ақ жаулықты ана тұрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Түркістан облысы - батыр аналарды түлеткен берекелі өңір. Облыста алтын құрсақты аналар көп. Солардың бірі – 76 жастағы Сапаркүл Әбутәліпова 24 баланы дүниеге әкелген.

 

Жетісай ауданының Қараөзек елдімекенінде тұратын көпбалалы ана еңбекке жастайынан араласқан.

 

 

«Адамды адам еткен - еңбек» дейді. Жас кезімізден еңбекпен шұғылдандық. Жолдасым Жоламан екеуміз совхоздың малын бақтық. Мал шаруашылығында отағасы аға шопан, мен көмекшісі болып істедім. Жанұялы болып, 24 баланы дүниеге әкелдік. Өкінішке қарай, өмірдің түрлі сынағына тап болып, 12 балам қайтыс болды. Аллаға шүкір деймін, қалғанының барлығын аяқтандырдық, қатарынан кем қылмадық. Немере сүйіп, шөберенің қолынан май жалап отырмыз», – дейді ақ жаулықты ана.

 

 

Сапаркүл Әбутәліпова бүгінде 70 немере мен 20 шөбересінің қызығын көріп отыр. Өзі өмірінде бір рет үшемдерді, екі рет егіздерді дүниеге алып келген. Қазір ұл-қыздары қосақтарымен әулеттің дәулетін асырып, алтын құрсақты ананың ақ батасымен ұрпақ өрбітіп келеді.

 

 

«Батыр ана» медалін 1979 жылы 17-ші перзентімді дүниеге әкелгенде алдым. Ал, екінші «Алтын алқаны» омырауыма тәуелсіздік таңы атқан соң тақтым. Қазір ұл- қыздарым Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында өз істерінің шебері атанып, кәсіптерін дөңгелетіп, нәсіптерін тауып жүр»-дейді ол.

 

Бүгінде батыр ана жолдасы екеуі кенже ұлдарының шаңырағында тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста