Сүйіктімді түрмеден шығардым, бірақ ол мені тастап кетті...

Сүйіктімді түрмеден шығардым, бірақ ол мені тастап кетті...

Құрбымның айтуымен "Отбасы - ошақ қасы" айдарына өзімнің басымнан өткен бір оқиғаны жазбақпын. Махаббаттан басы айналған барлық қыздарға сабақ болса екен деймін. 

Менің жасым қазір отызда. Астана қаласында тұрамын. Аспазшы болып жұмыс істеймін. Тамақ пісіру - менің сүйікті ісім. Анам екеуміз осыдан төрт жыл бұрын Петропавл қаласынан көшіп келдік. Бір бөлмелі пәтерді жалға алып тұрып жатырмыз. Анам да аспазшы. Астанаға келгенде ең басында қарапайым асханада жұмыс істеп, кейіннен мықты-мықты ресторандарда шеф-повар болдым. Жоғары білімім жоқ болса да мойымадым, еңбекқорлығымның арқасында тұрмысымызды тез түзеп алдым. Ештеңеден тарықпай, күні-түні жұмыстан бас алмадым. Үй алатын қаржыны да ақырындап анам екеуіміз жинадық.
Мен ол жігітпен базар маңында таныстым. Есімі - Дәурен. Менен бес жас кіші. Ешқайда жұмыс істемейді. Анашаға да әуестігі бар екен. Осылайша араласып жүріп, мен ол жігітке ғашық болып қалдым. Тіпті шынын айтсам ғашық болатындай ешқандай кереметтігі жоқ. Бірақ әлі күнге дейін неге қатты сүйіп қалғанымды ұға алар емеспін. Дәурен екеуіміз қыз бен жігіт болып жүре бастадық. Анаммен де таныстырдым. Дәуреннің маған дейін де бір қызы болыпты. Қызына бірде қол көтеріп, содан бері екеуі арласпайды екен. Қыз кешірім бермей қойған сияқты. Бірақ Дәуреннің айтысына қарағанда ол қыз жігітті асырап, қалтасына ақшасын салып, үнемі Дәуреннің айтқанын жасаған екен. Дәуренді жақсы көргендіктен бәріне көзімді жұмып қарадым. Мойныма отырып алса да асырап, махаббатымның көңіліне қарадым. Оның үнемі көңілі тоқ, жайдары жүргенін қаладым. Анам ештеме айтпады. Дәуреннің әкесі мен анасы ажырасып кеткен. Дәурен әкесімен тұрады. Әкесінің екінші отбасы бар. Ал анасы да бір жігітпен азаматтық некеде. Кейде Дәуренге жаным да ашып кететін еді. Анасы өзінің бала алдындағы кінәсін жуып-шайғысы келгені болар: Дәуренге машина сатып әперіпті. Өз бетімен жүріп өскен жігіт анасын да әкесін де тыңдамайтын, тіпті қорықпайтын.
Осылайша Дәуренмен өмірдегі ең қызықты күндерімді өткізіп жаттым. Жұмыстан үйге жүгіремін. Бар тапқан-таянғанымды соған беруге асығамын. Сүйіктімнің бір жаман қасиеті - із-түссіз жоғалып кетеді. Қалта телефонына хабарлассаң, сөндірулі. Кейде тіпті бір айға дейін жоғалып кететін. Осылайша бір күні сүйіктімді түсімде көрдім, қиналып жүр екен деймін. Дәуренді қайдан іздерімді білмедім. Есіме анасы түсті. Анасы іссапарға кеткенде Дәурен екеуіміз сол үйде қонған едік. Сол кезде мен телефон нөмірін есіме сақтап қалғанмын. Жігіттің анасына хабарластым. Анасына өзімді таныстырып, Дәуренді сұрадым. Анасы жылап, Дәуреннің түрмеде отырғандығын айтты. "Егер ұлымды түрмеден алып шықсаң, ұлым түрмеден шыққан күні екеуіңді бірден той жасап үйлендіремін. Өзіңнің ұлымды сүйетініңді дәлелде" деді.
Есімді жиып, жігітімді түрмеден алып шығу қамына кірістім. Ойым тек сүйіктімнің қасында болу. Дәуренге тонау фактісі бойынша 11 адамнан шағым түскен екен. Адам ондай іске келгенде өзін ұмытады екен, миымда тек сүйіктімді аман алып қалу. Қолымнан келген барлық істі жасауға кірістім. Таныстарымның бәріне хабарласып, көмек сұрадым. Жақсы көрген адамың үшін не істемейсің, барлық іске барасың! Таныстар арқылы шағым жазған адамдардың тізімін алып, әрқайсысына жеке хабарластым. Тіпті үйлеріне іздеп бардым. Кейбіреуінің аяқтарына жығылдым десем де болады. Барлығынан қолхат алдым. Сұраған ақшаларын Дәуреннің анасы несие алып, қайтарды. Күні-түні анасы маған хабарласып отырды. Мен тамағын, темекісін, ақшасын алып түрмеге де барып тұрдым. Дәуреннің өзімен де кездестім. Ол да "түрмеден шыққан соң саған үйленемін", - деді. Мен одан сайын мәз болып, бойыма қанат бітіп болашақ өмірімізді өзімше жоспарлап жүрмін. Істің беті бері қарай бастады. Сот сүйіктімді мерзімнен бұрын босатты. Дәурен бостандыққа шықты. Менің қуанышымда шек жоқ. Шаршағанымды, жүйкемнің тозғандығын, ұйқысыз түндердің бәрін бір сәтте-ақ ұмытып кеттім.
Өкініштісі, Дәурен бостандыққа шыққан күні мені өмірінен біржолата сызып тастады. Күнде хабарласып есі шығатын анасы да хабарласуды қойды. Түрмеден шыққан күні жүгіріп маған келер деп ойлаған едім, олай болмады. Мен бір апта күттім. Анасына хабарласып едім, анасы "бәрі өзіңнің қолыңда, шыда, күт. Менің қолымнан ештеме келмейді. Ұлым өзі шешеді, мен ұлымның өміріне араласпаймын" деген сөзден басқа ештеме айтпады. Кейіннен анасы мен хабарласқан кезде, телефон тұтқасын да көтермейтін болды. Шынын айтсам алғыс та айтпады анасы. Ақыры шыдамай жігітке өзім хабарластым. "Кездесейік, сөйлесейік" дедім. Жігіт келді. Өте суық. Менімен сөйлескісі де келмеді, тіпті маған дауыс көтеріп айқайлады. Сол кеткеннен Дәуренім мол кетті. Кетерінде "түрмеден алып шыққаныңа рахмет" деп те айтпады. Жылап, өкініп мен қала бердім. Кейіннен естідім Дәурен үйленіпті. Ал менің жүрегімде сол оқиға шер болып қатып қалды. Тіпті анамнан да ұяламын. Сонда анасы мен ұлы менің әлсіз жерім - махаббатымды пайдаланды ма деп ойлаймын. Уәдені үйіп беріп, аяғында адамды танымай кеткендері адамшылық қасиеттен жұрдай екендерін көрсеткендей. Өзімнің де көзсіз махаббатқа басым айналып, ақылмен жасамаған ісіме өкінемін. Менің кінәм - аңқаулығым, аңғалдығым және Дәуренді қатты сүйгендігім болар. Енді қайда жүрсе де бақытты болсын. Мен үшін қазір Дәурен деген жігіт өмірімде болған емес, сызып тастадым.
Құрбыларым, әр басқан қадамдарыңды ақылмен аттап, әр жасаған істеріңе есеп беріп, өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді бағалаңдар!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста