Қыздарымыз «мүшеқаптан» ұялып, екіқабат болып қалудан неге ұялмайды?

Жақында жасы үлкен гинеколог апай «орыстың қыздары жастары 14-15 те кезінен-ақ етеккірі арқылы «қауіпті күндері мен қауіпсіз күндерін» есептеп алады. Біздің қыздарымыз овуляция түгілі презерватив пайдалануды ұят санайды» деді ашуланып. Расында да қаласақ та, қаламасақ та соңғы кездері қыздарымыздың жыныстық қатынасқа ерте бой үйретіп жатқанын байқаймыз. Соған сай еліміздің әр өңірінде жасы кәмелетке толмай жатып аяғы ауыр болып қалып жатқан жасөспірім қыздарымыз баршылық. «Ауруын жасырған өледі» дегендей, жастарымыздың жыныстық сауаттылығын көтеруге ұялып жүргенімізде, олар іштері томпайып өзімізді ұялтуда. Осы орайда біз бүгін овуляция дегеніміз не? Жалпы «қауіпті күндер» туралы азғантай түсінік беруді жөн көрдік...
Теория бойынша – овуляция күні, етеккір басталуына 14 күн қалған кез. Жетілген жұмыртқа жасушасы 12- ден 24 сағатқа дейін өмір сүреді, тек осы уақытта ұрықтану кезеңі жүреді. Бірақ әр ай сайын цикл өзгеріп тұрады, сондықтан ең қатерлі уақыт овуляция күні болып саналады, оған дейінгі 2 күн мен кейінгі екі күн – барлығы 5 күн. Қауіпті ретінде осы кезеңге дейінгі 3 күн – жатырға түскен аталық ұрықтың аналық жасуша пайда болғанша тірі болу мүмкіндігі бар.
Овуляцияны қалай білуге болады?
Овуляцияға 2-3 күн қалғанда жатыр мойнынан бөлінді пайда болады: тұнық әрі созылмалы, шикі жұмыртқаның ақ сұйығына ұқсайды. Овуляцияның тағы бір белгісі – жұмыртқаның біріндегі ауырсыну сезімі. Жұмыртқа жасушасы өлген немесе ұрықтанған кезде бөлінді қою болып, сіз оны байқамайсыз.
Жыныстық қатынаста қорғанудың күнтізбелі әдісі белгілі. Жүктілік овуляция кезінде болатынын білеміз. Овуляция (әдетте 28 күндік цикл үшін) еттеккірдің алғашқы күнінен бастап санағанда, шамамен 14-ші күнге сай келеді. Яғни, сол күннен бастап бала көтерудің мүмкіндігі ең жоғары. Овуляция әдетте 2-4 күнге созылады. Овуляцияға дейін және овуляциядан кейінгі күндер шартты түрде «қауіпсіз» болып саналады.
Тұрақсыз цикл болса да жүкті болуыңыз мүмкін. Арықтығыңыз немесе цикл тұрақсыздығы себепті етеккіріңіз жиі келмесе де – бәрібір қорғануыңыз қажет. Дәрігерлер ескертеді: овуляция – бұл кез келген сәтте пайда болатын құбылыс. Мысалы, егер әйел арықтау болса, онда сәл ғана салмақ қосуы гормондық жағдайын өзгертеді. Біз қайталаудан жалықпаймыз: овуляцияның «қауіпті» және «қауіпсіз» кезеңдері мен нақты мерзімін білу сізді контрацепциядан босатпайды! Аталмыш әдістер сіздерге ертерек ата-ана атануға мүмкіндік беретіні рас. Дегенмен, өзіңіздің тәніңізді, ондағы болып жатқан құбылысты жақсы білу де өте маңызды. Бұл қандай қателік қауіпті әрі қандай нәтижеге алып келу мүмкін екендігін білуге көмектеседі. Сонымен бірге дереу контрацепция қабылдау керек пе екендігін нақты білесіз. Бұл әдіс еттеккір циклы бірқалыпты, ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамайтын, тұрақты бір адаммен ғана жыныстық қатынаста болатын әйелдерге арналған әдіс. Бұл әдіс контрацепция болып саналмайды!
Атап айта кетер жайт, «қауіпсіз» күндері бала көтеріп қалу 100% мүмкін емес деген тұжырым — ең үлкен қате! Неге?
Ер адамдардың ағзасында әрқашан жетілген, ұрықтануға дайын жыныс жасушалары бар. Және олар әрдайым өте көп мөлшерде болады. Олар сперматазоидтар деп аталады. Ал әйел адамның ағзасында бірнеше мыңдаған жетілмеген жасушалардың ішінен ай сайын бір ұрықтануға дайын жасуша пайда болады. Осы кезең овуляция деп аталады.
Әйел адамның ұрықтануға дайын жасушасы жетілген қалпында 2 күнге дейін өмір сүреді. Ал ер адамның сперматазиоды әйел ағзасынада 5-7 күнге дейін өмір сүреді. Яғни жыныстық қатынас овуляцияға дейін бірнеше күн бұрын орын алса да, овуляция кезінде сперматазоидтар әлі тірі болып, ұрықтану белсенділігін сақтап тұрады. Сөйтіп, сіз ойлаған «қауіпсіз» күні жүкті болып қалуыңыз әбден мүмкін. Ал егер сіздің еттеккір циклыңыз қалыпсыз болса, ағзаңызда симптомсыз жүретін ауру бар болса, түрлі адамдармен ретсіз жынсытық контак орын алып тұрса, күнтізбелік әдіске де, басқа контрацепция әдістеріне де жүгінбегеніңіз абзал. Жыныстық қатынас тек некелескен адаммен ләззат алып, бала көтеру мақсатында орын алған дұрыс екенін ұмытпайық.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста