"Түнгі көбелектерді" таситын жігіттерді тепкінің астына алғанбыз...

«Алаш айнасы» интернет газеті «Отбасы – ошақ қасы» айдарында адамдардың сан қилы тағдырлары, бастан кешкен оқиғалар туралы жиі жазылып жүр. Соған орай, ойлы оқырманның бірі ретінде басымыздан өткен бір оқиғаны жұртшылықтың талқысына ұсынғанды жөн көрген едім. Интернет пайдаланушылар осы арқылы бастан кеткен оқиғаға баға беріп, қайсы дұрыс, қайсы бұрыс екенін айта жатар деп ойлаймын. 

Астанадағы университеттердің бірінде оқып жүрген кезіміз еді. Студенттік шақтың қыз-қыз қайнаған кезі. Біздің тобымыз өте ұйымшыл болды. Ай сайын бір отырыс жасаймыз, пәтер жалдап, «вечер» өткіземіз. Сондай кештердің бірінде дәмді дастарханнан кейін антракт жасап, жолдас жігіттер топ болып далаға шыққан едік. Біреуіміз темекі шексек, екіншісі жай әшейін таза ауа жұтамын деп, үйдің ауласына қарай барғанбыз. Сол баяғы әдет, бір-бірімізді кекету, мұқату, бастысы күлкіге қарық болу. Бір кезде дәл біз тұрған кіреберістің алдына «бэха» келіп тоқтады. Көліктің есігі ашылып, ішінен қазақтың екі сұлу қызы шықты. Оларды көрген біздің жігіттердің де делебесі қозды. Аяқтарында – ұзын былғары етік пен кереге көз колготки, қысқа юбка, кеуделерінде – ашық декольтесі бар блузка. Әңгімеміз сап тыйылды, ырды-дырду да тоқтады. Бәріміз ауыз ашып, қыздарды көзбен жеп қоярдай шығарып салдық. Сөйтіп, сұлу бикештерге ауыз ашып тұрып, дәл солардың артынан екі жігіттің кіріп бара жатқанын да байқамай қалғандаймыз. Ішіміздегі епті біреу құлаққа ұрған танадай тыныштықты сап бұзып, «сілекейі» шұбырған текешіктерді күлкіге айналдыра бастады. Кім қарап қалсын, бір-бірімізді мазақтай бастадық. Кім қай қызға қалай қарағанын, сол кезде қандай ойда болғанын – бәрін қайта-қайта шолып, бір-бірімізді түйреуге көштік. Көп уақыт өтпей, жаңағы екі жігіт шықты да, машинаға отырып, тайып тұрды. Қыздар болса, іште қалды.
Даланың салқын болғанына қарамастан, біраз тұрып, әңгімемізді жалғастырдық. Ойын-күлкі де басылды. Бір уақытта курстасымыз Қуат арман-қиялға ерік беріп, болашаққа ой жүгірте бастады. «Ех, жігіттер, жаңа үйге кірген қыздарды айтамын да, әдемі екен. Жігіттері де «крутой». Нағыз еркек ұқсап үйлеріне дейін шығарып салды. Келешекте біз де тура солай «бэха» мініп, әдемі қыздармен жүретін шығармыз, а?», - деп өз әңгімесін бастады. Сол кезде оның жанында тұрған Серік: «Алла сақтасын, олай жүрмей-ақ қояйық! Мен одан да көше тазалаймын. Бірақ жаңағы жігіттерге ұқсап жүрмеймін. Олардың ісі жігітікке жатпайды!», - деп ашу-ызасын жасырмады. Бәріміз аң-таң. «Ол қалай? Неге? Олай неге айттың?» деген сұрақтарды жаудыра бастадық. Серік сәл кідірді де: «Бұлар «түнгі көбелектерді» тасып жүрген жігіттер ғой. Cоны да білмейсіңдер ме? Подъездге қыздармен бірге кірмегенін байқаған шығарсындар. Артынан жүрді. Олар «заказ» берген клиенттердің пәтерінде «групповой» адам болмасын деп, бір тексеріп шығады да, кетіп қалады. Сол үшін ақша алады», - деп жауап берді. Осы кезде жігіттердің бәрі шулап кетті. «Ей, жынды ма? Ондайларды құрту керек қой! Өздері қазақ болып, өз қаракөздерімізді басқа біреудің астына салып беріп жүр ме?! Шынымен де, бұл жігіттік емес, нағыз иттік қой!», - деп улап-шулап кеткен біздің қанымыз қайнап кетті. Серік болса, үндемей тұрды да, «Жігіттер, соларды барып сойсақ, қайтеді?», - деп қысқа ғана қайырды. Бәріміз оның ұсынысын құп көрдік. Бір-бірімізге жақындап, ақылдаса бастадық.
Алдымен үйге кірген қыздардың «түнгі көбелек» екеніне көз жеткізуді ұйғардық. Ол үшін далаға кезек-кезек шығып, оларды аңдумен болдық. Серіктің айтқаны дәл келді. Бір сағаттан кейін бағанағы екі қыз да шықты. Кезекшілікте тұрған Жарас деген жігіт жақындап барып, бірге темекі шегіп, әңгімеге тартты. Сосын ақырындап оларды қай жерден тауып алуға болатынын сұрап алды. Сол екі арада «бэха» да келіп жетті. Екеуін отырғызып, алып кетті. Жарас «крутой» көліктің нөмірін де жаттап алды.
Ертесінде жатақхананың бір бөлмесінде жиналып, түнгі жорықтың мән-жайын талқыладық. Төбелеске көліксіз барамыз деп келістік. Жігіттердің біреуі кастет, екіншісі бита аламын деп шықты. Ішімізде «бита-таяқпен төбелескен жігіттікке жатпайды ғой» дегендер де болды. Алайда Серік: «Олардың «жігіттігімен» салыстырғанда, біздікі айналайын ғой», - деп шорт кесті. Осылайша, түн жамылып, «Көктемге» қарай бет алдық. Басында 4-5 адам болып келісіп едік. Соңында 15 адам жиналды. Түнгі сағат 12-лердің шамасында жеңілтек қыздар тұратын жерге де жеттік. Алдымен Серік пен Қуат барлау жасап келді. Ол жерде өткендегі «бэха» болмай шықты. Алайда басқалардың «шопырлары» мен «күзетшілері» өріп жүр екен.
Біз бір ауланың ішінде жиналып тұрдық. Көп кешікпей, Серік пен Қуат та келді. Кешегі «бэханы» күтпей, сол жерде жүргендерді ұра береміз деп шештік. Өйткені, олардың бәрі сондай жұмыста жүр. Көше жаққа шыққан кезде Жарас: «Жігіттер, анау «бэха» да келіп, тоқтап жатыр», - деп ақырын ғана айтып үлгерді. Сол кезде Көктемнің алдына да келіп жеттік. Алдымыздан бір жігіт шығып: «Қыздар, қыздар...», - деп айтқаны сол еді, Серік оның басынан битамен бір ұрып құлатты. Содан бәріміз ду етіп, сол жерде жүрген еркек дейтіндердің бәріне жабыла кеттік. Жарас пен Қуат «бэхада» отырған біреуді алып шығып, тепкілеп жатыр. Ал Серіктің «физвосда» оқитын бір спортсмен досы екіншісін бір ұрып сұлатты. Айналаның бәрі быт-шыт, қым-қуыт төбелес, ыңырсыған дауыстар. Әлгі жігітсымақтың біреулері машиналарына мініп, қашып үлгерді. Енді біреулері жаяу жүгіріп, табандарын жалтыратты. Жерде бес-алты адам жатты. Жігіттер оларды қан-жоса етіп сабап тастады. Қыздар «бэханың» ішінде шыңғырып отыр. Бір қарасам, Серік тағы біреуді ұстап алып, төмпештеп жатыр. Әрең дегенде тоқтаттым...
Жаппай төбелестің қанша уақытқа созылғанын білмеймін, әйтеуір бізге патрульдік полиция тез жеткен тәрізді көрінді. Әу баста біздің жігіттер полициядан тұра қашып еді, бірақ бізді ұстап жатқанын көргеннен кейін бірден қайтып келді. Бәрімізді УАЗ-дың артына мінгізді. «Осымен біттік. Ертең оқудан да қуылатын шығармыз», - деген ой келді. Серік болса, қайтатын емес. Далада бір «старшиймен» сөйлесіп тұрып алды. Дауысы еміс-еміс естіледі. Содан түсінгенім, ол патрульдік полицияның «Көктемде» не болып жатқанын көрсе де, көрмегендей болып жүргенін беттеріне басып: «Ұстасаңдар, жерде жатқан мыналарды ұстамайсыңдар ма?», - деп «по-понятиям» сөйлесіп тұр. Полицейлердің басшысы көп ойланған жоқ, қолын бір сілтеп қойды. Бір кезде УАЗ-дың арты ашылды. «Шығыңдар!» деген дауыс естілді. Бір-бірімізге қарап, машинадан түстік те, Серікке қарай жүрдік. Шынымды айтсам, қорқыныш пен қуаныш аралас сезімде болдық. Серікке жақындап едік, ол: «Кеттік, жігіттер! Жатақханаға қайтайық», - деп баяғы мінезімен қысқа ғана қайырды.
Содан такси ұстап, жатақханаға қайттық. Үш-төрт күндей «Көктемнің жігіттері» арыз түсіріп қоя ма деген қоқыныш та болды. Әсіресе, сабақта аудиторияның есігін біреу қаққанда, сескеніп отыратынбыз. Бір ай да өтті. Группа үшін тағы бір отырыстың уақыты таяп қалды. Басқосуға сылтау керек емес пе? Ал сылтау Серіктің өткендегі бастамасы мен ерлігін жууға арналсын деп шештік. Араласатын қыздарға қыдырыстың себебін де түсіндірген жоқпыз. Тек осы жолы біз топтың қыздарын өз ақшамызға қыдыртып алғанды жөн көрдік. Астананың жақсы бір дәмханасына апарып, бір билеп қайттық. Қыздардың бәрі риза болды. Олар әлі күнге дейін сол сый-қошеметтің себебін сұрап отырады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста