«Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?»

Үйге ең алғаш келін түскенде, бауырым өзінің құсын қолына қондырғанда шыны керек қатты қуандым. «Жанұямызға жаңадан бір адам қосылды, үй жинау, еден жуу, ыдыс-табақ шаюдан құтылатын болдым, қолым ұзаратын болды» деп риза болып жүрдім. Оның үстіне, қазақы дәстүр бойынша жеңгеммен әзілдесетін болдым, сырласатын болдым, еркелейтін болдым деп қуанышым қойныма сыймай, ерекше сезімге бөлендім. Алайда уақыт өте келе жеңгем менің оған деген ерекше құрметімнің, сыйымның күл паршасын шығарды. Көңілімді қатты қалдырды. Енді осы туралы ойымды «Алаш айнасына» жазып, көпшіліктің ақыл-кеңесін алайын деп шештім.
Жасыратыны жоқ, жеңгем үйге алғаш келгенде бүкіл отбасымыздың бәрі бірден әдепті бола қалды. Әншейінде әке- шешем болмашы нәрсеге бола бір-бірімен сөзге келіп қала беруші еді. Оның бәрі сап тыйылды. Шешем сызылып, тіпті бізге ұрыспайтын болды. Мұның алдында отбасымыздың басы қосылып, бірге шәй ішіп отырғанда бір-бірімізбен емен-жарқын әзілдесіп, уаха-ха-лап күліп, тарс-тарс «осырып» отыра беруші едік. Жанұямызға жаңа адам қосылғанда мұндай ерсі әдеттердің бәрі тыйылды. Үйде отырып насыбай атып, темекі шеге беретін әкем келінінің көзінше насыбай атуға ұялып, тек темекі тартатын болды. Оның үстіне, үйде емес, далаға шығып тартатынды шығарды. Шешем де келін күйеуіне дұрыс қарасын деді ме, әйтеуір әкемді ерекше құрметтейтін болды, «қандай тамақ ішесің, отағасы» деп сызылып, айқанын екі етпейтін болды. Мен де дауыс шығарып «осырмайтын» болдым. Өзімді әдепті жігіт секілді ұстадым.
Осылайша жеңгем бізге сіңісіп, отбасымыздың бір мүшесіне айналды. Жеңгемді қатты сыйладым, ерекше құрмет тұттым. Айтқанын екі етпей, тіпті ол бірдемені бүлдіріп қойып, шешем оған ұрысса да, жеңгемді жақтап шығатынмын. Ағам екеуі ұрсып қалса да жеңгемнің сөзін сөйлейтін едім. Қашанда оны қорғап, сырымды айтып, әзілдесіп, еркелеп жүрдім. Ол мені Еркебала деп атады. Тіпті той-томалаққа бірге барғанда, оны басқа жігіттер биге шақырса, қызғанып қуып жіберетінмін. Қашанда жеңгемнің қорғаушысы, қолдаушысы болдым. Ол үшін барымды салдым. Алтын жеңгем мен үшін ең ардақты жаңға айналды.
Бірақ жеңгем өмірге ұл әкелгеннен кейін мінезі өзгеріп сала берді. Бұрын анама қарсы сөйлемеуші еді, үндемей құтылатын. Мен оның сол мінезін ерекше жақсы көрдім. Дегенмен уақыт өте келе шешеме қарсы шығып, дауыс көтере бастады. Үйде сәл реніш болса, баласын құшақтап төркініне қашып кете беретін болды. Анам баламның бақыты үшін келінді үйге әкелейін деп, құдасының үйіне барса, онда жеңгем бүкіл ағайынымен қосылып, анама жабылатын болды. Тіпті сол шаңырақтың отағасы «қой, ұят болады» деудің орнына, қайта ол да анамды жерден алып, жерге салады. Әрине, үй болған соң өкпе-реніш болмай тұрмайды ғой. Бірақ жеңгем біздің үйдегі тірліктің бәрін әпкелеріне жеткізіп тұрады екен. Анам келініне ұрыспайды емес, ұрсады, оны жасырмаймын. Бірақ әр үйдің өзінің айтылмайтын сыры болуы тиіс емес пе? Оны басқаларға жеткізіп не керек? Осыдан келіп оның үй ішінің бәрі менің анамды жек көреді. Тіпті оның менімен жасты інісінің өзі анама қарсы дауыс көтергенін естіген кезде, қаным басыма шауып, ит терісін басына қаптағым келеді. Қазір мен де, анам да, ағам да, тіпті әкем де оның үйіне барғымыз келмейді, құда, құда бала болып емен-жарқын араласуға зауқы жоқ. Ал бізді осындай күйге жеткізген жеңгемнің өзі. Қит етсе үйіне қашады. Үйде болған реніштің бәрін төркініне жеткізіп барады. Ал онда «ақыл» айтатын әпкелері жеңгемді бізге қарсы шығарады.
Бірде жеңгем анамның тойға киетін жалғыз көйлегін үтіктеймін деп күйдіріп алды. Анам қатты ұрысқан жоқ, «жөнделеп үтіктемейсің бе?» деп ренжіп еді, соған бола өзінен-өзі айғайлап, қайтадан кетемге басты. Үйден киініп шығып кетті. Арада біраз уақыт өткен соң әке-шешесін ертіп келіп, үйде айғай-шу басталды. Дауласқанды ұнатпайтын әкем үйден шығып кетті. Бір кезде үйге кірсем анам кішкентай немересін құшақтап қысып алып, «бермеймін» деп жылап отыр. Ал аналар анама аузына келгенін айтып, тіпті жеңгем анамды итеріп жіберіп, баланы қолынан жұлып алды. Шынымды айтсам, жеңгемді бір ұрып, құда мен құдағиды үйден қуып жібергім келді. Оларға шамам жетеді. Бірақ бауырымның бақыты үшін жеңгеме ләм дей алмадым. Біз мың жерден ұрсақ та, бет жыртысып қайта көріспейтіндей болсақ та, балажан бауырым бәрібір баласы үшін оған қайта барады. Қайта қосылады. Бірақ жеңгем ағамның осы әлсіз тұсын біліп алған соң ба, айылын еш жияр емес. Анамды да қартайтып жіберді, жуас әкемнің де көңілі әбден суып кетті. Ал қазір жеңгем үйде би болды. Тіпті кейде ағам да ашуланып қол көтеріп қалса, онымен төбелесетінді шығарды. Енді бұдан кейін не істеуге болады? Шынымды айтсам, ағама «ажырасшы, бала белде, қатын жолда, қартайған ата-анамызға қарайтын дұрыс қыз алшы» дегім келіп жүр. Бірақ балаға обал ғой. Мұндай жағдайда не істеуге болады, ойлы оқырман?!. Қандай ақыл-кеңес қосасыздар?.. «Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» деп ата-бабаларымыз тегін айтпаған екен ғой...

Серікбек

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста