​«Жалғыз келінім өз үйіме сыйдырмай отыр»: түркістандық әйел басынан өткен аянышты жағдайды баяндап берді

​«Жалғыз келінім өз үйіме сыйдырмай отыр»: түркістандық әйел басынан өткен аянышты жағдайды баяндап берді

«Жолдасым екеуміздің ауылда азық-түлік сататын үлкен дүкеніміз бар еді. Сол ауылдың «менмін» деген табысты адамдары болдық. Күйеуім бала күнінен мүгедек, бір аяғы протез-тұғын. Соның күйігінен ішімдікке үйір болып шықты. Сонда да сыртқа күйігімді білдірмей, отбасымның түтінін түтетіп, мүгедек күйеуден бір ұл, бір қыз таптым. Оларды қатарының алды етіп өсіріп, тәрбиелеп, жоғары білім әпердік. Бірақ балам университетті бітірер жылы күйеуім арақтан уланып қайтыс болды». Осылай деп Зәуре ханым ERNUR.KZ тілшісіне ағынан жарылды.

«Әкесінің жылдық асын өткізген соң балам «үйленемін» деді. Бір түйір ұлым үйленемін дегенде төбем көкке бір елі жетпей қалған. «Менің де бір жарқырайтын кезім келді-ау, баламның басы екеу болды» деп бір күліп, бір жылап, жұрттан сүйінші сұраған күнім кешегідей көз алдымда. Балам қаладан өзімен бірге оқитын қызды алып қашып, келін етті. Ағайын-туғанды жинап, дүркіретіп той жасадым. Келініме қызымдай қарап, бүкіл шаруаны, тіпті дүкеннің жұмысын да келін мен балаға өткіздім. Келініме «маған топырлатып немере туып бер, мен соны бағып, әже болып отырайын» дегенмін. Солай болды, келінім жылма-жыл үш немере сыйлап, қуанышқа кенелтті. Сөйтіп жүргенде қызым да тұрмысқа шықты. Бірақ күйеу баламыз балалар үйінде жетім өскен екен. Қалада пәтер жалдап тұрады. Жалдамалы жұмысшы. Екеуі үй болып кетсін, ішіп-жемнен деп қыдырып келген сайын дүкеннен дорба-дорба азық-түлік салып беремін. Анда-санда, пенсиямды алған кезде ауылдан жіліктеп ет әперемін. Құдйға шүкір, жағдайымыз жақсы ғой. Жалғыз қызымнан немді аяйын?

Осы қылығым жалғыз келініме ұнамады. Бастапқыда қызым қыдырып келгенде тырысып-бүрісіп, сөйлемей қалатын. Кейіннен ұрыс шығаратын болды. «Мына үйдің бәрін көшіріп, қызыңызға апарып берсеңізші. Бізге дүние керек емес пе? Жетім күйеу балаңыз отбасын асырай алмаса, шамасына қарап үйленбей ме?!» дейтін болды. «Әй, қой, жетімдікті ешкімнің басына бермесін. Ұлың тұр, қызың тұр, күпірлік қылма! Аш-жалаңаш емессің, пейіліңді тарылтпа!» деп талай мәрте айттым. Бірақ ұғар емес.

«Сіз қызыңызға берсеңіз, мен де төркініме беремін деп, төркініне менен асырып тұрып дүние тасиды. Аптасына бір төркініне қыдырмаса басы ауырады. Осындай-осындай майда-шүйде реніштің соңы үлкен дауға айналып, үйде жанжал орын алды. Сосын қызым «Мама, бізбен бірге қалаға жүріңіз, бұлар сіздің қадіріңізді білсін. Мен босанғалы отырмын. Менің жанымда болыңызшы» деп қалаға әкетіп қалды. Бір қынжылатыным, балам «Мама, мына шаңырақтың иесі өзіңіз ғой, ешқайда кетпеңіз» демеді. «Қалада да тұрып көрсеңізші» деп шығарып салды. Қайтейін?!.

Міне, биыл үшінші жыл болды, қаладамын. Қызым босанып, баласын бақшаға берген. Үйдің жанынан бір дүкенді жалға алып, екеуміз сауда істеп жатырмыз. Күйеу бала да бір дөкейдің шопыры. Үшеулеп жүріп бір үй алсақ деген ниеттеміз. Ол күн де жақындап қалған сияқты.

Бірақ жанымды жегідей жеп жүрген нәрсе – келінім екеуміздің қарым-қатынасымыз. Арамыз әлі де жақсы емес. «Немерелеріңіз сізді сағынды, қалаға барамын деп жатыр» деп топырлатып жібереді. Олар қаладағы дүкеннің заттарын қалағанынша жеп, жемегенін лақтырып, қызымның берекесін қашырады. Ал мен қызымның баласын ауылға апарайын десем «Келем десеңіз жалғыз келіңіз, екі үйдің балалары қосылса мына үй қора боп кетеді» деп жолатпайды. Келінімнің мұндай қылығын түсіне алмай-ақ қойдым. Көп болса мейлі, бір-ақ қыз ғой. Жеңге болып, көңілін тауып, қуантып қояйын деуді білмейді. Аралары жыл өткен сайын суып барады.

Бұрындары «құрысыншы, таспен ұрғанды аспен ұр деген, ертең өлсем көметін осы бала мен келін ғой» деп мерекелерде келініме сыйлық жасап, туған күніне арнайы барып құттықтайтынмын. Былтыр жетпіске толып, ағайын-туғанға кішігірім той жасадым. Сонда келінім «Төркінімде сіңлім ұл той жасап жатыр, соған баруым керек» деп келмей қойды. Кейін де келіп, «Апа, туған күніңізбен. Мен келе алмадым, мынау сізге» деп Құдайдың бір орамалын жабуға жарамады ғой. Осыдан кейін не деуге болады? Ауылдағы үйімнің әр кірпіші, ішіндегі әрбір заты, дүкеннің әр бұрышы мен үшін қымбат. Соны кезінде күйеуім екеуміз қалай жинадық десейші. Соны қиып, тастап кете салу маған оңай болмай тұр, қарағым.

О баста еркелетіп, қызымдай көремін, жалғыз келінім ғой деп бетінен қақпағаным қазір өзіме кесірін тигізіп жатыр-ау. Балам да жуас қой, әйелінің айтқанына шыға алмай отыр. Сондықтан өзімнен кейінгі сіңлілеріме, замандастарыма лажы болса жас келінге билікті бірден ұстата салмай, келінді келін жөнімен тәрбиелеу керек екен дегім келеді».

Иә, қазақта «баланы – жастан, әйелді – бастан» деген сөз бар. Әркім отбасындағы өз орнын, өз рөлін білгенде ғана шаңырақтың шырқы бұзылмайды. Осыны естен шығармаған жөн шығар... Сіздіңше қалай, оқырман?

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста