Сүймесе, маған неге үйленді?
Сәлеметсіздер ме, қыз келіншектер! Кімге айтарымды білмей сіздерге жазып отырмын! Осыдан 8 ай бурын мені бір жігіт алып кашып кетті. Танысқанымызға бір-ақ ай болса да мені қатты ұнаттым деп алып кетті. Сөйтіп үйлендік. Қазір аяғым ауыр. Тек мені бір қатты мазалайтын нәрсе оның телефонынан қыздар жазған көп смс-тер көрем, бөтен номерлер, ондай жағдайлар жиі болып кетті!
Алдында бір қызбен ватсапта сөйлескенін көріп әбден жыладым неге олай істейсің деп?! Ол маған түсіндірудің орнына өзіме қарсы ашуланып неге тексересің? неге аңдисың деп қатты айқайлады...жылап жылап қойдым ! Ал кеше болса телефонына смс келді бір қыздан жаным сағындым деген! Артынша звандаған едім даусымды естіп телефонын өшіріп тастады.. Куйеуіме тағы жыладым,сонда да еш жауап жоқ сенен басқа ешкімім жок дейді болды...Сол күні астымнан қан кетіп қалды қатты ашуланғаннан. Сөйтіп енеме не болғанын бәрін айттым бірінші рет емес үнемі осындай нәрселер көп болады деп?! Ал енем болса "сендерді көре алмайтындар көп, солардың біреуі шығар деп істеп жүрген...балаңды ойла" деді маған. Қазір шынымды айтсам үйде көңіл күйім болмай жүреді. Тағы да сол әңгімені бастасам сол айтатын сөзі ешкімім жоқ деп ашуланып ғана қояды болды! Сұрай берсем ажырасам деп айтама деп қатты қорқам! Тек қана есіме түссе болды жылай берем, Не істерімді білмеймін?!
Аноним