Сүйіктісінен ел алдында кешірім сұраған тараздық жігіт желіні дүрліктірді (фото)

Тараз қаласының тұрғыны жұрттың көзінше қызынан кешірім сұрауды жөн санапты. Жігіттің қыз алдында осынша "иілуі" Қазнетте қызу талқыға түскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Тараздағы тұрғын үйлердің бірінде ұзындығы бірнеше метрге жететін алып баннер пайда болды. Белгісіз азамат сүйіктісінің суретіне "Жаным, кешір мені" деп жазып қойған.

Желіде лезде таралып кеткен фото авторын Қазнеттегілер әбден сынның астына алды.

«Жаным-баклажаным, бұны қай жігіт жасаған? », «Ана қыз осынша ақша құртуға тұрады ма?», «Бойжеткенді күллі жұрттың алдына шығарып қойды. Ол соған керек пе?»

«Осындай қылық ер адамдардың арына сын келтіреді. Бұл қыздың жігіттің мойнына мініп алғаны көрініп тұр ғой. Сәл нәрсеге бола ренжіп қалса да артынан жүгіртіп қойған. Мұндай қыздарға жоламау керек», - деп жазды желідегілер.

Сондай-ақ, «Осыншалықты деңгейде кешірім сұрайтындай не істеп қойды екен?» деген сұрақ көбісін мазалады.

Алайда, қыздың алдында кінәсін мойындап, кешірім сұраған жігітті қолдап, оның қылығына сүйсінгендер де табылып жатты. Олардың кейбірі тіпті суреттегі аруға қызғанышпен қарайтындарын да жеткізген.

«Романтика», «Не деген батылдық!», «Қызғанып отырмын, кез келген еркек мұндай қадамға бара бермейді... өйткені, олар тәкаппар», «Дұрыс, егер жақсы көріп тұрсаң көкірек керудің қажеті жоқ», - деп жазды олар.

Аталмыш суреттің астына кешірім сұрауға себепкер болған қыздың өзі де пікір қалдырған. Ол жігітінің бұл әрекетінен кейін оны кешіргенін жазды. Ал, не үшін ренжігенін айтқысы келмеген. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста