Соңғы кездері туыстарынан түрлі сексуалды қысым көргендерді жиі естіп жүрміз. Олардың көбі бастан өткергендерін жақындарына айтуға жасқанады.
Солардың бірі Шу қаласының 19 жастағы тұрғыны. Ол нағашы атасының сұмдық әрекетін Instagram әлеуметтік желісіндегі @kutpedim парақшасына жазған.
«Жасым - 19-да. Шу қаласында тұрамын. Осында оқимын. Осы жазда нағашымның ауылына бардым.
Тамақтанып боп, түсте дастархан жиегіндегі көрпешеге ұйықтап қалдым. Бір кезде төсімді әлдекім ұстап жатқанын сездім. Көзімді ашуға қорықтым. Дереу теріс қарап, жаттым. Ашпадым көзімді. Сосын біраз жаттым да ояндым. Қарасам төбе жағымда нағашы атам ұйықтап жатыр. Арақтың иісі мүңкіп тұр.
Бұрын қатты жақсы көруші ем. Ауылға барғанда құшақтаушы ем. Енді жиіркенемін. Анама ештеңе айта алмадым. Не деймін? Сіздің әкеңіз төсімді ұстады дейін бе? Сосын үлкен айқай шығады ғой. Ақылдарыңызды айтыңыздаршы?», - деп жазды бойжеткен.