Таңғы төсек ләззатының адам ағзасына пайдасы
Сіз адам өмірінен ерекше маңызды орын алатын төсек ләззатын толыққанды сезіне алып жүрсіз бе?
Әрине, қазақ халқының менталитетінде мұндай тақырыптар ашық айтыла бермейді. Бәлкім оның да дұрыс жақтары бар шығар.  Бірақ қазір өмір өзгерді. Өмір салты да басқаша. Отбасылы, ерлі-зайыпты адамдар үшін төсек қатынасының маңызы қаншалықты? Және бұл мәселеге қаншалықты назар аудара алып жүрсіз?
Қазақы отбасыларда ерлі-зайыптылардың арасында туыстық қарым-қатынас басым болып келетіні рас. Ең сүттей ұйыған отбасында ерлі-зайыптылар бір-біріне баласының анасына немесе әкесіне деген құрметпен ғана қарайды. Әрі төсек қатынасы туралы ашық әңгімелесуге де жүрексінеді.
Ал әлемдік тәжірибеге сүйенсек, психолог, сексолог ғалымдардың барлығы бір ауыздан төсек қатынасының адам өміріндегі маңызына үлкен мән бар екендігін айтады.
Толыққанды төсек қатынасы қалыптасқан отбасында ері мен әйелі тәні  қалаған сәтте ешқандай артық сөзсіз түсінісе алады. Бұл  &mdash ғалымдардың айтуынша, бақытты отбасына бастайтын қадам. Ал үйлесім тауып, түсініспесе де төсек қатынасына бару ерлі-зайыптылардың денсаулығының бұзылуына немесе  гармоналды ауытқушылыққа жол бермеуі мүмкін, алайда  сезімдердің салқындауына бастайтыны сөзсіз.
Сексте орасан зор энергетикалық потенциал бар
Төсек қатынасына дайын әйел өз қалауын еркекке ашық айта алған әйел ер үшін бірден тартымды болып кететін сиқыры бар. Әйел өз серігіне ішкі сезімдері арқылы бағыт сілтеп, қай кезде қандай аймалауларды қажет ететінін сездіреді. (Әрі кез келген адам өз қиялындағыдай ләззат алуға құқылы). Еріне алғаусыз берілген әйел ғана оргазм дәмін тата алады. Ал мұндай әйелдің жанында ер адам да тән рахатына бөленері сөзсіз.
Ерлі-зайыптылардың екеуі де бір-бірінің қалауы мен қиялына құрметпен қарап, түсіністікпен болған секте орасан зор энергетикалық потенциал бар. Ал қиялды жүзеге асыру үшін қазіргі индустрияда эротикалық тауарлардың түр-түрі бар.  Рөлге кіріп, түрлі ойыншықтарды пайдаланып, қиялға ерік беруге болады. Бұл ойынға немқұрайды қараған ерлі-зайыптылар арасында толыққанды секс болмайды деген сөз емес, тек ойындар арқылы төсек ләззаты бұрынғыдан да тәттірек болады.
Секс үшін тәуліктің қай мезгілі қолайлы?
Таңертең, әлде түнде? Бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ. Өмір салтына байланысты әркімде әрқалай болып жатады. Ал бұл мақалада таңғы секстің пайдалы жақтары қарастырылмақ.
Көп жағдайда ғашықтар ұйықтар алдында төсек қатынасына барып жатады. Олардың барлығын дерлік үй шаруасы мәжбүр етеді, қызметтегі, үйдегі шаруаларды жайғау керек, отбасы мүшелерінің барлығы ұйқыға кеткенін күту керек, т.с.с.  Тек содан кейін ғана, құлап қалмай тұрғанда төсек қатынасына баруға мәжбүр.
Ғалымдардың айтуынша, ең пайдалы ұйқы түнгі 22:00 мен  24:00-дің арасындағы ұйқы көрінеді. Ал түн ауып, сағат тілі 2-ден өткен соң ұйқының пайдасын өлшеу коэффициенті бірден төмендейді екен. Ал бізде бәрі басқаша. Нақ осы  уақытта, ағзаның дем алуды қалап тұрған сәтінде, көбінесе амалсыз төсек қатынасына барамыз. Ерлі-зайыптылардың көпшілігі тіпті, бір-біріне шаршап тұрғанын да айта алмайды.
Мұның физикалық жағынан бөлек, психологиялық жағы да бар. Төсек ләззатына алғаусыз беріле алу үшін серіктерге басқа дүниенің барлығын ұмыту керек. Ал кешкі уақыт, күндіз күні бойы қордаланған ақпараттың барлығын қорыту кезеңі. Яғни ерлі-зайыптылар психологиялық жағынан да толықтай балқып, бүкіл дүниені ұмыта алмайды. Осыдан келіп, ұйқының қанбауы, жүйкенің жұқаруы пайда болады. ерлі-зайыптылардың бірінің жүйкесі жұқарды дегенше, отбасының берекесі де қашты дей беріңіз.
Ал таңертеңгі секстің қандай айырмашылықтары бар? 
Америкалық ғалымдардың пікірінше таңғы уақыттағы секс адамдардың өмір деңгейі мен жетістікке жету деңгейіне әсер етеді. Олардың зерттеуінше, таңертеңгі сәтті төсек қатынасын қалайтын адамдардың көпшілігі жұмыста жоғары лауазымдарға, қоғамда мәртебеге ие жандар көрінеді.
Сондықтан олар бір сағат ерте жатып, тынығып, таңда бір сағат ерте тұрып төсек ләззатына бөленуге кеңес береді екен.
Ал таңғы сағат 7-ден бастап, екі сағат бойына ер адамдарда тестостерон деңгейі жоғары болады. Кешкі секске қарағанда таңғы секске энергия да аз кетеді. Әрі  жаңа ғана ұйқыдан оянған ағзаның қан айналымы жақсара түседі.
Сондықтан, таңертеңгі «жаттығуды» кейінге қалдырмауды әдетке айналдырып, тәжірибе жасап көруіңізге болады. Бұдан ғашықтардың бір-біріне деген сезімдері жаңарып, ара-қатынастары бұрынғыдан да беки түседі.