Таңнан кешке дейін үйі мен күйін дайындап, түнгі қиялын құрастырып отырған әйелге күйеуі интимдік қатынастан бас тартса ол аз ғана көңілі түсіп, артынан ұмытып кетуі мүмкін. Ал еркектер жағы мұндай "қабыл алмауды" мүлдем басқаша түсінеді. Бұл туралы psychologies.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Белгілі психолог Сара Хантер 30-60 жас аралығындағы ер азамттар арасында тәжірибелік зерттеу жүргізіп, олардың интимдік қатынастан шеттетіліп қалуды қалай қабылдайтынын анықтады. Белгілі болғандай, тәжірибеге қатысушылардың барлығы, төсектен бас тартқан жағдайда әйелдеріне деген құмарлығы басылып, өздеріне деген сенімділігі жоғалатынын айтқан.
"Әйелім төсек қатынасынан бас тартса оған алдымен ренжимін, сосын үлкен күйзеліске түсемін. Тіпті ол шын себебін айтып тұрса да, "мен оған қызық емеспін бе" деген ой мазалайды", - дейді 32 жастағы Майкл.
Психологтың айтуынша, еркектер әйелдің төсек қатынасынан дәл сол күні ғана бас тартып тұрғанын түсінбейді екен. Олар "мені мүлдем қалаймайды, мен оны қызықтырмаймын" дегенді ғана ойлап тұрады. Екінші рет тағы сондай жауап естіп қалмас үшін олар үнемі өздерін ұстап жүреді немесе шеттен көңілдес іздей бастайды.
Отбасылық қатынасты осындай ауыр жағдайға жеткізбес үшін маман бірнеше кеңестерімен бөлісті. Мәселен "Шаршап тұрмын, қойшы" деп ашуланғанша, жарыңызды құшақтап "Мұнымен ертең айналысайықшы" деп еркелеңіз.
Немесе "Бүгінше құшақтасып жатайықшы, мен сенің жаныңда жатқанымды сезінгім келеді" деңіз. Осындай тіркестерді орынды әрі жылы дауыспен қолдансаңыз, көп ұзамай-ақ қарым-қатынастарыңыздың беки түскеніне куә боласыз.