Жас жігіттер ақшаға тән сатып жүр

Жас жігіттер ақшаға тән сатып жүр

Бүгінде жезөкшелік дертінің күн санап өршіп бара жатқаны жасырын емес. Әсіресе оңай олжа табуды жөн көретіндер мұны кәсіпке айналдырып үлгергелі қашан.

 

Осы бір тән саудасымен айналысып жүргендер туралы ақпарат іздеп отырып, ойда-жоқта жезөкшелер сайтына тап болдық. Мұнда теңгеге сатылуға даяр қыздардың ғана емес, жігіттердің де көптігі, тіпті транссексуалдардың табылатындығы бізді таңқалдырды. Әрқайсысы өзі туралы жеке-жеке мәлімет беріпті. Жалаңаш мүсінін жұртқа жария қылып, көруге көз шыдамайтын түрлі ұятты фотоларымен қоса бойы, салмағы, ұлты, тұратын қаласы, көрсететін қызметтері туралы да тәптіштеп жазыпты. Телефон нөмірлері де бар. Аталған сайт арқылы жыныстық қызмет көрсетушілерді қай қаладан болса да табуға болатынын түсіндік.

 

Иә, жезөкшелікпен айналысып жүрген жігіттер де бар екен. Расында да, ақысын төлесең, өз қызметін ұсынуға даяр ер-азаматтар жетерлік секілді. Дені 21-40 жас аралығындағылар. Әлгі сайтта олар өздерін жақсылап тұрып жарнамалапты. Дей тұрғанмен бұлардың белгіленген бағалары да әр түрлі екен. Мәселен, Шыңғыс есімді 22 жастағы қазақ жігіті клиентті өз үйінде қабылдаса, сағатына 15 мың теңге, ал шақыртумен баратын болса 20 мың теңге алатынын, сондай-ақ клубтар мен мейрамханаларда кеш бойы бірге уақыт өткізу 50 мың теңге шамасында болатынын жазған.

 

22 жастағы Мараттың да қызметі үшін алатын ақшасы аз емес. Ол клиенттерге небәрі бір сағат уақытын бөліп, 35 мың мен 50 мың теңге аралығындағы ақыны оп-оңай қалтаға басады екен. Ал онымен сауық кешіне бірге барғысы келетін жандар 250 мың теңгесін қиюы тиіс.

 

Осы сайттағы өзін Дони деп көрсеткен қазақ жігіті де 26 жаста. Оның қызметі басқалардан едәуір арзан, яғни 1 сағатқа небәрі 5 мың теңге белгілепті. Сол секілді Аслан есімді тағы бір азаматқа клиенттер сауық кешінде бастан-аяқ онымен бірге болу үшін 60 мың теңге, ал интим қызметі үшін сағатына 15 мың теңге төлеуі керек екен.

 

Тепсе темір үзетін жастарымыздың мынау тірлігін неге жоруды білмедік. Дегенмен тәнін сатып ақша табудағы мақсаттарын олардың өз ауыздарынан білгіміз келген. Сұхбаттасқымыз келіп, біз телефон шалған бір-екі жігіт ә дегеннен бас тартты. Жақтырмаған сыңай танытып, өздері туралы жақ ашпады.

 

Бір қызығы, бұлардың барлығы тек қыздар қауымын ғана емес, ерлі-зайыптыларды да, сондай-ақ ерлерді де қабылдауға қарсы емес. Өз жарнамаларында солай депті. Мұны біз тексеріп көргіміз келді. Сайтта жалаңаш суреті тұрған Әли есімді 25 жастағы жігітке қоңырау шалдық. Ол үшін өтірік әңгіме құрастыруға тура келді. Біз одан 56 жастағы ер адамға қызмет көрсетуін сұрадық. «Ол кісінің өзі ғаламторды қолдана білмейді, жақын адам еді», – деп жақаураттық. Ол да жылы сөйлей бастады.

 

– Массаж керек пе, әлде...

 

– Тек массаж ғана емес енді...

 

– «Выезд» 15 мың мен 25 мыңның аралығында болады. «Районына» байланысты.

 

– Қанша сағат?

 

– 1,5-2 сағаттан көп болады. Үш сағат­қа дейін болуы мүмкін. Бірақ бағасы сол қалпы қалады.

 

– Медициналық анықтамаңыз бар ма?

 

– Иә, барлығы бар. Мен өзім медицина саласында жұмыс істеймін. 2-3 ай са­йын тексеріліп тұрамын. Ол жағынан алаңдамауға болады.

 

– Бұл жерде сіздің күніне қанша адамға қызмет көрсететініңіз де маңызды болып тұр...

 

– Мен көбіне әйел адамдарға массаж жасауға барамын.

 

– Сонда тек қана массаж ба?

 

– 90 пайызында солай...

 

– Ол кісіге тек массаж ғана емес, интим қызмет те керек...

 

– Ол жағы болады, әрине. Енді сәл тәжірибем аздау, өйткені бұл сайтқа жақында ғана, ойламаған жерден тіркелдім.

 

– Енді бұл үлкен кісі, 56 жаста, жасы маңызды емес қой.

 

– Маңызды емес.

 

– Ол кісінің кез келген қалауын орындай аласыз ғой?

 

– Иә, иә.

 

Ақырында қаладан шатасқан болып, әңгімемізді аяқтадық.

 

Бұдан кейін тағы да бір тексеру жүргіздік. Бұл жігіттердің «қызмет көр­сетуді» сұраған, жасы 50-ге жуықтаған әйелдерді қалай қабылдайтынын білгіміз келді. Өзінің жасын 20-да деп көрсеткен Аян есімді жігітке қоңырау шалдық.

 

«Жасына қарамаймыз, ақшасын төлесе болды», – деген ол сағатына 20 мың теңге ақы алатынын да қоса айтты. Кездесудің қай уақытқа ыңғайлы болатынын сұрадық. «В любое время», – деген жауабынан-ақ оның бас­қа жұмыс істемейтінін түсіну қиын емес еді.

 

«Егер өзіне шақырса қымбаттау болады, ол кезде 30 мыңға түседі», – деп тәптіштеді ол ары қарай. Тағы да сөйлеткіміз келіп: «Сонда ол әйелдің жасы да, түр-сымбаты да маңызды емес пе?» – деп сұрадық. «Ойбай, түрі керек емес маған, ақшасы керек. Маған бәрібір. Келіссек болды, барам ғой», – дейді ол. Көбірек ақпарат білгіміз келіп: «Ол әйел сізді өзіне шақырғысы келеді, бірақ 30 мың емес, 10 мыңға бір түнге келесіз бе?» – дедік жұқалап. «А-а, жоқ... Мен 10 мың теңге үшін ол жерде таңға дейін жата алмайды екенмін. Егер келіссе, бір рет... болады. Соның өзіне жарты сағат уақыт кетеді ғой... Жарайды, өзі ойлана жатар», – деді әлгі жігіт тұтқаны қоюға асығып. Біздің Аянмен болған әңгімеміз осы жерден тәмамдалды.

 

Жап-жас жігіт кімге болса да, қайда болса да қызмет көрсетуге даяр екенін байқатты. Байқағанымыздай, ол үшін ақыға жыныстық қызмет көрсетудің еш әбестігі болмай тұр. Мұны біз жігіттер осындай іспен айналысса, демек, оған сұраныстың болғаны деп түсіндік. Оны әлгі сайттағы жыпырлаған «саудагер­лердің» санынан-ақ байқауға болады. Еліміздегі арқа сүйейміз деп сеніп жүрген кей жігіттеріміздің сықпыты осындай болып тұрғаны қандай өкінішті...

 

М. ШЫНҰЗАҚ.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста