Жеңгем ағамды дуалап алды
Сəлеметсіздер ме! Сіздерден кеңес сұрайын деп едім. Менің отбасымның үлкен жауы – жеңгем. Ол ағамды барлығымызға қарсы қойып, өзі əппақ болып отыр. Келін болып түскенде басым ауырып жүр деген соң көрші тəуіп апайға оқытпақшы болдық. Бірақ ол бір рет оқытылды да өзім бойдақ кезімде оқытылып жүрген адамым бар соған оқытылам деді жəне бірнеше күннен кейін күйеуің де оқытылсын деді деп келді. Екеуі 20 күнге жуық соған оқытылды жəне ол кісі үйіңе күйеуіңнің туыстары дуа жасаған деп айтты: Сосын ағам-жеңгем оқытылып журген апайдың таныс адамы бар екен, ол үйге жасырған заттарды алады деді.
Бір күні бір апай үйге келді жəне ауламыздың бірнеше жерінен кукла басына салынған шаш, тат басқан ине, қара тұмар т.б алды. Жəне ағам мен жеңгемнің бөлмесінде де осындай бар,қазір нақты орнын білмеймін 1 аптадан кейін келемін деп кетті. Бір аптадан соң келді, тағы бөлмеден 2-3 зат алды. Содан бері ағам бізге бөтен адамдай болып қалған. Жеңгем ағамды маған, үлкен аға- жеңгелеріме, әпкелеріме қарсы қойып қойған.
Қит етсе менің бақытымды көре алмайсыңдар, мені ажыратпақшысыңдар,өлем деп шығатын болды ағам.Ағам негізінен намаз оқиды, сөйте түра осылай жасап жүр. Ұзын сөзімнің қысқасы ағамды дуалап бізге қарсы қойған сияқты деген болжамым бар.
Енді мен өз бетімше бір әрекет жасап ағамның көзін ашқым келеді, не істесем болады? Суретіне қарап оқып, қайтарып беретін мықты тəуіп таныстарыңыз болса айтыңыздаршы. Алладан қорқам, бы\ірақ бұлай жүре берсек ағамнан барлығымыз суып барамыз.Айтқан сөздері, қылықтары бөтен адамдай бізге, көңілге қарап сөйлеуден қалған. Ағамды қатты жақсы көремін, сондықтан осындай жағдайға баруға мəжбүрмін
Жеңгем ағамның миын улап, туыстарың бізді көре алмай дуалаған, міне көрдің бе деп ағайындарға да қарсы қойып қойған. Оның келін болғанына енді 3 ай ғана болды. Қазір жай күндері түгіл тойда да тумаластарға ағам мүлде бармайды, дуалаған олар мені, тағы солай жасайды дейді.
Жеңгем ағамның миын улап, туыстарың бізді көре алмай дуалаған, міне көрдің бе деп ағайындарға да қарсы қойып қойған. Оның келін болғанына енді 3 ай ғана болды. Қазір жай күндері түгіл тойда да тумаластарға ағам мүлде бармайды, дуалаған олар мені, тағы солай жасайды дейді.
Аноним
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу