Қыз алып қашу адам ұрлау ма?

massaget.kz

Базбір жылдардан бері «салтымыздың» санатына енген қыз алып қашу үрдісі әлі де өз мәнін жойған жоқ. Жойылмайтын да шығар. Себебі, құда түсудің қырық түрлі «іс-шараларына» кететін қыруар қаражатына қолы қысқалардың шамасы келмейді. Ақша үнемдеудің төте жолы – осы алып қашып үйлену деп есептейтіндер баршылық. Қыз алып қашу жайында «Алаш айнасы» ой толғайды.
Мұның екінші жағы да бар. «Аузынан сөзі, қойнынан бөзі» түсіп тұрған кейбір бозөкпелер өзі ұнатқан қызына сөз сала алмағандықтан оңтайын тауып осы әдіске жүгінеді. Енді көкпарға айналған қыз байғұстардың жігітінің жағдайына қарап өз еркімен келісім беретіндері де, еріксіз кездейсоқ қыз алып қашудың құрбанына айналатындары да бар. Соңғы жағдайда тағдырын танымайтын әлдекімнің қолына сеніп тапсырғысы келмеген кейбір бойжеткендердің сотқа жүгінуімен аяғы насырға шауып қайғылы аяқталып жататын оқиғалар ара-тұра кездесіп тұрады. Көбінде мұндайлардың талайын бастан өткерген, «асауларды» жуасытқан ауыл академиктері – әжелердің атқаратын ролі зор. Басына орамал салғызбай тепсінген тентек қызға басу айтып, екі-үш сағат тегін лекция оқып «бірінші бақтың – бақ, екінші бақтың – кері бақ» екендігіні ұғындырып, ұрымтал тұстан ұстап, ақ шашын алға тартып алып қалатын да осы әжелер. Өлшеулі өмірде өзі көріп білмеген жанмен жарасымын тауып кетіп жатқандар да аз емес. Бірақ ажырасушылардың қатарын толықтырып жатқандардың да көп екенін жасыра алмаймыз енді. Атқа өңгеріп алып қашатын баяғының заманы өткен. Дегенмен жігерсіз жігіттердің қыз ұрлауды әл-әзірге құрдымға кетірер түрі жоқ. Осындайда жүгенсіз жүгермектерді жөнге салатын заң тармақтарына үңіліп көрсек. Кезінде құқық қорғаушылар қыз алып қашуды қай бапқа жатқызарын білмей дал болғаны бар. Ақыры оның да жолы табылды. Адам ұрлау фактісіне жатады екен. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша адамды ұрлау төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Дәл осындай әрекетпен алдын ала адамдар тобымен сөз байласып, өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, қару қолдану арқылы кәмелетке толмағандарға қатысты пайдакүнемдік ниетте жасаса, мүлкі тәркіленіп жеті жыл мен он екі жылға бас бостандығынан айырылады. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде қарастырылғандай ұйымдасқан топ жасаса, ұрланған адамды нәпсіқұмарлық немесе өзге де әрекеттерге пайдалану мақсатында абайсызда жәбірленушінің өліміне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса онда мүлкі тәркіленіп он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға кесіледі. Көріп отырғанымыздай осындай әркеттер орын алса заң ешкімнің де маңдайынан сипамайды. Сондай ақ жүгенсіздерге қарастырылған жеңілдіктер де бар. Ол тек егер ұрланған адамды өз еркімен босатса, оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Мұны «алып қашқыштардың» құлағына алтын сырға дейміз де. Тек тыңдар құлақ табылса...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста