Секстің дәмін таттың ғой, кел жатайық дейсіз бе...

Осыдан екі-үш жыл бұрын. Рамазан айы болатын. Сұлу да сымбатты, өте пысық қызбен таныстым. «Құлай сүйіп қалдым» демеймін. Бірақ мейірімділігі мен қайырымдылығына тәнті болдым. Іскер ару. Ауызашарға бірге баруды әдетке айналдырдық. Кейін бес уақыт намазы түгел екенін білдім.Төрт-бес мәрте киноға да апардым. Ұната бастадым. Олда кетәрі болмады.

Бір күні саябақта қыдырып жүргенбіз. Жаз мезгілі болса да Астанада кешкісін күн суытып кететін әдеті бар ғой. Үстімдегі қалың күртешемді дір-дір етіп тұрған «Нәзіктіктің» үстіне жауып, студент кездегі қызық сәттерді айтып келе жаттым. Кенет тақырыптың арнасы «отбасы, бала сүюге» ойысты. Бірақ оның көңіл-күйі бірден түсіп кетті.

-Тәуірбек аға, қазір мен сізге бір нәрсе айтсам сіз менімен араласуды доғарасыз,-деді.

-Аааа,-деп аңтарылып қалдым.

- Мені нағашым, анамның туған інісі 10-сынып оқып жүргенде зорлап алған,-дегенде үстіме суық суды құйып жібергендей болды.

-Қалай сонда? Ойнап тұрсың ба?,-деп өтірік жымидым.

-Енді мені «секске, төсекке шақырасыз» ба? Енді мені жеңілтек қыз деп ойлайсыз, иә? Сен, бәрібір «секстің» дәмін таттың ғой. Кел жата салайық дейсіз бе?,-деп мені жұлқылап, жылай бастады.

Сол кезде-ақ, мен ұнатқан қыздың өмірден қатты соққы алғанын түсіндім. Еңкілдеп тұрған аруды құшағыма алдым. Менің де көзіме жас тығылды кеп. Зәрем кетті. Оны сабырға шақырып «Не болды саған?» деген сөзді айта беріппін. Бәрі басылған соң жақын жердегі мейрамханаға барып отырдық.

Әңгімесін ұзақ тыңдадым. Мектеп кезінде анасы «Нағашыңның үйін сыпырып, тазалап кел» деп жұмсап жіберген. Үй жинауды әдеттегідей музыка қосып түпкі бөлмеден бастаған. Сол сәтте нағашысы артынан шап беріп зорлап алады. «Нәзіктік» оны анасына айтпайды. «Неге айтпадың? Соттатып жібермедің бе? Елдің өсегіне қалам деп қорықтың ба?» деп сұрағанымда «Әпке мен бауырдың ара-қатынасын бұзғым келмеді. Өйткені анам інісін қатты жақсы көреді» деп қысқа қайырды. Бірақ ертесіне сол нақұрыс нағашысы жездесінің үйіне кеп, түк болмағандай әпкесінің шайын ішіп, әңгіме соғып отырған. Солай айлар өткен, жылдар өткен. «Нәзіктік» 11-сыныпты бітіріп Елордаға оқуға түседі. Ауылға мүлде бармауды ұйғарады. Әлі жол түспеген.

- Қазір мен үшінші курста оқып жатырмын. Елге әлі аяқ баспадым. Ешкімді көргім келмейді,-деп сүйріктей саусақтарымен көзінің жасын сүртіп жіберді.

- Жаңа маған «Бәрібір «секстің» дәмін татты ғой. Кел жата салайық дейсіз бе?» деп неге айқайладың? Жан-жақтағы жұрттан ұят болды ғой,-деп ренжіген сыңай таныттым.

- Ол үшін кешірім сұраймын, Тәуір аға. Менің жігітім болған. Ол «қызсың ба?» деп сұрағасын, АЛЛА-дан қорқып шынымды айттым. Осыдан кейін маған деген қарым-қатынасы бұзылды. Менің кемшілігімді айтып қол жұмсайтын болды. Тіпті «секстің не екенін білесің ғой бәрібір» деп төсекке тарттты,-деп көзі мөлдіреп кетті.

Көңілін аулау үшін қызықты әңгімелерімді айтып үйіне шығарып сап тұрғанда «СІЗ ЕНДІ МАҒАН ХАБАРЛАСПАЙСЫЗ, МЕН ОНЫ БІЛЕМ!» деп үйінің есігін ашып кіріп кетті.

Мен үйіме кеттім. Көп ойландым. Әлгі қызды әйел қылып алсам алдымен нағашысын бауыздап тастаймын деп ойладым іштей.

Таң атты, күн батты. Қайта таң атты... Мен расында ол қызбен қарым-қатынасты сирете бастадым. Бір күні үзілді. Ол менің әлсіздігім. Бұл әрекетімді жігіттік емес таза мігіттікке балаймын. Кейде өзімді қатты кінәлаймын, жазғырамын. Кез келген нәрсе бекер болмайды ғой. Мүмкін бұл Алланың сынағы шығар деп те ойлаймын. Ал мен сынақтан сүріндім. Енді құлағымнан «Нәзіктіктің» «СІЗ ЕНДІ МАҒАН ХАБАРЛАСПАЙСЫЗ, МЕН ОНЫ БІЛЕМ!» деген сөзі еш кетер емес.
Кешір мені "НӘЗІКТІК!" (Кейін "Нәзіктікті" ешбір жерден таппадым. Әлеуметтік желіде де жоқ. Ғайып болып кетті ару.)

PS: Маған өте ауыр болды. Әлі күнге дейін «Нәзіктікті» ойласам жүрегім шым ете қалады. Мына әлемде азғындалып барады ғой, құрығырды. Ақпарат бетін аша қалсам «Туысы 7 жасар қызды жыныстық қатынасқа итермелеген», «Көршісі 2 жасар нәрестені аяусыз зорлаған» деген жаңалықтан көз ашпайсың. Дәл сол сәтте «Нәзіктіктің» мөлдіреген көзі, ерке қылығы, жүрекке толы иманы мен ибасы еске түсіп езіліп кетемін.

Бірақ соңғы кездері мені ол қыздың өмірі емес, дәл сондай ауыр жағдайға ұшыраған қазақ аруларының тағдыры алаңдатты. Рас! Дәл осындай кезде «Ұят болады!», «Жұртқа қай бетімізбен қараймыз?» деген менталитеттің ешбір көмегі болмайды екен. Керісінше, бұл қасіретпен қоғам болып күресудің жолын іздеу керек сияқты. Мектеп психологтары қарқынды түрде жұмыс жасауы кажет. Немесе арнайы ұйым құрып, «соққы» алған арулардың болашағына кесірі тимейтіндей, қол ұшын созуды жасырын түрде жүзеге асыру керек. Оңбағандар жазасын алуы шарт. Меніңше, бүгінгі таңда елімізде әр оныншы қыз дәл осындай ситуацияға ұрынған сияқты. Құдай сақтасын. Бірақ қаншама нәзік жанды бәрін ішіне бүгіп жүр? Бұл дерт ушығып барады.
Не істейміз?

(Ең өкініштісі педофилия Америкада не Еуропада емес мұсылман елдерінде көп. Жақында атақты Aljazeera.com сайтынан бір мақала оқыдым. Дүние жүзі бойынша Пәкістан педофилдердің ордасына айналып үлгеріпті. Өткен жылдың өзінде-ақ 207 миллион тұрғыны бар елде 3800 бала зорлау оқиғасы тіркелген. Ал тең жарты халқы мұсылмандар деп жүрген Үндістан екінші орында. Бір жылда 2000-нан аса бала ерексектер тарапынан жыныстық қорлық көрген. Масқара ғой!)

Италияның бір басылымындағы педофилия тақырыбын қамтыған мақалада төмендегі сурет тұр екен. Педофилдердің жаны дәл осындай. Таза шошқа. Өйткені шошқалар өскенде өзінің анасымен шағылыса беретінін білесіз ғой? Тіпті кішкентай торайлардың да мазасын алады. Ал шошқаны бауыздамайды. Жүрек тұсына пышақты сұға салады. Оны бала күнімде көрші орыстардан талай көрдім. Дәл солай педофилдердің жүрегін жарып тастау керек.

Тауирбек Бозекенов
Фейсбуктегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста