Тұрмысқа пәк болып шығу, бала туу - міндетің емес: Феминист қыз

29 жастағы Алматы облысының тумасы Альзира Польшада тұрады. Айтуынша, басқалары өзін қазақ қызына мүлдем ұқсамайды деп айтады. Феминист қыз Қазақстандағы және Еуропадағы әйелдер құқығын салыстырып, өзінің тұрмысқа шықпау себебін түсіндірді. stan.kz редакциясына берген сұхбатында ол қазақ қоғамы үшін "жабық" тақырыптар жайлы сөз қозғады.

 

"Қазақ қызына ұқсамайсың дейтін"

 

Менімен сөйлескен қазақстандық және қазақстандық емес адамдар осылай айтатын. қарапайып қазақ қызына ұқсамайсың деп маған басқалары айтатын және осы "қалыпқа сыймайтын қазақ қызы" лақап атын берді.

 

Біреуге ойым мен көзқарасымды білдіргенде "Қазақ қыздан мұндай нәрселерді есту үйреншікті емес" деп айтатын.

 

Қазір Польшаның Краков қаласында тұрамын және қаржылық қызметтермен айналысатын Еуропалық стартапта менеджер ретінде жұмыс істеймін. Алматы облысында Қаскелеңде туып-өстім. Еуропаға көшпес бұрын он жыл Астанада тұрғанмын.

 

Қазақ қызға қалыпты нәрселер: Бала кезден бізді қарапайым болуға, қонақжайлыққа үйретеді, тұрмысқа шығып, бала болуды арман етуіміз керек деп тәрбиелейді. Барлығын күйеу, туыс үшін істеуіміз керек, мансап жайлы көп ойланбаған жөн, жыныстық қатынасқа тек тұрмысқа шыққан үшін түсу керек деп өсіреді.

 

Қазақ қызға қалыпты емес нәрселер: Ал мен басқаларға тұрмысқа шығуды, бала тууды жоспарламайтынымды айтамын, қарапайым емеспін және де блогымда әртүрлі ашық фотолар бар екенін, жыныстық қатынас жайлы ашық әрі қиындықсыз ойымды білдіремін, осындай позиция қазақ қызына тән емес, қалыпты емес болып есептеледі.

 

Көп қазақ қыз еркін емес

 

Дәл осы позициямды оқырмандарыма қызығушлық тудырады және олар менімен бірге. Осы арқылы олар да мұндай көзқарастардан арылып жатыр деп ойлаймын. Мен оларға өз қалауларынша өмір сүруге болатынын көрсетемін, қоғам бізге таңып қойған стереотиптерден, отбасы мен туыстардың біз жайлы көзқарасынан арылуға көмектесемін және оларға еркіндіктің есігін айқара ашамын.

 

Қазіргі уақытта көп қазақ қыз еркін емес, оларға жастайынан күйеуге қызмет ету, бала туу қажеттіліктері жайлы айтады. Ең бастысы, күйеуге шығу және соның ішінде қыз болып шығу маңызды екенін сіңіреді. Сабақты жақсы оқу, үй шаруасына пысық болу, бала өмірдің мәні деген көзқарастар бұрын да, қазір де айтылады, көбі осы ой негізінде өмір сүреді. Қазір аз болғанмен, әлі де бар.

 

Феминизм: шектеулерден арылу, тұрмыстық зомбылықпен күрес, еркіндік

 

Феминизм - әйел мен еркектің құқықтар теңдігі, бұл әйелдер құқығы үшін күрес. Біріншіден, әйелдер дискриминацияға жиі ұшырайды, құқықтары бұзылады. Қыздар, әйелдер құқығы мемлекет пен қоғам тарапынан қорғалмағандығы өте қорқынышты. Тұрмыстық зомбылық заң негізінде қылмыс емес, отбасылық мәселе болып саналады. Сонда әйеліне күш көрсеткен еркек максималды он бес тәулікке қамалып, қайта шығады, демек ештеңе өзгермейді. Бұл тұрғыда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуіміз керек.

 

Әйелдерге қатысты шектеулер. Әдемі болып жүру, боянып, қыруар ақшаны әдемі киімге, косметикаға, маникюрге, депиляцияға жұмсауымыз керек екен. Қоғам бізге әдемі киініп, сұлу болып жүру керек деген ойды таңып қойған. Егер біз олай жүрмейтін болсақ, бізге бәрі басқаша қарайды. Сол сияқты артық салмақ, безеу болса да, аяғының түгі алынбаған қызды көрсе, сұмдық ретінде қарастырады. Демек мен үшін феминизм деген өз-өзіңді қалай бар солай ұстау, ойыңды еркін білдіру.

 

Отбасыдағы тепе-теңдік. Үй шаруасы - біз атқарар рөл емес. Бұл бізге табиғи берілген нәрсе емес, рөлдің гендерлік тұрғыда бөлінуі. Кейбір әйелдер үй шаруасымен айналысудан, бала қараудан саналы түрде бас тартпайды, бірақ мен онымен де келіспеймін. Себебі әр әйелдің жеке табысы болуы тиіс. Ал ең сорақысы, кейде әйелдер сегіз сағат жұмыс істеп келіп, үйге келіп келесі кезекшілікті қабылдайды: оның ішінде тамақ істеу, кір жуу, баланың сабағын оқыту бар. Одан бөлек, үшінші кезекшілік өз-өзіне қарау, салондарға бару процедуралары бар.

 

Феминизмде бәрі өзің қалағандай болады: қаласаң, мықты, қаласаң, әлсіз бол, нәзік бол. Шашыңды қысқа етіп кесіп, шалбар киіп жүргің келе ме, өз еркің, себебі феминизм бұл - еркіндік.

 

Жыныстық ағарту мен үшін маңызды

 

Алғашқы жыныстық қатынас жайлы постымды жазарда, жарияласам ба, жоқ па деп ұзақ ойландым. Бірақ мен ойымды жеткізгім, әйелдердің еркіндікке ұмтылуына әсер еткім келді. Бұл постқа негатитвті пікір қалдырғандар да, қолдағандар да болды. Әйелдің құрсауда жүргенін, әсіресе жыныстық өмір жайлы еркін ойлай, әрекет ете алмайтынын түсінгенде осы тақырыптар жайлы ашық жазамын деп шешім қабылдадым. Қыздарға олар міндетті түрде қыз болуы керек, бір ер адам ғана әйелдің адам өмірінде болуы тиіс деп қысым көрсетеді. Мен бұл нәрсені түсінбеймін. Сен еркінсің, азатсың, қанша ер адаммен жыныстық қатынасқа түсем десең де, өзің білесің. Қоғамның қысыманан көп әйел өзін нашар адам ретінде сезінеді, "Пәк болуың керек" деген сияқты әңгімелер, олардың кейбірі осылай тұрмысқа шыққандары үшін күйеулеріне бейнебір қарыз сияқты олардың алдында ұялады. Жыныстық ағарту мен үшін маңызды. Ал қыздың пәктігі - өзін ұстау мен бақылаудың тәсілі сияқты. Өміріңізде неше адаммен жыныстық қатынасқа түссеңіз де: бір немесе жүз болса да, бұл - сіздің таңдауыңыз.

 

Мәселе әр адамның таңдауында. Пәк болып тұрмысқа шыққың келсе, шық. Бұл қоғамның таңған стереотипі емес, өз таңдауың болуы тиіс. Әрине, патриархалды қоғамда өмір сүре отырып, таңдау туралы айту қиын. Себебі таңдау үшін, сенде таңдау құқы болуы керек. Бізде балаларды кішкене кезінен белгілі бір тәртіпке сай тәрбиелейді. Мен де 25 жасқа дейін тұрмысқа шығуым керек, бала тууым, үй шаруасына пысық болуым тиіс деп ойлайтынмын. Бірақ Еуропаға келіп, басқа адамдардың өмір сүру деңгейін көріп, әр адам еркін және қалауынша өмір сүре алатынына көзім жетті.

 

Пәктік ұғымы әу баста қыздарды бақылау үшін жаратылған. Қыздар пәктігін жоғалтқанда, бүкіл ауыл естейді, ал жігіт пәктігін жоғалтса, ештеңе емес. Мұндай шектеулер әйелдерге тәуелсіздік, еркіндік бермеу үшін жасалған.

 

"Жігітіммен нашар жыныстық қатынастан кейін айырылыстым" деген пост жазған кезде барлығы хейттеді
Әрбір әйелге тұрмысқа шығу міндетті емес. Бұл таңдауға байланысты. Демек тұрмысқа шығу өзіңді табудың жалғыз тәсілі деп ойламау керек. Пәк болып тұрмыс құруды дұрыс санайтындар бар, ал маған әрдайым сексуалды тәжірибе алу маңызды болды. Санамда "бүкіл өмірде бір ғана ер адам болу керек" деген ой ешқашан болмапты. Бәрі жыныстық қатынасты табу ретінде қарастырады, оны бір үлкен нәрсе етіп көрсетеді, шындығында бұл жәй ғана ләззат алудың жолы.

 

"Жігітіммен нашар жыныстық қатынастан кейін айырылыстым" деген пост жазған кезде де, барлығы хейттеп, маған жезөкшесің деп, түрлі жағымсыз пікірлер жазылды. Көбі түсінбейді, бұл әйелдің таңдау құқығы екенін. Себебі біздің патриархалды қоғамда еркектер ғана жыныстық қатынасқа бірнеше адаммен, ал қыздар өмір бойы бір еркекпен түсуі тиіс. Мен бұған мүлдем келіспеймін. Әрине, кейбір қыздар шын мәнінде өз таңдауымен бір ер адаммен ғана боламын деп шешеді. Бірақ бұдан бөлек, өмірде түрлі жағдайлар болады. Сексуалды серіктерге қатысты өзі-өзін ұстау қыздардың өздерін шектеуге алып келеді.

 

Біздің қоғамда қыздар жыныстық өмір жайлы өз бетімен шешім қабылдап, өздерін төмен дәрежедегі адам ретінде сезінуді қойса, мен қуанар едім.

 

Блогыма қыздардан "Мен қыз емеспін және мұны жігітіме, күйеуіме қалай айтатынымды білмеймін" деп хаттар келеді. Мұндай стандарттың негізінде әйел өзін толыққанды емес, лас сезінеді және бұл қиын. Менің бірден бір мақсатым - қыздарды негізсіз ұяттан арылту, қоғамның стандарттарына еруді доғарту.

 

"Жақсы жігітті жіберіп аласың"

 

Жетістік мен үшін қоғам таңған түрлі шектеулерден, стереотиптерден арылу. Өзгелер сен жайлы не ойлайды деген ойды тасада қалдыру. Осы сәтте сен нағыз жетістікке жетесің, себебі еркін бола түсесің. Себебі бұл сенің ғана өмірің, сен оның қожайынысың, барлығы сенің қолыңда, осыдан кейін қаржы жағынан өсесің. Ақырында ешкім ешкімге міндетті емес екенін ұғынасың.

 

Осы тұрғыда өзімді жетістікке жеттім деп есептеймін, себебі жоспарларымды жүзеге асыра алдым. Қазақстанда тұрғанымда тұрмысқа шыққалы жатқан ер-азамат болды. Ол менің оқуға кетуімді қалаған жоқ, айнытуға тырысты, туыстарым да "Жақсы жігітті жіберіп аласың" деді, алайда мен оқуға кеттім және Еуропаға барып, қайтып оралғым келмей қалды. Бұл ел мен үшін стереотиптерден азат мекен болып көрінді.

 

Қажеттілік болса ғана некеге отырамын

 

Қазіргі жігітім екеуміз үйленбегенбіз. Бірақ бұл біздің отбасы емес деген сөз емес. 25 жасқа дейін тұрмысқа шыққым келетін.

 

Егер белгілі бір қажеттілік болса (азаматтық алуға және т.б сияқты) заңды түрде некеге отыруға болады. Мен үшін басқа мәселелерде тұрмысқа шығу қажет болып есептелмейді. Себебі мөр басылған құжат ештеңе шешпейді. Сен адамды жақсы көрсең, онымен бірге өмір сүрсең, бұл сенің міндеттерің азаяды деген сөз емес. Адамның алдындағы міндеттер мөр басылған құжатпен шектелмейді. Той, ресми неке адамдардың қарым-қатынасын өзгертуі тиіс, жауапкершілікті, сезімді ұлғайтады деп ойламаймын. Бақытты отбасы дегеніміз алдымен өзіңнің тәуелсіз болуың. Сен өзің дамыған, әрекетіңе жауап бере алатындай, өзіңді таныған адам болуың тиіс. Сол адамсыз да бақытты әрі тәуелсіз бола алу, құпия осында жатыр. Екі толыққанды адам бір-бірімен жолыққанда бақытты болады.

 

Жігітім Витя екеуміздің де жұмысбастымыз, менің жұмысымнан бөлек, блогым бар, оның да жобалары бар. Бірақ екеуміз бір-бірімізге әрдайым уақыт табамыз. Жұмыс қарым-қатынасқа бөгет емес. Ең бастысы - түсіністік пен қолдау.

 

Біз - ұлтаралық жұппыз, ол - украиналық, менталитеттерімізде ұқсастықтар бар. Орыс тілінде сөйлесеміз, сондықтан бір бірімізді түсінуде қиындықтар болмайды. Кейде қазақша бірнәрселер айтқың келіп кетеді, сол кезде ол түсінбей қалады.

 

Менің отбасымда, туыстарымда адамдар менің толыққанды адам екенімді біледі және олардың айтқандары менің көзқарастарыма, таңдауыма әсер етпейді. 

 

 

Польшада абортқа заңмен тыйым салынған

 

Еуропада тұрып жатқаныма алты жыл болды, алғашқы бір жыл Шотландияда, соңғы бес жылда Польшада тұрдым. Маған Еуропада ой еркіндігі ұнайды, адамның әрекетіне, көзқарасына деген түсіністік, жеке құқық мәселесіне назар аударады. Адамдар ашық, не киіп жүргенің, қанша ақшаң бар екені, қайда тұратының маңызды емес. Ұнамайтын тұстары - Польша консервативті және дінді мығым ұстанатын ел. Мәселен, елде абортқа заңмен тыйым салынған. Католик ел болғандықтан, мемлекеттің ісіне шіркеу араласады. Бұл тұрғыда әйелдерге аборт жасау қиын, бұл бәрібір де жүзеге асып жатқандықтан, әйелдердің денсаулығына қауіп-қатер төнеді.

 

Ашық болсақ, барлығына тез үйренесің. Әр нәрсеге толеранттылық бар: дискриминация, ЛГБТ сияқты мәселелерде түсіністік байқалады, бірақ Польшада басқа Еуропа елдеріне қарағанда жағдай нашарлау.

 

Сондай ақ, Еуропада балаға кішкентай адам ретінде қарайды. Қазақстанда баланы ұру, зорлау жағдайларын кездестіруге болады, осы жағынан алғанда бала тәрбиесіндегі еуропалық тәсіл маған ұнайды.

 

Адамдары - діндар, осы жағынан Қазақстанмен ұқсайтын шығар. Мәдениеті де, қонақжайлылығы Қазақстанға ұқсайды. Туыстық қатынастарды жақсы сақтайды, бір-біріне көмекке дайын тұрады. Көшпенді халық: жақсы өмірді іздеп әр жерге көшіп жүретіндерді көптеп кездестіруге болады.

 

Әйелді екінші сортты тіршілік иесі деп айтады

 

Қазақстадық қоғамда әйелдің рөлі өту төмен. Әйелді екінші сортты тіршілік иесі деп айтатындар бар. Мұндай нәрсені есту өте қорқынышты. Тіпті кей әйелдердің өзі солай айтатыны жаға ұстатады. Бұдан әйелдердің басын айналдырып алғанын көруге болады. Яғни олар жынысыңа байланысты өмірде белгілі-бір дәрежеге ие боласың деген нәрсеге сенеді. Жалпы әйел мен еркек арасындағы айырмашылық көп емес. "Сен үй шаруасымен айналысасың, ал мен ақша табамын" деген көзқарас әлеуметтенудің нәтижесі. Егер балаларды бірдей тәрбиелесе, қыз балада екінші сортпын деген ой қалыптаспайды. Қарым-қатынас бала кезден қалыптасады. Мәселен, қарапайым отбасыда қыздарды тамақ істеу, үй жинауға бала кезден үйретеді.

 

Ұлдарды бізде құдайдай көреді. Оларды кішкене кезінен қыздарды сыйлап үйрету қажет. Егер ол қыздың ағасы болса, үлкен ағасына қызмет көрсетуді үйретеді. Қазір ойлап отырсам, осының бәрі сырттай біртүрлі көрінеді. Біз жігітім екеуміз бәрін бірге істейміз, себебі біз екі толыққанды адамбыз. Әйелдерді қолдап, қолыңнан келеді деп жігерлендіріп отыру керек. Біз еркектен төмен емеспіз, осы нәрсені айтып, жеткізу керек. Бала туу, тұрмысқа шығу өмірдегі басты миссия емес екенін ұғындыру керек. Көңіл қалаған дүниемен айналысуға мүмкіндіктерің бар деп қыздарға айту маңызды.

 

Қазақстанда адамдар әлі де ашық емес

 

Қазақстанға көп нәрсе жетіспейді. Қазақстанды сырттай бағалап, әңгімелер мен мақалалардан оқып жүрмін, үлкен өзгерістерді байқамадым. Қазіргі уақытта әйелдер жұмыс істей алмайтын кәсіптердің тізімі бар, тұрмыстық зорлықты декриминализациялау бұл, әрине, сұмдық жағдай. Адамдар әлі де ашық емес, себебі егер қазір көшеге шығып, олардан ЛГБТ-ға қатысты ойын білгің келсе, көбі дұрыс жауап бермей, теріс айналып, не болмаса негативті ой білдіруі мүмкін. Толеранттылық мәселесі бойынша Қазақстан артта қалып отыр.

 

Қазақстанға оралу жоспарда жоқ, себебі мұнда өмір сүру деңгейі де, адамдардың саған қарым-қатынасы да жоғары.

 

Маған "chink" деген жағымсыз сөз айтты

 

Ұлтаралық компанияда жұмыс істеймін. Мұнда расистік, сексистік көзқарастарды байқауға болады. Бірақ, мұндай нәрсе қоғам тарапынан айыпталатындықтан, бірден жойылады.

 

Расизммен Лондонда жүргенде бетпе бет келдім. Велосипед теуіп жүріп, афроамерикалықтардың ауданына өтіп кетіппін. Олар маған "chink" деген жағымсыз сөз айтты, бұл азиаттарға айтылатын жағымсыз екен.

 

Польшаның өзінде расизм байқалмады. Тек құрбым автобуста үлкен кісінің "Польша поляктар үшін" деп айқалағанына куә болған. Одан бөлек, бір жолы поляк досым тәуелсіздік күнінде далаға шықпауымды сұраған болатын. Айтуынша, бұл күні елде патриоттық көңіл-күйі "оянатын" көрінеді.

 

Адамдармен жиі жұмыс істейтін болғандықтан, кәсіби қабілеттерімді жетілдіру үшін коммуникацияны дамытатын түрлі тренингтер мен курстарды өттім. Оған дейін кәсіби кітаптарды оқыдым, алайда тәжірибесіз олардың барлығы бекер. Себебі 90 пайыз жетістік тәжірибеге байланысты, өзің жеке дайыналғаныңа қарағанда диалогтар тиімдіріек.

 

Альзира ұсынатын кеңестер:

 

Бізде өмір біреу ғана. Өмірге өзгелер таңып қойған, я болмаса, қоғам ұсынған рөлді орындау үшін емес, өзіміздің қойған мақсаттарымызға жету үшін келдік. Егер ол үшін қалыпты стереотиптерден арылу керек болса, оларды жою керек. Бұрын 25 жасқа дейін бала туып, тұрмысқа шығып үлгеруім керек деп ойлайтынмын. Таңдау еркіндігіне қол жеткізген соң, дәл қазіргі уақытта бала босанғым келмейтінін, оған көп ресурс пен жағдай керек екенін түсндім. 30 жасқа келгеніме қарамастан, бұл нәрсе мені алаңдатпайды. Басқалар не ойлайды, мені сынайды деген ойдан аулақ болыңыздар деген кеңес айтамын.

 

Мүдделестерді табу. Өзіңе ұқсас адамдарды табу, араласу.

 

Ештеңеден қорықпау. Бірнәрседен қорыққаннан не пайда?

 

Психологпен жұмыс істеу. Психолог тауып, оған ақшаны үнемдемей, жиі барып тұру керек деп ойлаймын. Сізде қандай шектеулер, блоктар бар екенін ұғасың.

 

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста