Жеңгемнің істеп жүргенін ағама айтуым керек пе?

Бір мәселеге қатысты ақыл-кеңес қажет болып «Алаш айнасы» оқырмандарына жүгініп отырмын. Өйткені, мен әлі жаспын. Кейбір нәрселерді әлі жіте түсіне бермеймін. Сондықтан ағам мен жеңгемнің арасына түскендей болмайын деп, үлкендерден кеңес сұап отырмын.

 

Мен ағамның қолында тұрам. Ағам іссапарға өте жиі шығады. Шет елдерге де көп барады. Жұмысы солай. Сол кездерде жеңгем үйде қызымен жалғыз қалады. Сондықтан «ағаң іссапарға кеткенде жеңгеңнің қасында боласың» деп мені ауылдан арнайы жіберген. Сөйтіп бір жылдан бері астаналық болдым. Ағамның жұмысы жақсы. Бұрын Алматыда тұрды. Былтыр жұмысы Астанаға ауысты. Астанаға келген соң төрт бөлмелі үй сатып алды. Ағамның табысы жақсы болған соң Астанаға келгелі жеңгем жұмыс істемейді.

 

Негізі жеңгем өте жақсы адам. Ағамның ауылдағы ата-анамызға көмек бергеніне де тарынбайды. Маған да қажет нәрселерімді әперіп отырады. Былтыр алғаш осында келгенімде бастан-аяқ киіндірді. Қымбат ұялы телефон, ноутбук әперді. Қажетіңе жаратасың деп үнемі ақша беріп тұрады. Қолы ашық. Ешқашан маған ұрысып көрген емес. Бірақ кейінгі кезде жеңгемнің бойынан бөтен қылық байқап жүрмін. Ағам іссапарда болғанда жеңгеме біреу телефон соғатын болып жүр. Сол белгісіз біреуден күдіктенем. Өйткені ондай кезде жеңгем бөлмесінің есігін жауып алып сөйлеседі.

 

Бірде шыдай алмай, ақырын тыңдадым. Телефоннан біреуге «жаным, сағындым» деген сөздерін есітіп қалдым. Оған қоса ағам іссапарға кеткенде «құрбыларыммен кафеге барып қайтамын» деп қызын маған қалдырып үш-төрт сағат жоқ болып кететінді шығарды. Үйге бір құшақ гүлмен оралады. Әрине, мен «гүлді кім сыйлады» деп сұрай алмаймын. Бірақ сол гүлдің тегін емес екенін ішім сезеді. Бірде жеңгемді біреудің машинамен әкеліп тастағанын терезеден көрдім. Сол көлікті кейін де байқадым. Соған қарап «жеңгем біреумен көңіл жарастырып жүр ме екен?!» деп ойлаймын.

 

Менің бұл күдігімді тағы бір-екі жағдай күшейте түсті. Бірде жеңгеммен дүкен аралып жүргенбіз. Ту сыртынан бір жігіт келіп жеңгемді құшақтай алды. Жеңгем меннен ыңғайсызданып қалды. Тағы бірдеңе бүлдірмесін деді ме, жалма-жан «мынау менің қайынсіңілім» деп мені таныстырды. Сосын «сендер жүре беріңдер мен қазір барам» деп жігіттің қасында қалып қойды. Бірақ жеңгем көп бөгелмеді. Келе сала «менің мектепте бірге оқыған сыныптасым ғой. Мектепте де солай болатын. Әлі балалығы қалмапты. Жөнсіз қалжыңдай береді» деп ақталғандай болды. Бірақ менің ішіме күдік ұялады.

 

Осыдан екі айдай бұрын менің күдігімді еселей түскен тағы бір оқиға болды. Ағам іссапармен шетелге кеткен болатын. Үйде өзіміз ғана қалғанбыз. Түнде біреулердің сөйлескен даусынан оянып кеттім. Ағам келген екен ғой деп ойлап, бөлмемнен шықтым. Ойымда ештеңе жоқ, жеңгемнің дауысы ас бөлмеден шыққан соң солай қарай бардым. Ас бөлмеде өткенде дүкенде кездескен жігіттің отырғанын көріп мен абдырап қалдым. Мені көріп жеңгем де тосылып қалды. Бір сәтке үнсіздік орнады. Маған қарағанда жеңгем тез есін жиды. «Бұл менің сыныптасым ғой. Өткенде дүкенде танысып едіңдер ғой. Бір тығыз шаруамен келген екен, қазір қайтқалы жатқан» деп жуып-шайып жатыр. Сол кезде барып есімді жидым. Кері бұрылып, бөлмеме кіріп кеттім.

 

Ертеңінде жеңгем, «сен жаман ойлап қалып жүрме, ол шынымен де менің сыныптасым. Бауыры полицияға түсіп қалып, шұғыл түрде ақша қажет болып, бізге келіпті. Басқа барар жері болмапты. Адамның басына іс түскенде көмектесу керек қой. Азын-аулақ ақша бердім. Сонымен бауырын шығарып алыпты» деді. Әрине мен жеңгемнің айтқандарына сенгем жоқ. Жеңгем сөзін одан әрі жалғап, «бұл туралы ағаңа айтпай-ақ қой. Біреуге ақша бергенімді білсе ренжиді. Болмашы нәрсеге бола оның көңіл-күйін бұзбай-ақ қояйық» деді. Мен үндегем жоқ. Өйткені не деп жауап беруді білмедім. Сондықтан сіздермен кеңесіп отырмын. Көрген-білгенімді ағама айтуым керек пе? Жоқ әлде менікі орынсыз күдік пе? Орынсыз күдігіммен ағамның отбасын ойран етіп жүрмеймін бе? Ерлі-зайыпты адамдардың арасына түспегенім дұрыс па?

 

 

 

Мөлдір, Астана

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста