Үйленбек болған қызым өзімнің туған әпкем болып шықты...

Құрметті "Алаш айнасы" порталының оқырмандары! Менің басыма салған жағдайды ешкімге бермесе екен деп тілеймін! Жұртшылыққа ой салар тағдырымды ойлап кетсем жаным түршігеді, ұяттан өртеніп жерге кіріп кете жаздаймын!

Мен Ақмола облысында тұрамын. Ата-анамның сүт кенжесімін. Шағын фирмада экспедитор болып жұмыс істеймін. Мектепті бітіргеннен соң оқуға түсе алмадым. Екі қолға бір жұмыс деп ауылда ұсақ-түйек жұмыстар істедім. Кейіннен әскер қатарына алындым. Әскери борышымды өтеп, аудан орталығында жүргізуші болып жұмыс істедім. Осылайша барлық жас жігіттер сияқты анда-санда қыдырып, қыз-қырқын жолын аңдып өмірім өтіп жатты. Қаншама қызбен кездессем де жүрегімді жаулап алатын сұлуымды кездестірмедім. Махаббат кездесуіміз бір-екі кездесуден соң әріге бармай қалатын еді.

Ағамның айтуымен Көкшетау қаласындағы жоғарғы оқу орнына сырттай бөлімге құжатымды тапсырып, ақылы бөлімге түстім. Жыл сайын екі рет сессияға барып тұрамын. Келесі бір сессияға барған уақытымда аялдамада еліктің лағындай сүйкімді Жанар есімді қызбен таныстым. Жанар да «Психология» факультетінің сырттай бөлімінде оқиды екен. Өзі ауруханада медбике. Менен екі жас үлкендігі бар. Махаббат жасқа қарасын ба ол туралы басымды ауыртқан да емеспін. Бір ай сессия көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Жанар екеуіміздің достығымыз махаббатқа ұласты. Бір-бірімізді көре алмасақ тұра алмайтындай болып бір-бірімізге бауыр басып кеттік. Сабақтан соң саябаққа барып қыдырып, кино көріп көшеде қол ұстасып сыртымыздан қараған адам қызығатындай жұп болдық.

Уақытша қимай қоштастық. Мен аудан орталығына барып бірден жұмыстан шығып, үйдегілерге Көкшетауға кететінімді айттым. Көкшетауда тұратын туған ағам жұмыс та тауып берді. Ағамның үйінде тұрамын, күнде кешкісін Жанарды көруге асығып сүйіктім тұратын шағын ауданға тартамын. Өмірімде сезімімді жаулаған өзіне ерекше баулап ынтық еткен осындай қызды кездестірген емеспін. Қылығы да ісі де сүйкімді. Барлығы өзіне жарасады. Бойынан бір мін таппадым. Жанарды көрген сайын жүрегім алып-ұшып тек қасымда болса екен армандадым. Үш айдан соң Жанарға үйлену туралы ұсыныс жасадым. Жанар да қарсылық танытпады. Жалғыз шешесі ғана бар екен. Әкесі ертеректе қайтыс болыпты. Отбасының жағдайына қарайтын мен емес, мені тек сүйіктімнің "иә" деген жауабы қанағаттандырды. Ақылдаса келіп Жанар Көкшетаудан ары шалғайдағы ауылына кетті. Ал, мен болсам әке-шешем мен ағаларыма «дайындықтарыңды бастаңдар» деп қуана жар салдым. Жанар маған телефон арқылы құдалық жорасының белгіленген күнін ескертті. Ауылдан алып-ұшып бар-жоқтысын жинап ата-анам келді. Осылайша менің болашақ «қалыңдығымның» ауылына аға-жеңгем, ата-анам және мен жол тарттық.

Жүйткіген көлік менің «қайын жұртыма» лезде жеткізді. Ауылдастарынан сұрай жүріп Жанардың да үйін таптық-ау. Құда келеді деп абыр-сабыр жүгіріп жүрген ағайын-туыстары қарсы алды. Үйге кірген бетте бізді көрген Жанардың анасының түрі өзгеріп, жүрек талмасы ұстап қалды. Қызының үйінен алысқа кететінін сезіп қобалжып тұрған болар деп дәрігер шақырттық. Улап-шулап жүрген ағайындар «қыз - жат жұрттық», «қыз - қонақ», «қыз-дәнекер» деп Жанардың анасын жұбатып жатыр. Әкеме қарасам үнсіз басын жерге салбыратып диванда отыр. Ештемені түсінбейміз. Бізді дастарханға отырғызып асты-үстімізге түсіп күтіп жатыр. Тек, Жанардың анасы дастархан басына келмей төргі бөлмеде жатыр. Жанар анасының қасында. Біраз уақыттан соң Жанардың анасы әкемді төргі бөлмеге шақыртты. Олар ұзақ әңгімелесті. Арасында төргі бөлмеге елеңдеп дастарханнан дәм татып отыра бердік. Құда мен құдағидың балалар болашағы үшін ақылдасқан кеңесі болар деп анам мен ағамның да ойында еш күдік жоқ. Біраздан соң төргі бөлмеден «тірі өлік» болып әкем шықты. Әкем көп сөйлемейтін мінезі тік жан еді. Бірден «екі жас үйленбейсіңдер!», деді. Ештемені ұқпаған анам шыр-пыр. Мен Жанарға Жанар маған қарайды. Күтпеген тосын жағдай.

Сонымен, бар құпия ашылды. Жанар - менің әпкем. Барлық сыр әкемнің осыдан жиырма бес жыл бұрын жасаған өмірлік қателігінде екен. Жанардың анасымен әкем танысып, біраз қыз бен жігіт болған секілді. Кейіннен менің әкем Жанардың анасын тастап кеткен. Ал, Жанардың анасының құрсағында кішкентай сәби қалған. Әкем одан еш хабарсыз. Жанардың анасын тастап кеткеннен соң бір жылдан кейін әкем менің анама үйленіпті. Ал Жанардың анасы туралы да әкем ештеме білмеген де іздемеген. Жасы елуден асқанда әкеме мен үлкен сый жасап тұңғыш қызын тауып бердім. Жанардың анасы сол күйі тұрмысқа шықпай «әкең бала кезіңде қайтыс болған» деп келген екен. Осы құпия ашылғанда менің сол кездегі жағдайымды айтып-жеткізу өте ауыр. Әкем Жанардан, балаларынан кешірім сұрап еңкілдеп жылады. Ұяттан өртеніп, өзімді жек көріп, тағдырма налып, әкеме деген үлкен реніш пайда болды. Сол уақытта әкемді көргім де атын естігім де келмей кетті. Сол құдалық ақыры жылап-сықтау, ұрыс-керіс, қимастықпен аяқталды. Кейіннен анамның ақылымен ойланып-толғанып барлығын қалай сол күйі қабылдауға тырыстым. Сезімнің аты – сезім, бірден өшіру мүмкін емес. Барлық қыздармен кездескен сайын Жанармен салыстырып тұрамын. Барлығының бойынан Жанарға тән ұқсастық іздегендеймін. Қазір де әкем қызымен араласып тұрады. Мен кездеспеуге және ол туралы әңгіме қозғамауға, естімеуге тырысамын. Кездескенде не деймін, ұяттан өртен дейсіз бе? Барлығы тез ұмыт болса екен деп те армандаймын. Сол үшін де жылдам жаңа махаббатымды кездестіргім келеді. Басқа қолдан келер шара жоқ. Ұят та болса айтайын ең қуантатыны – Жанар екеуіміздің сүйісуден ары «қимылға» бармағандығымыз. Егер солай болса мен өзіме қол салуға даяр едім. Алла бізді сақтандырып, екеуіміздің кездесуімізді Жанардың әкесін табуға шиеленістіріп тұрды ма деп те ойлаймын. Қазақта «тегін білу - тектілік» деп жатады ғой, бас салып үйленемін деп есің кетіп ғашық болмастан бұрын сүйіктіңнің тегіне мән беру керек екен. Менің тағдырым осы, қалғанына төреші өзің - оқырман!

Саят Сайдалин, Ақмола облысы
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста