Сүйіктіме қосылуыма әкем қарсы

Сүйіктіме қосылуыма әкем қарсы

 Мен 1998 жылғымын, Алла қаласа биыл 19 жасқа толамын. Өзім ауылда өскен қызбын. Анам қайтыс болып əкем екінші рет үйленген. Əкем өте қатал адам. Қаталдығы соншалық бетіне тіке қарауға қорқамын. Сол қаталдықтың арқасында мектепті үздік оқып жоғары оқу орнына гратқа түстім(Аллаға шүкір). Қалада оқып жүргенде бір жігітке ессіз ғашық болдым. Ол менің алғашқы махаббатым. Оны жанымнан артық сүйемін. Екеуміздің сезіміміз жарасып "жігіт-қыз" болып жүре бастадық. Жігітім де өзіммен жасты 1998 жылғы, ауылдың қарапайым баласы. Қаладағы автобустың бірінде кондуктор болып жұмыс істейді. Мектепті жақсы оқыса да жолы болмай оқуға түсе алмай қалған. Биыл тағы да бағын сынап оқуға документтерін тарсып көреді.
Мендегі мəселе мынандай болып тұр. Жігітіме биыл тамыз айында белгілі бір себептермен үйлену керек. Ата-анасы жігітіме "Сүйген қызың болса құда түсіп барайық, егер жоқ болса қыз іздейік деп жатыр". Жігітім маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Ал енді не істерімді білмей жатырмын. Əкем үнемі айтып отырады "Жігітпен жүрмей сабағыңды оқы, оқуыңды бітіріп жұмысқа тұрған соң сені өзің сияқты оқыған, білімді жігітке ұзатамыз" деп. Бұл сөздерінен байқағаным əкемнің мені жақын арада тұрмысқа шығуыма рұқсат етпейді. Ал өзім қаталдығынан əкеме бұл туралы тіс жарып айта алмаймын. Ебін тауып өгей анама айтып көріп едім, анам "Жағдайы жасалған, бай жігіт болса қазір-ақ тие бер, əкеңді өзім көндіретін едім. Ал анау түгі жоқ бейшара кондукторыңа тұрмысқа шықпайсың. Мен қарсымын жəне əкеңе де келіспе деп айтамын. Бəрін сенің болашағың үшін істеп тұрмын. Ұмыт оны." деп ашуланды . Əкем қатал болғанымен анам əкеме өз айтқанын істете алады. Жігітіме 1-2 жыл күте тұрайық деп айтып едім жігітім "Дəл қазір қолымнан ештеңе келмейді, сен келіспесең ата-анам мені басқа қызға үйлендіреді. Мен оларға қарсы шыға алмаймын" деді. Міне содан бері мүлдем көңіл-күйім жоқ. Түн болса болды іштен тынып, үнсіз жылаймын. Өмірден қатты түңіліп кеттім. Бір жақта ата-анам, ал бір жақта сүйгенім. Екі оттың ортасында қалдым. Сүйгенімнен айрылғым келмейді. Ол менің өмірімнің мəні. Онсыз өмір сүре алмаймын. Ата- анамды да ренжіте алмаймын. Ал жігітім ата-анаң келіспесе алып қашам деп отыр. Əкемнің мінезін жақсы білем, алып қашуға келісетін болсам əкем мені кешірмейді. Себебі əкем "алып қашу" деген нәрсеге қарсы. Осындайда жанымда сүйеніш болып, қолдау көрсететін ешкімім жоқ..
Сіздер айтыңыздаршы енді не істейін , не істегенім дұрыс? Қандай кеңес бересіздер?

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста