Сүйіктім менің кесірімнен жындыханада жатыр

Сүйіктім менің кесірімнен жындыханада жатыр

Өзімді қатты опындырып, кінәлі ететін тоғыз жыл бұрынғы оқиғаммен бөліссем деймін. Қазақтар «Ойыннан өрт шығады» деп бекер айтпайды екен. Менің басымдағы осындай бір уақиға бір адамның тағдырын күлпарша еткені бар емес пе? Кешірілмес күнә жасаған сол оқиға есіме түссе, әлі күнге денем түршігіп, жаным қатты ауырады. Бір күні менің досым Әсет өзінің дос қызының туған күніне шақырды. Ол күні көп шаруам болып, қатты шаршап, диванға қисайсам қатты ұйықтап кетіппін.

Мен қалта телефонының қоңырауы оятты. Әсет екен... Жанталаса көк жемпірім мен джинсиімді киіп, есікке қарай ұмтылдым. Әсет тұратын ауданда тағы бір досыммен жолығып, сыйлық таңдау үшін гүлдер дүңгіршегіне бас сұқтық. Ол арадан бір шоқ гүлмен қатар мамық үлкен ақ аюды сатып алдық. Қонаққа келгенімізде бізді туған күн иесі алдымыздан күлімдеп күтіп алды. Оның есімі Әсел екен, биік өкшесі онсыз да сұңғақ қызды сырбаз ете түскен, ал үстіндегі көкшіл желбірі бар раушан гүл түстес көйлегі өзіне құйып қойғандай жарасып тұр. Ал иығынан төгілген ұзын шашы түстес бота көздері мөлдіреп тұр. Үстел үстінде оның кірпік қақпай маған қадалған жанары әбден дегбірімді шығарып, көңілімді елітті. Ұялғаннан қызға қарауға батылым жетпесе де бүкіл назарым мен жан-дүнием тек ол деп айғайлап тұрды. Күліп жатыр, әңгіме айтылып жатыр, бірақ оның ешбірін түсініп жатқаным жоқ. Өйткені бар ойым туған күн иесі &ndash сұлу аруда. Мұны Әсет байқап қойғандай. Уақытты көп ұзартпай бізді таныстырды. 
- Әсел, - деді ақырын шыққан нәзік дауыс. 
- Ербол, - деп менде аузымды жыбырлаттым. Сол арада онымен жақын танысып-білісе бастадым. Ол КазМҰУ-дың сырттай ақылы бөлімнің 2-курсында оқиды. Оқудың ақысын өзі төлейтін көрінеді, сол үшін жұмыс істеуге мәжбүр екен (бұл туралы кейінірек). Әсел екеуміз бір көргеннен бір-бірімізді ұнатып қалдық. Мұны сол қонаққа келгендердің барлығы байқапты. Осылайша екеуміз жиі-жиі кездесіп, бос кездерді бірге өткізетін болдық. Көбіне оны университеттің есігі алдынан күтіп аламын. Гүл сыйлаймын, арасында өлең шығарып қоятыным да бар. Бір-бірімізді жақын біле түскенімізге небәрі екі ай болған, оған ән шырқаған ұнайтын, ол поэзияны жаны сүйетін, осылайша бір-біріміздің қызығушылығымыз жақын боп шықты. Бір күні екеуміз паркте келе жатқанда одан қайда жұмыс істейтінін сұрадым. 
«Егер оны айтсам, сен бәрібір мені түсінбес едің» деді Әсел. Мен оған ешбір жұмыстың ұяттығы жоқтығын, ақыңды адал маңдай термен тапса болғаны деп жатырмын. Ақыры ол өзінің құпия жұмысы не екенін айтуға бел шешті: «Мен мәйітханада еден жуушы боп жұмыс істеймін». «Осыны айтуға ұялып жүрсің бе» деп мен күліп жібердім. «Тек көп адамдар мен еден емес, өліктерді жуатын секілді қабылдайды, сондықтан бұған түсіністікпен қарағанына рахмет» деді Әсел түсін суытып. Сол күні оны үйіне дейін шығарып салып, құшақтап, бетінен сүйіп қоштастым. Үйге таксимен жеттім. 1 сәуір қарсаңында досым Әсет біздің үйге бас сұқты. Екеуара өмір, қыздар, болашақ туралы біраз әңгіменің тізгінін жібердік. Қолында сырасы бар Әсет бір уақытта басына бір керемет идея келгенін айтып, аяқ-астынан айыр-асыр болды да қалды. 
«Ол қандай, немене» деп жатырмын менде оның желігіне елітіп. «1сәуірде Әселді қатырайық» дейді ол қос алақанын уқалап. 
- Қалай? 
- Ол мәйітханада жұмыс істейді емес пе? 
- Иә. 
- Менің бір танысым театрда жұмыс істейді, ол адам қолы барын айтқан. Тура адамдікі секілді маникен қол, талай елді шошыттық деген. Соны Әселдің жастығының астына қойып қояйық. 
- Есің дұрыс па? Қызды олай шошытуға бола ма екен, болмайды мұның... 
Дегенмен Әсет: «Ол қандай жерде жұмыс істейтінін білесің ғой, өлікпен жұмыс істеп жүрген адам қандай да бір маникеннен қорқады ма екен» деп бастырмалатып қоймай қойды. Ақыры оның ақылға сыйымсыз бұл ойынына қатысуға келісім бердім. Келесі күні жасанды қолды алып Әсел жалдап тұратын үй есігінің қоңырауын бастым. Қасындағы қыздар жоқ, жалғыз екен. Ол шай демдеуге ас үйге кеткенде мен жоспарлап келген ойымды жүзеге асырдым. Біраз отырған соң үйіме оралдым. Келесі күні таң атысымен оған қоңырау шалдым, бірақ ол телефон тұтқасын көтере қоймады. Әлі ұйықтап жатқан шығар деп ойладым. Төрт сағат өткен соң қайтадан телефон соқтым. Қайта-қайта оның нөмірін терсем де ар жақтан бір жауап болмады. Ақыры шыдамай оның үйіне қарай тарттым. Есік қоңырауына да ешкім жауап қатпады. Сөйтіп кері оралуыма тура келді. Ертеңінде оның жұмыс орнында жоқ екенін білдім. Шындап қобалжиын дедім, мұның барлығын Әсетке айтуды жөн көрдім. Ол бірден жетіп келді де үйіне тағы барайық деді. Бірақ бұл жолы да есік қоңырауына ешкім жауап қата қоймады. Сол кезде көрші әйел есігінен басын қылтитты. Біз одан Әселді көрген-көрмегенін сұрадық. Көршісі екі күні оны көрмегенін, бірақ кеше осы қабырға жақтан жаман дауыс шыққанын айтты. Мұны естігенде шошып кеттік. Әсет шалт қимылға кірісіп, есікті бар денесімен соқылай бастады. Көршісі бұл қылығымыздан қорқып милицияға хабарлайтынын айтты. Керісінше, біз ол қызға бірдеме боп қалды ма деп қорқып жатырмыз деп түсіндіріп, одан есікті бұзатын саймандар сұрадық. Сөйтіп ақыры есікті аштық... 
Дәлізде ешкім көрінбеді. Әсел деп дауыстап, оның бөлмесіне қарай бағыт алдым. Жартылай ашық есіктен бірдеңе ағараңдағандай болды. Тез адымдай ол есікті ары қарай серпіп жібердім. Бізбен ілесе кірген көрші әйелдің жан дауысы шықты. Ал біз алдымыздағы көріністен қаққан қазықтай қадалдық та қалдық. Шашы жайылып, беті тырналып, көздері алақтаған іш көйлектегі Әсел бізді көргенде төсегінің астына қарай зып берді... 
Міне, содан бері 9 жыл өтті. Әсел әлі жындыханада емделіп жатыр. Ара-тұра оған барып тұрамын. Бірақ ол басқа өз әлемінде шарлап жүреді, тіпті мені танымайтын да секілді. Аузынан бір сөз ала алмай қойдым. Ал Әсетпен сол күні жолымыз айырылысқан. Әселдің мұндай күйге түсу себебін Әсет екеуміз ғана білеміз. Ол осыған дейін іште құлыптаулы құпия жатқан. Бірақ осы нәрсе маған маза бермей, өмірімнің мәнісін жойып, алға қадам жасауға мүмкіндік бермейді. Қазір жұмыссызбын, әлгі жағдайдан соң томаға тұйықталып кеттім, барлығы жан-жағымнан ұрса береді. Уақыт өтіп жатқанын, жас кезде неге жанталасып жұмыс істеп, отбасын құрмайсың дейді. Ал егер олар менің бұл қылмысымды білсе ғой, не дер еді?.. Не істерімді білмей жүрмін... 



Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста