Жанұясын ойламайтын әйелдің қылығынан қатты шаршадым

Жанұясын ойламайтын әйелдің қылығынан қатты шаршадым

Менің жасым 31-де, батыстың баласымын. Нақты туып-өскен жерім – Ақтау қаласы. Мен бір қызды қатты ұнаттым, ессіз сүйдім. Тіпті оны құлай сүйгенім соншалық - ол үшін бәріне де дайын болдым. Енді мұны басынан бастап айтып берейін. 

Осыдан 5-6 жыл бұрын алматылық қызбен таныстым. Ол Ақтау қаласына демалуға келген екен. Онымен жиі кездесіп жүріп, бірте-бірте ұната бастадым. Кейін тіптен жақсы көріп кеттім. Оған бауыр басқаным соншалық - Алматыға кетерде қимай қоштастық. Кейін хат жазысып, бір-екі рет кездесіп, арада екі жыл өткенде үйленуге бел байладық. Екі жақта да дүркіретіп той өтті. Той өткен соң әйелім Алматыда тұрайық деп қылқылдай бастады, бірақ оған туыстарым көнген жоқ. Ол төсекте жатқанда ылғи Алматының жақсы жақтарын айтып, мені қызықтырып отырды. "Онда тез өсіп, көтерілуге болады, екеуміздің, балаларымыздың болашағы үшін сонда барайық" деген соң, мен көніп қалдым. Тіпті Алматыда тұруға сөз беріп қойдым. Өйткені ұнатқан адамыңмен бірге өмір кешу мен үшін ең маңызды іс болып табылады. Той біткен соң ауылда екі-үш ай болып, ата-анам мен бауырларымды көндіріп, олардың рұқсатымен жарым екеуміз Алматыға кеттік. Бірақ кейбір ағайындарым: «оларды қалаға неге жібересің?!» деп ата-анамды бізге қарсы қойып отырды. Ал таңдаған әйелім басында «Алматыда саған бәрі болады, мен сендікпін, екеуміз бірге күн кешеміз, басқаларда шаруамыз болмайды, Ақтауға шама келсе, жылына екі рет барып тұрамыз» деген болатын. Бірақ Алматыға келген соң бір ай өміріміз жақсы өтті. Кейін келіншегім дос қыздарымен қыдыратынды шығарды. Мен көбіне жұмыста боламын, ал ол жұмыстан қолы босай қалса, әсіресе сенбі-жексенбі күндері «ананың туған күні, коллективтің отырысы болады» деп сылтауратып үнемі қыдыратын болды. Ондай отырыстарға бірге барайық десем, «ол жерде тек қыздар болады» деп мені ертпей, «көп кешікпей келемге» салатын болды. Бір емес, екі емес, мен де еркек емеспін бе, айтқанымды істеткім келеді. Сосын ондай отырыстарға жібермеуге тырыстым. Ондай кезде үйде ұрыс басталады, тіпті ол мені «ауылский, мамбет» деп сөгетінді шығарды. Тіпті қыдыруға шығатын кезде мен есікті іштен кілттеп тастап, үйден шығармайтын жағдайға жеттім. Одан кейін ол үйге келмей, жұмыстан соң бірден қыдыруға кетуді шығарды. Есіне түссем, телефонмен хабарласып, үйге кеш баратынын айта салады, тіпті қоңырау шалмайтын да болды. Осындай кезде өзімді қатты жалғыз сезіндім. Туған жерімде басқа қыз құрып қалғандай, алматылық қызға үйленгеніме іштей өкініп жүрдім. Бір шүйкебастың айтқанын істеп, Алматыға келгеніме де нали бастадым. Тіпті дос қыздарымен үйге келіп, маған жабылатын болды. Бәрі отырып алып, мені жерден алып, жерге салады. "Онда тұрған не бар екен, біз тек көңіл көтеріп отырамыз, ананың-мынаның туған күні, сен тырыспай, әйеліңді ондай кештерге жіберіп тұр" деп айтады. Ол менің Құдай қосқан жарым емес пе? Мен оны неге жіберуім керек? Ол, біріншіден, достарының, ұжымның емес, менің жағдайымды ойлауы тиіс емес пе? Біз бірге болуға уәде бердік қой. Әйелің қыдырымпаз деген сөз кімге жақсы? Біз не болса да бәрін - қуанышты да, қайғыны да бірге көтеруге тиіс емеспіз бе? Мен сол үшін елімді тастап келдім ғой. Кейде әйелімнің осында қылығына қатты ашуым келіп, ұрып-ақ жібергім келіп тұрады. Бірақ бір үйреніп алсам, ұрысқан сайын ұру әдетке айналып кете ме деп қорқамын. Анам «кім әйелін ұратын болса, кейін ол әдетке айналып кетеді» деп айтып отырушы еді. Сондықтан ұлдарының бәрі қасында отырғанда, «мені сыйласаңдар, келіншектеріңе қол көтермеңдер» дейтін.

Осылай арада біраз уақыт өткенде нәрестелі болдым. Қызды болдым. Енді баламен үйде отырып, қыдыруды қоятын шығар десем, олай болмады. Әйелім бір жыл үйде болды да, бала күтуші жалдап, ақша табу үшін қайта жұмысқа шығып кетті. Содан той-томалақ қууды тағы бастады. Қай жерге шақырса да, қалмайды. Тіпті: «Сенімен бірге омалып үйде отыра алмаймын, отырсаң, өзің отыр! Егер қаламасаң, үйден кет!» дейтінді шығарды. Бірде үйде қатты ұрыс болғанда, ашуым басылсын деп далаға шығып кетіп қайта келсем, киімдерімнің бәрін жинап, «кет үйіңе, мен сендей адаммен тұрғым келмейді» деді. Намыстан өртеніп кете жаздадым. Егер алысатын адамым еркек болғанда, тап сол жерде жеп қояр едім. Әттең, қыз бала ғой. Оның үстіне, баяғыда «әйелін төркініне апарып тастапты, әйелін қуып жіберіпті» дегенді естуші едім, бірақ ерін қуу деген не деген сұмдық?! Еркек бола тұрып, оны да басымнан өткердім. Содан ешқандай жүктерімді алмастан, бәрін тастап, ауылға кеттім. Үйдегілерге не бетімді айтамын, қатыным үйден қуып жіберді дейім бе? Содан не керек, "Алматыда айлық аз, жалақысы жоғары жұмысқа орналасу үшін ауылға қайта келдім" деп ата-анам, бауырларымды алдап, жұмысқа орналастым. Арада көп уақыт өтпей, қызымды қатты сағындым. Достарым «Қызың үшін қайта қосыл, отбасыңды ойрандама» деп ақыл айтып жатты. Арада бес ай өткенде қоңырау шалып, «сені сағындым, бұдан былай айтқаныңды екі етпеймін, сенімен бірге боламын, баратын жеріме тек бірге баратын боламыз» деп қоярда қоймай қайта шақырды. Тіпті анама да телефон соғып, «Тимурды қайтарыңызшы, онда істеп жүрген жұмыс осы жақтан да табылады» депті. Қай ана баласына жамандық ойлайды дейсің. Анам да менің отбасыммен бірге болғанымды қалап, Алматыға баруға көндірді. Тағы да бір-екі ай жақсы өмір кештік, одан кейін баяғы әніне қайта басты. Керек кезінде жылап шақырып алады, керек емес кезінде үйден қуады. Қазір әйеліммен ұрысқан кезде ауылға баруға ұялып, Алматыдан пәтер жалдап алатын болдым. Шынымды айтсам, жанұясын ойламайтын әйелдің қылығынан қатты шаршадым. Кейде бәрін тастап, қаңғыбас әйелден ажырасқым келеді. Бірақ үш жастағы періште қызымды қимаймын. Не істесем болады, не ақыл қосасыздар, ойлы оқырман?!.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста