Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым! Өтінемін хатымды шығарыңыздаршы. Дәл қәзір жолда отырып жазып отырмын сіздерге. Қатты ашулымын, өзіме өзім жыным келеді . Екі балам бар. Алты жыл болды тұрмыс құрғаныма. Ата енемен тұрамын. Отбасылық өмірдің барлық қиындығына шыдаймын деп ойлағанмын. Бірақ әбден шаршап кеттім.
Күйеуім ішеді. Біраз уақыттан бері ішкенде катты куып кетеді. Мазамды алып, әкесімен қырылып,үнемі үйде айқай-шу. балаларым шошып, қатты қорқып калатын болды. Мені тыңдамайды. Осы уақытқа дейін канша ішсе де койшы деп журетінмін. Балалар үшін шыдағым келген. Атам бұрын айтатын, кетіп калып қорқытпайсын деп ұрсатын. Мен ұят емес пе деп жүре бердім. Дәл кізір балаларымды алып, төркініме кетіп барамын. Ішкенін қойған соң барамын деп ойлаймын. Күйеуіме кішкене ми кіретін шығар. Үндемеген сайын басыма шығып алды шынымды айтсам. Не болса ол болсын деп киімдерімді алып, кетіп барамын. Дұрыс деп ойлаймын. Бір кеңес айтыңыздаршы. Қатты қобалжып отырмын.
Өз басым кетпеу керек, кеттің ба, келмейтіндей кету керек, қайтып келмеу керек деп ойлаушы едім. Солай жүргеніме ушін кетпеу керек деп жүргеніме 6 жыл бопты. Бір рет те кетіп көрген емеспін. Ұрсты, таластық. бірақ мен үнемі ақылға жеңдіретінмін. Кет дегенде кетпедім. Кет деді деп кетіп қалсам, ертен кел деп тұрса қайта келе алмаймын мен. Кетіп алып сүмірейіп қайтып келген жаман ғой. Сол үшін ары қарайғы өмірім не болар екен деп уайымдаймын.
Аноним