Сүймеймін, бірақ оның мені жақсы көргенін қалап тұрамын

Сүймеймін, бірақ оның мені жақсы көргенін қалап тұрамын

 Мендегі мәселе біреу үшін ештеңе емес те шығар. Түймедейді түйедей етіп отырған да шығарман.
Мен университет студентімін. Мен бір жігітпен сөйлесіп жүрмін. Ол менен 8 жас үлкен. Ол кісінің маған деген ойы түзу, яғни мені жар еткісі келеді. Ол кісі өте бай отбасыдан.
Ал мен ше, мен қарапайым электрик пен əдіскердің отбасынан шыққан ортаңғы қызымын. Ол кісі маған ұсыныс жасады, үйленейік деп. Мен ойланайын, уақыт беріңіз деп айттым.
Мен ол кісімен араласпастан бұрын бір жігітпен жүрген едім. Ол адамға деген сезімім əлі де сөнбеген. Əрине, өзің сүйген адамға тұрмысқа шыққым-ақ келеді. Бірақ біздің жолымыз екі жаққа кетті. Бұйырмаған шығар. Алла тағалаға ғана мәлім ғой.
Енді мен жаңағы 8 жас үлкен жігітке тұрмысқа шықсам ба, шықпасам ба деп ойланып жүрмін. Бір жағынан ата-анам мені оқуға жіберді, тұрмысқа шығу үшін емес .Ал бір жағынан менің отбасым ол сияқты керемет бай емес. Соны да ойлаймын. Ал бір жағынан бұрынғы жүрген жігітімді əлі де қимаймын. Иə, білемін кеткен адам қайта келмейді. Бірақ əлі де жүрегім сол адамды қалайды.
Мені ол кісінің байлығы қызықтырмайды. Ол кісіде бар дүние мен де бар, бірақ ол кісінікі сияқты көп мөлшерде емес, əрине. Ол кісі мен десе өліп отыр. Сүйемін, бақытты қыламын, өзім асыраймын дейді.Маған сен сияқты қыз керек дейді. Əрине, мақтанған сияқты болмайын, бірақ адам қызығарлық сұлулығым бар. Үнемі күліп жүремін. Бірақ мен де ол кісіге деген сезім жоқ.
Əрине əрбір қыз, тұрмысқа шығып, үлгілі келін, аяулы ана, жақсы жар болғанды армандайды. Мен де соны армандаймын. Бірақ мен ол кісіні жақсы көрмеймін. Ол кісіден бас тартсам, кейін мен өкініп қалмаймын ба деп те ойлаймын. Өзіңді сүйетін адамның болғаны да, біреуге керек екініңді сезінгенің, біреу сен үшін уайымдаса, бұның бәрі жақсы.
Кейде  өзің сүймейтін адамға тұрмысқа шығып өмірімді құртып алмаймын ба деп те ойлаймын. Әлде кейін сүйіп кете аламын ба? Сыластық сезім махаббатқа ұласқан жағдайлар бар ғой өмірде? Не істесем екен? 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста