Жеңгесіне бейілі ауған жігіт...

Жеңгесіне бейілі ауған жігіт...

Аналарының жұлдызы сөнгеніне бүгін міне бір жеті болды. Жұрттың келім-кетімі басылып, апалы-сіңлілі екеу оңаша қалғаны осы.

 

Гүлзат апасы жайлы естеліктерді айта келе, көптен ұмытып жүрген нәрсесі жаңа есіне түскендей: -Осы мені тіршілік әлеміне әкелген апам ба, жоқ басқа кісі ме?- деді қызарып кеткен көздерін әпкесіне тіктеп.

 

Мұндай сұрауды күтпеген қырықтан асқан Ұлбазар сансырап қалды. Жан жүйесі босап, жауап қатуға асықпай, үнсіз ойға кетті. Қиялы қыран құстай шындық-ауылының төбесінен айналып ұша берді.

 

Күйеуі ұзақ жылға абақтыға жабылып, екі баласымен қалған Әйгерім бейберекет күн кешті. Жалғыз қайнысы Жанарыс аға шаңырағына бел болып қарасып жүрді.

 

Әйгерім белі нәзік талып тұрған, тым көрікті еді. Уақыт өте өзіне ыстық екенін сезген Жанарыстың жүрегі жанып, жеңгесіне бейілі ауып, ықыласы түсті.

 

Жанарыс жеңгесінікінде жасырын қонып кетуді жиілеткен. Тек Әйгерім жүкті болып қалғанын айтқанда не бүлдіргенін шын сезген. Мезгілі жетіп, іштегі шарана дүние есігін ашады.

 

Апта өте Жанарыс Әйгерімге бір әйелді ертіп келеді. Ол бір қыздан кейін перзент көтермей, зарығып жүрген ана екен. Әйгерім оған бір ауыз тіл хат жазып, құндақтаулы нәрестені еріксіз берген. Сол қызыл шақа осы Гүлзат еді.

 

Ұлбазардың ойын Гүлзаттың жалынышты ойы бөліп жіберді: -Тек шыныңызды айтыңызшы, әпке,- жауап болмаған соң,- Бала күнімде құрбыларымның "сені асырап алған" дегеніне сенбегенмін. Бірақ бір күні ерге шықпаған кезім, апам реттеп отырған құжаттар ішінен тілдей қағазға көзім түсіп есім ауған. Ондағы сөздердің қаншалықты туралығын сұрағанымда апам "Дәрігер жазған анықтамасы" деген де қойған сәл абыржығанын сездіріп. Тағы бірде апамның бір нәрсеге ашуланып қатты ұрысқанында туған анам болса бұлай қатты сөйлемес еді деп және сұрағанмын. Сонда апамның күйі қашып:"Мен өлген соң білерсің",-деп ренжіп қалғаны есімде. Апамды керемет жақсы көретінімді білесің. Содан кейін ол туралы тіс жармадым. Сонда да жүрек құрғыр сезеді, бір нәрсені жасыратын сияқтысыз. Жұмыртқасын өзгенің ұясына салған көкек ананың басынан не қиын күн өтті? Бөтеннің ұясынан бас көтерген балапан өсе келе өзінің көкек екенін білмеуші ме еді?

 

Жүрек тіліне беріліп сандырақтап та кеткен шығармын, білмеймін, ділдегі түйткілден арылтыңыз,- деді де шаршап кеткендей әпкесінің иығына басын сүйеді.

 

Ұлбазар өзін безбүйрек адамдай ұстады, іштегі түйілген сырды ақтарғысы-ақ келді. Бірақ, қаны бөлек болса да, кішкентайынан бірге өскен жалғыз бауырынан айырылып қалам деп қорықты. Ұлбазар көздегі жасын іркіп:

 

-Менің білетінім сен менің туған сіңлімсің, сені туған менің апам. Басқа шындық болмақ емес,- деді де, Гүлзатты сонау бала күніндегідей бауырына алып қатты-қатты құшақтады.

 

(Өмірден алынған оқиға)

Аlashainasy.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста