Үш байдан шыққан бедеу əйел болып қала бердім...

Менің жасым 24-те, мен үйдің ерке қызы болып өстім. Былай айтқанда ақ дегенім алғыс, қара дегенім қарғыс болды. 18 жасымда мені алып қашты. Ол адамды мен жақсы танитынмын 1.5 жыл артымнан жүгіріп жүрді. Мен тек оны мазақ қылатынмын. Содан той болды дүркіреген. Елдің бəрінің аузында "пəленшенің қызы озды бəрінен" деген сөздер болды.

Той бітіп күнделікті күйбең тіршілік басталып кетті. Енем қатаңдау болып мені тез жөнге салды. Көп нәрсеге үйретті. Күйеуім асты үстіме түсіп бар жағдайымды жасап жүрді. Содан 6 ай өтер өтпестен бəрінен жалығып əкеме кетемге салатын болдым. Ақыры кетіп тындым.

Əке шеше айтқанын тыңдамай Астанаға жол тарттым. Жұмыс істеп күндер, жылдар өте берді. Содан жалғыз өмір сүруден шаршап бір Астаналық жігітке тұрмысқа шықтым. Онымен екі ай турар тұрмастан өмірімде алғаш рет ғашық болдым. Əрине ол күйеуім емес еді. Өзімнен 12 жас үлкен Ақмола облысының жігіті. Мен армандаған жігіт сол еді. Содан оған тұрмыста екенімді айтпай өтірік айттым. 1 айдан кейін аяғым ауыр екенін білдім. Маған ауыр соққы болды. Ол жігіт екеміздің арамызда жақын қарым-қатынас болмаған еді. Содан күйеуіме де ешкімге де айтпай жасанды түсік жасаттым.

Арада тағы 2 ай өтер өтпестен күйеуіммен ақылдаспастан ажырасуға арыз бердім. Оның сүйем куйем кінә менен болса түзелем дегеніне қарамастан тастап кете бардым. Араға 1.5 ай салып маган Берік ұсыныс жасады, мен еш ойланбастан иə деп жауап бердім. Содан оның тұратын жеріне бардық. Əке-шешесі көпті көрген улкен ауылына сыйлы адамдар екен. Олар тойдан еш жерін кем болмайтындай 300 адамға құдалық жасады. Менің бақытты күндерім басталды. Қызынан кем көрмейтін ата-ене, мен дегенде ішкен асын жерге қоятын өзімнің Берігім əрқашан мені қолдап жүрді.

Содан мен гинекологқа қаралған ол менің бала көтере алмайтынымды, аборт кезінде жатырды толық тазалап тастағанын айтты. Мен оны қиын да болса Берікке айттым. Ол біраз үнсіз отырып " маған сен жанымда болсаң болды, ал баланы асырап аламыз" деді. Менің қуанышымда шек болмады. Дегенмен өтіріктің құйрығы бірақ тұтам деген қазақтың сөзі дәл менің алдымнан шықты. Беріктің біраз жыл бұрын істеген жолдастары бас қоспақ болды. Ол жерде кім болды дейсіздер ғой, иə, менің екінші күйеуім. Менің төбемнен тас түскендей болды. Ақыры Берік бар шындықты естіді. Ол сосын маған жылап тұрып мына сөздерді айтты "Жаным, ботам ау неге маған сол кезде айтпадың, мен саған өткенің қызықтырмайды деп 100 рет айттым ғой. Сенің мені алдағаның маған соққы болды. Өтірікпен басталған өмір өмір емес, мен егер сенің өз аузыңнан естісем кешіретін едім, бірақ бұл жағдайда менен кешірім күтпе" деді да мені тастап кете барды. Сомен кеше яғни 29.07.2017 жылы біз ажырастық. Ол менімен тіпті сөйлескенде жоқ.

Түйін
Мен енді ғана адамдардың өмірімен ойнағанымды, тек өзімді ойлап олардың көз жасына да қарамағанымды түсіндім. Өкініш өзегімді өртеп, қолдан келер қайран жоқ шарасыз күйде қалдым. Өмірде ешкім емес екенімді енді ғана түсіндім. Аяғында əке-шешем қара бет болды, ал мен 3 байдан шыққан бедеу əйел болып қалдым. Ал жасым бар болғаны 24-те ғана.

Қыздарға айтарым: бірінші бақ бақ, екінші бақ бейбақ, үшінші бақ сор бақ деген рас екен. Егер тұрмыста болсаңыздар қандайда болмасын күйеулеріңізді бағалаңыздар, əке-шеше, ата-ене ағайын туыстың абыройын бірінші орынға қойыңыздар. Мен сияқты өзімшіл бейбақ болмаңыздар. Ол жақсылыққа əкелмейді.

P.S: Бұны жазған себебім менің тағдырымды қайталап жүрген ер азамат, не болмаса айел адам болсада кеш болмай, қу тізесін құшақтап қалмай тұрғанда уақытында есін жисын дегенім. Аяғына дейін оқығандар болса рахмет...

Осы болып жатқан сәтті бағалаңыздар себебі ол қайта келмейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста