Тұрмысқа шыққасын не өзгереді?

«Мен екі рет тұрмысқа шыққанмын. Бірінші күйеуіммен алты ай тұрдым, ішетін еді, кейін ажырастық. Екінші күйеуім құмар ойындарына салынып кетті. Үйде техника, алтын, ештеңе қалмады. Мені алдап екі мәрте несие алдырды. Оны төледім. Қысқасы, ақырында онымен де ажырасып кеттім. Енді бірінші күйеуім қайтадан келіп, «қайта қосылайық» деп жүр. Ойланып қалдым. «Үшінші мәрте тұрмысқа шығыпты» деген «атақтан» гөрі «бірінші күйеуімен қайта қосылыпты» деген абыройлы сияқты ма? Ақылыңызды айтыңызшы», – депті бір келіншек. 

Тұрмыс құрғаннан кейін сы­нақтар еселене түседі. Өз «кармаңа» күйеуіңдікі қосылады. Бұрын өзіңе ғана жауап берсең, енді екі адамға жауап бересің. 

Бізді сынағанда жақындарымыз, күйеуіміз арқылы сынайды. Ауыр сөзді де біз жақындарымыздан естиміз. Бұл – осындай заңдылық. Қабылдау, мойынсұну керек. Күйеуге ешкім мәжбүрлеп қоспайды. Өзің таңдайсың, ықтия­рыңмен қосыласың. 

Қыз бен жігіт болып жүру басқа, бірге өмір сүру мүлдем басқа. Бір жерлерінде өзіңді сындыруға, белгілі бір принцип­теріңнен айнуға, күйеуіңе бағынуға, сөзін тыңдауға тура келеді. 

Бәрі сен ойлағандай бола бермейді. Бір кезде раушан сыйласа, бір кезде тікенектерін де батырып алады. Бірақ бәрібір тұрмыс құрған әйелдің ажырасқан, тұрмысқа шықпаған қыздардан статусы жоғары. Қанша қиындық көрсең де отбасылық өмір – ең керемет өмір. Шыңдаласың. Өсесің. Өнесің. Сен бәрібір сүйіктісің. 

Сондықтан, тұрмыс құрмаған және құрайын деп жүрген қыздар, мықтап ойланып алыңыздар. Кімге тұрмысқа шығайын деп жүрсіздер? Толық қабылдай аласыздар ма? 

Бойдақ кезінде көрсетпеген қылығын кейін көрсетсе төзесіздер ме, тағдырға мойынсұнасыздар ма? Егер «Жоқ!» десеңіз, онда бұл махаббат емес. Сіз күйеуі­ңіздің белгілі бір әрекет­теріне ғана ғашық болдыңыз. Сіз оған тұлға деп қарамадыңыз. 

Хат иесіне айтарым, кішкене аялдаңыз. 126 күйеуге тисеңіз де елдің ештеңесі кетпейді. Өзіңіз сорлайсыз. Сіз қазір не істеп, не қойғаныңызды білмей алас­ұрып жүрсіз. Қанша ішті дегенмен де бірінші күйеуіңізді сатып кеттіңіз. Екіншісіне де тоқтамадыңыз. Сіздің бойыңызда кете салу, ажыраса салу деген «тәбет» қалыптасып келеді. 

Тоқтаңыз. Тазаланыңыз. Сұраңыз. Неліктен сізге мұндай адамдар жіберілуде? Мүмкін барлық кілтипан өзіңізде шығар? Құдайға құлшылық жасаңыз. Ешкімді тәніңізге жолатпаңыз. Уақыты келгенде түсінесіз деп үміттенемін.

Ж. БАЙСЕМІЗОВА

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста