Сәлеметсіздер ме, нәзікжандылар, құрметті қауым... Сіздермен сырымды бөлісейін деп едім. Өзім тұрмыстамын. Жасым 24-те. Күйеуім екеуміз бір-бірімізді сүйіп қосыллдық, қызымыз бар шүкір, бақыттымыз. Күйеуіммен, оның туыстарымен арамыз жақсы. Оны жақсы көремін. Басқа да ойым болған емес, болмайды да. Бірақ неге екенін білмеймін, түсімде үнемі басқа жігіттерді көремін. Бірақ оларды танымаймын, ондай адам көрген де емеспін. Соңғы сəттерде осындай үсерді көп көріп жүрмін. Түсімде олар маған ғашық, болмаса мен оларға ғашықпын, сөз айтып жатқан, мені сүйіп аймалаған неше түрлі басқа жігіттерді көремін. Əр түсімде бөлек-бөлек жігіт. Осындай жағдайды естігендеріңіз болса бөлісе отырсаңыздар. Артық сөз қажет емес. Күйеуімді жақсы көремін. Адалмын оған. Рахмет.
Аноним