​ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ еркекке ҰНАҒАНЫН қалай білуге болады?

«Белін босатуы» – еркектің төсектен тоят тапқанын білдірмейді, - деп жазды ERNUR.KZ.

Жатын бөлме... Күңгірттеу жарық... Жұмсақ төсек... Шілтерлі ішкиім... Ыстық құшақтар... Тәтті сүйіс... Төсек «майданы»... Ақ тер, көк тер... Умаждалған жайма... Шамамен осылай...

Иә, тән қалауы орындалды. Дегенмен оның ұнаған-ұнамағандығын қалай білуге болады? Мәселен, еркекке жыныстық қатынастың ұнағанын немесе ойындағыдай болмағанын қандай әрекетінен аңғара аласыз?

 

Оны не үшін білу керек дейсіз бе?

Төсек ләззаты – өте бір нәзік қатынастың нәтижесі. Әлбетте, өмірдің басты мағынасы ол ғана емес. Дегенмен, Жаратушы жұп етіп еркекке әйелді, әйелге еркекті теліп қойған соң жыныстық қатынастың да екеуге ұнамды болғанына мән беру керек-ақ. Ал оны «жоғары деңгейде орындау» тек әйелдің немесе еркектің ғана еншісіндегі шаруа емес. Сонымен қатар, мұнда сезім, құмарлық және басқа да шарттары жетерлік.

Әсіресе, некелі жұптар үшін (әлбетте, басқалар үшін де) арадағы қарым-қатынасқа жыныстық жақындықтың көлеңкесі түспеуі тиіс. Тән тоятын ала алмау еркек пен әйел арасында салқындық түсіретіні заңдылық. Сондықтан, әрбір төсек ләззатын аларда аса мұқият болған дұрыс.

Бұл ретте ЕРКЕККЕ төсектегі «ШАРУА» ұнады ма, жоқ па, оны қандай әрекетінен білуге болатындығы жайлы айтпақпыз.

 

ОЛ ЕШҚАЙДА АСЫҚПАЙДЫ

Оттай жанған құшақтар ажырап, тән қалауы орындалды. ОЛ төсектен тұрып кетуге асықпайды. Сонымен қатар, шұғыл шаруасы бар екенін еске түсірмейді, темекі шегуге немесе су ішуге кетіп қалмайды. ОЛ төсекте Сізді құшақтап немесе алған ләззатына мас болып ұзақ жатады.

Сондай-ақ Сізді құшақтап жатып, тап осыны ертең немесе таңда қайталағысы, ертеңіне уақытты бірге өткізгісі келетінін айтуы мүмкін. Тіпті, әрі қарай да жалғастыруға емеурін танытып жатады кейбір еркектер.

Ал ҰНАМАСА, онда бәрі керісінше. Еркектер өзіне ұнамсыз жерде көп қалғысы келмейді. Бейсаналы түрде ол жерден бойын аулақтата бастайды.

 

«БӘРІ ЖАҚСЫ» ДЕЙ САЛАДЫ

Еркек деген де бір бала, оның көңілі түсіп қалғанын әйелдердің байқамауы мүмкін емес. Егер жыныстық қатынас ойындағыдай болмаса, онда бірден білінеді. Ал әйелдің «неге көңілсізсің, бірдеңе ұнамады ма?» деген сынды сауалына «БӘРІ ЖАҚСЫ» дей салады. Ал егер керісінше жағдайда болса, яғни, оған барлығы ұнаса, сауалға жауап бермейді. Тек үнсіз ғана құшағына алып немесе сүйіп алуы мүмкін.

 

ӨЗІНЕ ҰНАСА, СІЗДЕН ДЕ СҰРАЙДЫ

Егер ОҒАН төсектегі «майдан» қатты ұнаса, әйелден де ойын білгісі келеді. Ұнады ма немесе қандай да бір сәтте ойынан шықпай қалдым ба деп уайымдайды. Демек, ОЛ Сізге «ҰНАДЫ МА?» деп сұрақ қойса, демек түні ойдағыдай, тіпті, одан да артық өткені.

 

«ТАҒЫ ДА ҚАШАН?»

Сізбен өткен түні керемет болса, ЕРКЕК бірден осындай тәтті түннің келесі жоспарын құра бастайды. Мәселен, «ертең кешке ештеңе жоспарлама, тағы қайталаймыз» деген емеурін танытуы мүмкін.

 

ОЛ ТОҚТАМАЙДЫ...

Мәселен, бүгінгі түні төсек ләззатын жаңа қырымен таныстыңыздар делік. Ол тап осыны ертең де, арғы күні қайталағысы келеді. Қандай да бір жағдайда әйтеуір соны еске салып қояды. Демек, оған Сізбен бірге болған ұнайды деген сөз. Ұнамаса, қаншалықты жаңа «поза» болса да, қайталағысы келмес еді. Әдеттегі немесе басқасын байқауға да құлқы болмас еді.

 

ЕРТЕҢІНЕ...

Егер аса бір «тәтті түн» өткен күннің ертеңіне ОЛ әдетінен жаңылып, күні бойына бірнеше рет хабарласса, өткен түннің кейбір элементтерін білдіретін хабарлама жазып, суретпен білдіргісі келсе, алған ләззатынан әлі де арыла алмай жүр деген сөз! Демек, түнде тағы да «тәтті» болатынына күмәніңіз болмасын.

 

АЯҚАСТЫНАН СЫЙЛЫҚ!

Еркектер өзін бақытқа бөлеп, ләззаттың дәмін татырған әйелге қашанда сыйлық жасауға дайын. Егер аяқастынан ойыңызға келмеген сыйлық жасап жатса, онда төсекте оған ерекше сезім сыйлай алдыңыз деген сөз. Сонымен қатар, еркектің сыйлықты бей-берекет, кез келген жанға сыйлай бермейтінін де еске түсіріңіз де, ОНЫМЕН арадағы қарым-қатынасыңыздың КЕРЕМЕТ екеніне күмән келтіре көрмеңіз.

 

Дайындаған: Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста