Төркініме амалсыз қайтып келдім
Кішкене шерімді тарқатқым келеді сіздерге, жасым 22-де. Айтайын дегенім тұрмыстан 1 ай бұрын қайтып келген болатынмын. Жағдай былай болды, енеммен кішкене келіспей қалған болатынмын. Күйеуім жақсы адам негізі, бірақ анасының айтқанынан шықпайды. Ол да дұрыс қой, ананың тілін алу керек, бірақ әйелдің де өзіндік орны бар деп оцлаймын. Келін де адам ғой. Өз басым 7 ай тұрмыста болдым. Осы 7 айдың ішінде бірде-бір киім алып берген жоқ, не той болған жоқ, не некеге тұрған жоқпыз.
Кайын атам да бір-түрлі кісі, түсіне алмай-ақ қойдым. Біз үйленгеннен кейін 3 айдан кейін жағдайдың жоқтығына қарамастан екінші әйел алғысы келді, бірақ енем алғызбай қойды.
Иә, менен де қателіктер болды, болған жоқ емес. Енем мені төркініме демалып кел деп жіберген болатын, куйеуіме не дегенін білмеймін, ертесіне маған ол "келмей-ак қой маған сен сияқты қатын керек емес" деп жазып жіберіпті, жүрегіме қатты тиді. Ол ештеңе емес қой, баламды 3 айлығында түсіріп алған болатынмын кір жуамын деп. Ауруханадан шыққаннан кейін ешқандай қамқорлық көре алмадым. Білмеймін, енем ұлын қызғанатын сияқты көрінеді маған, істемеген нәрсені істеді деп айтқан секілді мен туралы. Басым қатып кетті. Асырап баға алмаса несіне үйленді, соны түсенбедім? Бірақ қателік менен кетті деп ештеңеге қарамастан кешірім сұраған болатынмын, білмеймін өздерінше болды да қалды. Жаныма бататыны, өздерінің қателіктерін жоққа шығарып отырғаны, барлығына мені кінәләп қойған. Қарыздары деген шаш етектен, кредитті кредитпен жабады, соған тан калдым. Енді не істерімді білмеймін, бұдан кейін тұрмысқа шықпайтын сияқтымын гой, шаршап кеттім бәрінен...
Аноним