Сымбатты жігіт деп танысқаным арам ойлы шал боп шықты

Сымбатты жігіт деп танысқаным арам ойлы шал боп шықты

Студентпін. Соңғы курста. Инстаграмдағы парақшамда бір жігіт мені ұнатып қалғанын, кездескісі келетінін, тіпті мені сүйікті жары ретінде көргісі келетіні жөнінде майын тамыза керемет сөздер жазыпты. Рас, ол баламен бір-екі ай болды, тұрақты хат жазысып тұрамын.

Жекеме жиі шығып өз ойларын айтып жатады. Жап-жақсы доспыз. Көріспесек те, суреттегі түрі әдемі.

Осы Алматының жігіті. Жақсы бір жерде жұмыс істеймін дейді. Менің – соңғы курсым қалған, жігіт керек, тұрмысқа шығу керек.

Көз салып, сөз айтқан біраз жігітті менсінбегем. Ал мына жігіт ұнап тұр. Көңілімнен шыққан сияқты.

Аты – Шыңғыс. Кездесейік деп қиыла берген соң кездестім.

Айтылған уақыт. Кафенің алдында тұрмын. Кешкілік мезгіл.

«Әдемі жігіт әдемі бір көліктен түсіп, бетімнен сүйіп, қолындағы гүлін маған қашан береді», деп жүрегім лүпілдеп, тағазсызбын. Әдемі жігітті ойлаумен жан-жағыма да қарамаппын.

«Құралай, қалайсың? Мен Шыңғыспын ғой!», деген дауысқа жалт қарадым.

Қарсы алдымда шашына ақ кірген, жасы қырықты алқымдаған жігіт ағасы тұр. Қолында гүл.

Сасып қалдым.

Мен күткен адам жасы жиырма беске толмаған қылшылдаған жас жігіт еді.

«Құралай, ренжіме, сені Инстаграмдағы суретіңнен таныдым. Кешір, желідегі сурет менікі емес, жақын бір туыс інішектің суреті еді. Соны қойып қойғанмын», деп ақтала бастады.

«Ұялмайсыз ба?» деп ренжіп бұрылып кетуге де болар еді. Бірақ тәрбие көрген, үлкенді сыйлап қалған ауылдың қызымын ғой. Ренішімді жасырып, сәл күлдім де қойдым.

Қолындағы гүлін ұсынған соң, амалсыз алуға тура келді.

– Неге алдадыңыз, шыныңызды айта салмадыңыз ба, деп едім,

– Кешір, Құралай. Сөзің де, өзің де түзу қыз секілді көріндің. Сенімен араласып, достық қарым-қатынас ұстағым келді. Бөтен ойым жоқ, деп Шыңғыс тағы кешірім сұраумен әлек.

Тілі өте майда екен. Іші-бауырыма кіріп барады.

«Мені жасы үлкен деп қаламасаң, өзің біл. Бірақ ақыры кездестік, кафеге кіріп, біраз отырайық, деп өтініш жасады. Келісітім.

Масқара, менен 23 жас үлкен! Семьясы бар сияқты. Қызыл шарап алдырған соң, одан ауыз тиюге тура келді. Қанша отырғанымды білмеймін. Шарапқа қызыңқырадым.

– Қайтайын, жатақхананы жауып тастайды, дедім.

Шыңғыс қарсы болмады. Кафеден шыққан бойда оның көлігіне отырдық. Мен алдына емес, көліктің артқы орындығына отырдым. Жатақхананың жанына тоқтағанда таныс біреулер көріп қалса «ұят болды» деген ой ғой.

Бірақ Шыңғыс көлігін бір қараңғылау жерге әкеп тоқтатты.

– Не болды? деп едім.

– Біраз әңгіме айтып, отыра тұрайық, дейді.

– Әңгімені басқа жолы айтармыз. Кеш болып кетті. Жатақханаға кіріп үлгеруім керек, деп едім, ол

– Әлі уақыт бар. Жеткізіп тастаймын, деп жаныма келіп отырып алды.

Бұл қылығынан қатты тіксініп қалдым. Есікті ашып шығып кетпек едім, ол мені қатты құшақтап, жабыса кетті.

– Құралай, сен маған ұнап қалдың. Кездесіп тұрайықшы, деп ернімнен қадала сүйді.

Бұлқынып жатырмын. Шарапқа қызып, әлсірегенім бе, Шыңғыстың құшағынан құтыла алмадым. Ол болса ернімнен қадала сүйіп, мені шешіндіруге кірісті. Енді болмаса кеш қалатынымды біліп, «аға, мен әлі қызбын. Қазір көлігіңіз былғанады. Қонақ үйге, не болмаса пәтерге апарыңызшы. Көлік ыңғайыссыз ғой», деген сөз аузыма қалай түскенін білмеймін. Әтеуір жандалбасалап жатып айтып қалдым. Мені жартылай шешіндіріп үлгерген ол менің айтқаныма иланып қалды. «Расында, пәтер жалдап сонда түнейік» деп, мені құшағынан босатты.

Ол рөлге отырған кезде көліктен секіріп түсіп, жарық жаққа қарай қаштым.

– Құралай, тоқта! Қайда барасың, деп артымнан тұра ұмтылған.

Қашып келе жатып,

– Кетіңіз, әйтпесе зорлады, деп адамдарды көмекке шақырамын, деп айқай салдым.

Мұндайды күтпесе керек. Тоқтап қалды. Сонда да «мен аға, сен қарындас болайық деп келістік қой. Мен қалжыңдап едім, жүр шығарып сайлайын», деп қояды беті бүлк етпей.

«Ағадан садаға кет. Аға емес, нағыз арамсың. Мені ұмытыңыз», деп бір айқай салып, жатақханаға қарай тайып тұрдым.

Ішке келген соң, басымнан кешкен оқиғаны дос қыздарға айтып бердім.

«Ойбай, ондайларға жолама. Қайта аман қалғаныңа қуан. Зорлап тастаса не істейсің? Ол сондаймен айналысатын маньяк шығар. Талай қызды сөйтіп түсіріп жүрген алаяқтың бірі болуы да мүмкін. Желіге өз суреті емес, әдемі жас жігіттердің суретін салып қойып, қыздарды алдап-арбайтындар көп. Сақ болу керек» десті олар.

Содан кейін әлеуметтік желіде кездесуге шақырған жігіттерге бармайтын болдым. Көз алдыма Шыңғыс елестейді де тұрады. Әбден қорқып қалыппын.

Басымнан кешкен осы оқиғаны жазып отырған себебім – әлеуметтік желі арқылы танысып, кездесуге барып жүрген қыздар сақ болсын деген ой.

 

Сәлеммен, Құралай. Б.


Дереккөз: el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста