Туған қарындасының жезөкше екенін білген ағасы өмірден түңіліп кетті

Бүгінде жезөкшелікпен айналысып, оны кәсіп етіп күнін көріп жүрген бойжеткендер жетерлік. Еліміздегі алып шаһар Алматыда мұндай "кәсіпті дөңгелетіп" отырғандардың саны тіптен көп. Осы орайда, NUR.KZ  порталына хабарласқан бойжеткен жезөкше қыздың туған ағасына қалай тап болғанын баяндап берді.

Өзінің атын атамауды сұраған бойжеткен бала күнгі құрбысының оқиғасын айтуға бел буған.

"Осы арқылы қаракөз қыздарымызды, текті қазақтың ұрпағы - жігіттерімізді арсыздықтан, ұятсыздықтан сақтандырғым келеді", - деді ол.

Оның айтуынша, Айнұр есімді құрбысы Қазақстанның түкпіріндегі шалғай ауылдардың бірінен Алматыға келген. Ауқатты отбасынан шыққан қызды ата-анасы ақылы бөлімге оқуға да түсіріпті. Алайда оқуға құлықты болмаған ол бірінші курстан бастап жаңа құрбыларымен бірге түнгі клубтар мен кафелерді жағалауды шығарған.

"Күнде хабарласып, халін сұрап тұратын анасына ол түнгі оннан кейін ұйықтайтынын айтып, қоңырау шалмауын сұрайтын. Анасы да оған құлақ асып, мазаламайтын. Бұл уақытта ол армансыз түнгі Алматыны шарлап, жігіттермен сауық-сайран құрады. Анда-санда маған да хабарласып, осының барлығын айтып беретін.

Мен оны сабаға түсуге шақырсам да, ол жастық шақта көңіл көтеріп қалу керектігін айтатын. Осылай жүріп ол қалай жезөкшеліктің соңына түскенін білмей қалды. Бастапқыда жігіттер оның мүсіні мен сұлу келбетіне қызығып, бір түн үшін ақша ұсынатынын болған. Кейін Айнұр бұл кәсіптің басқа мамандықтарға қарағанда ақшасы мол болатынын айтатынды шығарды", - дейді ол.

Айтуынша, Айнұр өзінің құрбысымен бірге жезөкшелік қызмет ұсынатын сайттарға жарнама беру арқылы қызмет етуді қолға алады. Бірақ бір күні орын алған жайт қыздың өмірінің астаң-кестеңін шығарған.

Айнұрдың ағасы Бегалы Ақтау қаласында ірі мұнай компаниясында жұмыс жасайтын. Бірде Алматыға жұмыс сапарымен келген оны достары саунаға апарып, көңілін ауламақ болады. Ол үшін олар өздері қызметін пайдаланып жүрген қос қызды да шақырған.

Осылайша, Айнұр мен оның құрбысы туған ағасына қызмет көрсету үшін саунаға келеді.

"Осы сәттегі Айнұрдың да, ағасының да қандай күйде болғанын айтудың өзі артық шығар. Ағасының да достарының алдында не сезінгенін, қарындасы үшін өліп кете жаздағанын елестете де алмаймын.

Ойлағым да келмейді. Айнұрға ол сөзді айтуға шамасы келмепті. Менің құрбым сол мезетте ол жерден шығып, басы ауған жаққа қаша бергенін айтты маған. Бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ та болыпты.

Қазір ол ағасының көзіне мүлдем көріне алмайды. Бірақ бұл кәсібін мүлдем тастап, ауылға ата-анасының жанына көшіп кетті", - деп әңгімеледі бойжеткен.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста