Құрбым жігітімд тартып алды

 Құрбымды қатты жек көріп кеттім. Ондай құрбының болғанынан болмағаны жақсы еді. Жан сырымды ақтарып, көмек сұраған кезде бетіме күле қарап, іштей не ойлағанын кім білсін.
Бəрін басынан айтып берейін. Ол қызбен 2016 жылдың шілде айында таныстым. Ол менің мамамның кластас құрбысының қызы. Сол кезде мен мамаммен оның үйіне қонаққа бардым. Олар Атырау қаласынан Ақтөбеге көшіп келген болатын. Жаңа салынған үйлеріне қоныс той жасады, бізді де шақырды. Үйі үлкен, керемет болды (Бай тұрады) Мамам мені олармен таныстырды. Мен ол қызбен тез тіл табысып кеттім. Ортақ əңгімеміз де көп. Солай ол менің мектебіме орналасты. Дəл менің сыныбыма. Əрине, менің қуанышымда шек болмады. Ол кезде біз 8 оқитын едік. Ол қыз келісімен вниманиены өзіне аударды. Шындығына келсек, ол өте əдемі, арық, шашы өте ұзын, сүйкімді қыз. Оған сөзім жоқ. Бəрі онымен достасқысы келді. Ондай қыздың досы болу бір бақыт сияқты болды. Бірақ ол көбіне менің қасымда жүрді, қасындағыларды елемеді десемде болады. 9-10ның мыхты мыхты деген қыздарымен дос болдым. Шынымды айтсам, оның арқасында мен көпшілікпен араласатын болдым. Мені өз сыныбымнан басқа ешкім танымады десем де болатын. Өйткені тұйықтаумын, апл ол бәріне үлгереді, биге де, əнге де қатысады. 

Мамам анау Гулсананың қызындай болмайсың ба, келгеніне 1 жыл болмады бəріне қатысып жүр. Жақында Алматыға жарысқа барады екен дейтін. Мен оған қатты ашуланатынмын. Неге мені онымен салыстырады, біз бөлек адамбыз деп ойлайтынмын. Көбіне маған ондай болу қайда деп күле салатынмын. Бір күні Гүлсина маған менімен биге қатысшы деп өтінді. Менің биге ешқандай икемім болмасада, қатысып көрейін деп шештім. Солай бір мезетте-ақ биші болып шыға келдім десемде болады. Негізі бұл үшін Гулсинаға алғысым шексіз. Гүлсина екеуміз солай бірге биге қатысып, ең мықты бишілердің бірі болдық. Бұл 9 сыныпта еді. Біз екеуміз Алматыға би байқауларына барып қатысып, жүлделі орындар алып келіп жүрдік. Бірақ, бəрі Гүлсина болмағанда деген əңгімесін қойған емес. Гүлсинаның үйіне барған кезде анасы мені кемсітуге тырысып бірдеңе тауып алатын. Сен осы Гулсина болмаған кезде биге қатысып пе едің, үйтіппе едің, бүйтіп пе едің деп әдейі сұрайтын. Мені өз қызымен салыстыруды қоймайтын. Гүлсина "мамамның сөзіне ренжіме, ол сондай кісі, жоқ жерден мін іздейді де отырады. Менің де күнде миымды жейді ғой"деп күлетін. Жарайды деп қоя салатынмын.

Гүлсина ұрысуға,  өз ойын жеткізіп, тигізіп айтуға келгенде шебер еді. Ұрыс-керістерде мені ылғи ақтап шығатын. Мен оған қатты сеніп қалдым ба, білмеймін. Тек содан көмек сұрайтын болдым. Солай күндер өтіп. Біздің мектепке 10-шы сыныпқа сымбатты жігіт келді. Бəрі оған ғашық болды. Бірақ ол жігіт Гулсинаны ұнатып қалды. Енді ол айдан анық еді. Ол жігіт күнде біздің классқа келіп, Гулсинаға сыйлықтар беріп, гүл беріп қуантып жүрді. Бірақ Гүлсина оны менсінбеді. Берген шоколадтарын маған беретін немесе басқа қыздарға, гүлді қоқысқа лақтыра салатын. Мен оған неге олай жасайсың, жақсы жігіт қой деп айтатынмын. Ол сол жігіттің ырқына көніп, құлай кетпейтін шығармын енді, қойшы оны дейтін.

Бір күні би кешінет болатын болды. Ол жерге бəріміз бардық. Ол жерге сол жігіт те келді. Мен сол күні оған ес-түссіз ғашық болдым. Оның сөйлеген сөздері, іс-қимылы, күлгені ұнап қалды. Əрине, ол жайлы мен Гулсинаға айттым. Гүлсина басында қатты таңғалды да кейін екеуің күшті жарасасыңдар, саған қаратып берейін бе деді. Мен өзі мені байқасын дедім басында, бірақ Гүлсина қоймай қойды. Гүлсина ол жігітті кездесуге шақырды, бірақ Гүлсинаның орнына мен баратын болып шықтым. Ол жігітпен басында кездесуге, сөйлесуге қатты ұялдым. Гүлсина мені қолдады, сөйтіп айт, бүйтіп айт деп бəрін-бəрін үйретіп жіберді. Мен онымен кездестім. Басында ол түсінбеді. Содан кейін дұрыстап танысып, сөйлесіп кеттік. Күнде кездесіп жүрдік. Ол маған жақсы қарады, сыйлады. Солай ол бір күні маған жүрейік деп ұсыныс жасады. Мен қуана қуана келістім. Біз жүре бастадық. Ол бұрынғыдай Гүлсинаға сыйлықтар əкелмеді, оны елемеді, ұмытты. Мені сабақтан кейін күтіп алып, құшақтап, үйге дейін апарып тастап жүрді. Менің қасымда Гулсина да болды. Басында ол біз үшін қуанғандай болды, содан кейін қабақ шытып, бүгін екеуміз қайтайықшы, жігітің шығарып салмай-ақ қойсын, бүгін кездеспей-ақ қойшы, арзан сыйлық  қой, т.б сөздерді шығарды. Мен оған аса мəн бермедім. Айтқанын істедім.

Бір күні жігітім мені кездесуге шақырды. Ол маған өзінің сыйлықтатрын ұнатпайт жүргенімді, қашқақтайтынымыды айтты.  Мен оған олай емес екенін, бəрі ұнайтынын айттым. Шын жақсы көретінімді айттым. Ол бірдеңеге қатты ренжіген сияқты болды. Кім айтты деп сұрадым. Ешкім деп, ашып айтпады. Міне, сол кезден арамыз суый бастады. Мектептен шығарып салу, күтіп алу, звандау, сыйлықтар беру, амандасудың өзі бір қиындыққа соқты. Неге екенін білмеймін, Гулсинаның жүзінен бір бақытты көрдім. Телефонымен біреумен сөйлесіп, мəз болып жүрді. Мен оған жігітім екеуміздің арамыздағыны бəрін айтым, ақыл сұрадым. Гүлсина ол сені сүймейді, жəй пайдаланғанғой, басында сендерді қоспауым керек еді, қайдан білейін осындай боларын, сен оған мойыма деп жұбатты да бір жерге баруым керек деп асығыс шығып кетті. Сол кезде неге екенін білмеймін Гүлсинадан қатты күдіктендім де артынан андуға шықтым. Қайда баратынын ол маған айтушы еді, бұл жолы айтпады. Мен онын артынан андып, паркке келдім. Парк менің үйімнен алыс емес еді. Ол жерден мен... мен сол кездегі күйімді ешкім түсінбес. Жүрегім қарсы айырылып, жүрегім сыздап кетті. Ол жерде менің жігітім мен жан құрбым екеуі беттерінен сүйіп, құшақтасып тұрды. Тынысым тарылып, дереу үйге қарай жүгірдім. Үйге келіп, өксіп тұрып жыладым. Неге? Неге менің құрбым? Бəрі өтірікші! Шетінен сатқындар!
Бұл кеше болды. Үйден шыққан жоқпын, көңіл -күйім жоқ, ештеңеге зауқым жоқ. Гүлсина үйге де келіп кетті, мама қайтарып жіберді. Жігітім, Гүлсина телефоныма звандап, тыным бермеуде! Мен оларға не айтамын? Олардың жиіркенішті жүздеріне қалай қараймын, айтыңыздаршы. Оларды кешіре алмаспын!

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста