Жетім сіңілімді жылатып жүр...

 Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым! Менің туыс сіңлім бар еді, әке-шешесі ерте қайтыс болып, 2 айлығында  маманың әпкесі бағып алды . Енді ол кісі 13 жасқа жеткізіп өзі де қайтыс болды. Менің анам қыз балаға ғой деп біздің үйге, Алматыға әкелді.  Сонымен 11 сыныпқа дейін оқытып, әрі қарай колледжге түсірдік,  тігіншіге оқыды. Окуын аяқтап диплом алды. Айтайын дегенім, 20 жасында сіңілім сүйген жігітіне тұрмысқа шықты, ұзатып жібердік.

Енді сол күйеуі ұрады екен, қайын сіңлілері де араға от салып, байына урғызады екен. 2 жыл болды күнде анама хабарласып жылайды. Ал анам маған араласпа, артын кутейік бәлкім жарасып кетер деп тоқтатып отырды. Мен осы уақытқа дейін араласпадым орталарына. Кеше ватсапта сұрадым, не болды айт маған деп, бір кезде фото жіберді, үсті-басы көгеріп тұр, қолы, аяғы көкпеңбек, көзі ашылмай тұр ісіктен. Жыным ұстап,  звондап куйеу балаға әбден ұрыстым, үндемей тыңдап түр. Өздері ауылда тұрады. Атасы үшеуі тұрады. Сөйтсем атасы пенсия алғанда біздің қызға береді екен, барып азын-аулақ үйге керек заттарды ал деп. Оны сол үйдің жынды қыздары қызғанады екен, ақшаны келінге береді деп. Қыздары бөлек кеткен куйеуге тиіп. Жетім қыз ғой, жаным ашып кетеді,ауылына барып қырып тастағым келеді, бірақ әттең анам қой -қой ұят болады, шыда кішкене деп отыр. Не істесем болады? Қазір қайтадан соларға звондаймын,не айтсам болады сабырлық пен жәй сөзбен,ар жағына жеткізіп дегендей. Қалай куйеу баланы бассам екен сөзбен. Айтпақшы, байы ұрып жатса, бәрі қарап тұрады екен мәз болып. Ешкім ажыратпайды екен. Сауап саған сол керек деп, одан сайын рахаттанатын көрінеді. Жанға бататын сөз керек маған айтатын, не дейін әлде барайын ба ауылына? Қазір бар десеңдер кешке шығып кетемін. 

Аноним

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста