Тұрмысқа шығуға қорқам...

Тұрмысқа шығуға  қорқам...

Құрметті, «Алаш айнасы»! Осы порталдың «Отбасы-ошақ қасы» айдарында жарияланған мақалаларды оқи отырып, көңілге әр түрлі ой түйеміз. Оқырмандардың ұсынған әрбір жазабаларын оқи отырып, шындығында отбасылық өмірдің оңай емес екенін көріп, байқап жүрміз. Осыған орай, мен де өз пікірімді ортаға салып, сырымды ақтарғым келеді.

 

Менің жасым - 24-те. Өзім Алматы облысында туғанмын. Үйде бес баланың төртіншісімін. Мектепте жақсы оқыдым. 11-сыныпты аяқтап, ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинағанмын. Бірақ конкурс кезінде бәсеке жоғары болды. Сол себепті оқуға түсе алмадым. Алдыма мақсат қойып бір жыл қайта дайындалып, келесі жылы Алматы қаласындағы белгілі жоғары оқу орнына түстім. Университетте де тек сабаққа көңіл бөліп, артық қыдыру дегенді білмейтінмін. 4 жыл студенттік өмірдің қалай тез өткенін де білмей қалдық. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін студенттік өмір зулап өте шықты. Оқуымызды аяқтап, қолымызға дипломымызды алып жұмыстың қамына кірістік. Студент кезде өмірде болып тұратын қиындықтарды біле бермейді екенсің. Тұратын жерің, ай сайынғы шәкірт ақың бар, сабағыңды оқысаң, болды.

 

Университетті бітіргеннен кейін адам теңізге тасталған бір жаңқа ағаш сияқты күй кешеді екен. Саған дайын тұрған жұмыс та жоқ. Жұмысқа бірден орналасып кетейін десең, тәжірибең жоқ деп ешкім алғысы келмейді. Ешкім жұмысқа алмаса, тәжірибе қалай жиналады деп талай ашуланатынбыз.

 

Қазір студенттік кездегі еркеліктің бәрі артта қалған. Ата-анаңның алдындағы жауапкершілікті сезініп, дұрыс адам болып қалыптасу – қазіргі міндетіміз. Бүгінгі таңда әке-шешемнің адал еңбегін ақтау үшін, оларды жерге қаратпау үшін еңбек етіп жүрмін. Ойым біраз жыл мамандығыммен жұмыс істеп, үйіме, әке-шешеме пайдамды тигізу. Биыл оқуды бітіргеніме екі жыл болады. Өзіммен қатар құрбыларым тұрмысқа шыға бастады. Кейбіреуі балалы болып, қуаныштарымен бөлісуде. Соңғы кезде үйдегілер де маған оcы тақырып жайлы айта бастады. «Жасың кеп қалды, сені тұрмысқа беру керек» деген сөздерден мезі бола бастадым.

 

Мен өзім, 24 жасты кеш деп есептемеймін. Уақыты келгенде, Алла Тағала бұйырған күні мен де шығармын. Бірақ, осы уақытқа дейін маған ондай адам жолыққан емес. Кейде осы порталдағы әр отбасындағы түрлі жағдайларды көріп, тұрмысқа шығуға асыққым келмейді. Шынымды айтсам, қорқамын. Өміріңді бөтен адамға арнап, өскен ұя - үйіңді қиып кеткенде, сол адам сенің қадіріңді түсінсе жақсы ғой. Болашақ енеңнің қандай болары да жас шаңырақ құрған отбасының дұрыс қалыптасуына себебін тигізеді деп ойлаймын. Көптеген отбасындағы жағдайларды көріп жүрміз ғой. Отау тігіп, үй болғанның бәрі бірдей бақытты болып кетпейді. Той жасағанда «Екі жас бақытты болсын!», - деп айтып жатады да, сол жастардың арасына түсетін ата-енелер көп қазір. Келіннен кемшілік іздеп, баласымен араздастыруға дайын тұратын да енелер бар емес пе?! Осындай жағдайларды көргенде, тұрмыс құруға асыққым келмейді. Менің бұл ойымды дұрыс емес дейтіндер де табылар.

 

Осы порталдағы кейбір тұрмысқа шықпай қалған қыздар мақалаларында 25 жасқа жетпей тұрмыс құруы тиіс деп жазады. Ол да дұрыс шығар. Бірақ, өзіңе лайық дұрыс адам жолықпаса, қалай ерте шығасың? Қыз бала өмірде жарының жағдайын жасап, балаларын өсіріп, ерінің разылығын алуы тиіс екенін, әйел адам баласымен сәнді көрінетінін білемін. Өзімнің мінезім ұялшақ болғандықтан, үйде де маған тұрмысқа шығу жайлы әңгіме бастағандарын қаламаймын. Алла бұйыртып, теңімді тауып жатсам, өзім де шығармын тұрмысқа. Мүлдем тұрмысқа шыққым келмейді демеймін. Карьера да керек емес. Тек, менің жанымды түсінетін, маған адал жар бола білетін адам кездессе деймін. Оған дейін жұмысымды істеп, ата-анамның еңбегін ақтағым келеді. Төрт жыл оқып еңбектеніп алған дипломымның жемісін көргім келеді.

 

Ал Сіздер бұған не дейсіздер, мәртебелі оқырман! 

 

 

 

Автор: Шахназ, Алматы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста