Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа жылдан бақыт тілегендерге бақыт, денсаулық сұрағандарға денсаулық, сәби сұрағандарға сәбилі болуларыңа тілектеспін. Барлықтарымызға Алла бақытты болуымызды нәсіп етсін. Және де арсыздарға ар беріп, санасыздарға сана берсе екен дегім келеді. Өйткені бүгін осы арсыз, санасыз құрбым тұралы айтып, сіздердің пікірлеріңізді тыңдағым келеді.
Құрбым болғанда да бір жақын құрбым емес. Мектепте оқып жүрген кезімізден бір-бірімізді танимыз, Сол кезде мен ол туралы көрші мектептің қыздарынан ол жүргіш, жеңілтек қыз деп еститінмін. Жігіттердің де ол қыз туралы небір іңгімесін құлағым шалғаны бар. Қолмен ұстап, көзбен көрмеген соң мен өзім ондай әңгімелерді көре алмаушылықтан құрастырып алған деп ойлайтынмын және де ешкіммен бұл тақырыпты талқылап әңгімелемейтінмін де. Бетіне күліп жүріп артынан өсек айтып, ондай пасықтыққа барғым келмейтін.
Міне, мектепті бітіріп кеткенімізге он жылдан асып кетті. Ойлап отырған шығарсыз, он жылдан асқанан кейін неменеге енді әңгіме қылып отыр деп. Айтып отыран себебім биыл ол мені қатты ренжітті. Оның айтқан сөздерінен депрессия болып, өмірден түңіліп өзіме қол жұмсамақшы болдым.
Мектеп бітіргенен соң оның оның жеңіл жүрісті қыз екеніне бір жігіт көзімізді жеткізген болатын. Бірақ сонда да артынан өсектеген емеспін. Өйткені ол мектеп бітірген жылы ауылдың бір аңғалдау жігітін алдап, соған куйеуге шығып алды. Балалы-шағалы болды.
Арамыздағы түсінбестік, ол менен қарыз ақша алғанан басталды. Ол менен қатты қиналып тұрғанын айтып, келесі айда қайтарам деп біршама ақша қарызға алды. Бала-шағам үшін сұрап отырмын, әйтпесе сұрамас едім, намыстанып тұрсамда бала-шағам үшін амал қанша деп, намысшыл екенін көрсеткісі келді ме солай айтқан. Ақшаны алған соң ол сол күйі жоқ болып кетті.
Жарты жылдан соң озіме ақша керек болған соң телефон соқсам көтермей қойды. Жазсам жауап бермейді. Сонымен тағы быр жыл өтеді. Менде біреуге қарызданып ақшаны қайдан алсам екен деп жүргенде сол бір жарым жыл бұрын берген қарызым бары есіме түсіп, мүмкін беріп қалар деген үмітпен мен оған жазып жібердім: "Ақшамды қайтарсаң дұрыс болар еді" деп жаздым. Үмітсіз шайтан дейді ғой, беріп қалар деп үміттендім. Басқа біреуден алған қарызымды бере алмай жүргеніме қатты қынжылып жүргем. Өзім жеті жылдан бері бала көтере алмай жүрген келіншектердің бірімін.
Осыншама жылдар қалай тез өтіп кеткенін сезбеппін. Өйткені менің балалы бола алмай жатқанымды ешкім бетіме басып, ауыр сөздер айтқан емес. Ал құрбымнан келген жауапты оқып, төбемнен біреу ауыр затпен бар күшімен салып қалғандай болды. Ол "балалы үй базар баласыз сеніңкідей қу мазар" деп жазып жібенріпті.
Бұл сөздің қаншалықты ауыр тиетінін бала сүйе алмай жүрген келіншектер түсінер. Ол маған осыншалықты қатты сөз айтатындай бір артық сөз айтқан емеспін. Ақшамды қайтар деп жекіп айқайлап немесе боқтап, намысына тиетін сөздер айтсам мейлі екен. Оның жеңілтек қыз болғанын білетіндігімді де бетіне басқан емеспін, басқа біреуге де айтқан емеспін. Бар болғаны ақшамды қайтарсаң дұрыс болар еді дегенім үшін сондай сөз естідім.
Қатты ашуландым, өмір сүргім келмей, өмірдің мәні де қалмағандай болып көрінді. Соның арсыз екенін біліп тұрып ақшаны берген өзімді кінәләдім. Бірақ мен оның арсыздығынан бөлек санасыз екенін білген жоқпын ғой. Ақшаны осы уақытқа дейін қайтарған жоқ.
Сол да сөз болып па дегендерге айтарым, мына қысқа ғана өмірде бір-бірлерінізді ренжітпей, қайғыларыңызға ортақтасып, түсінікпен қарасаңыздар екен дегім келеді.
Бұл өмір бізге сынақ, әрбір айтқан сөзімізге Алланың алдында жауап беретін күн келеді, содан қорықсаңыздар екен деймін.
Дәмелі, Семей