Ақтөбеде балалары үйленбек болып, кейін жолдары екіге айырылған бұрынғы құдалардың арасында дау басталды. Даудың басы – қалыңдыққа көлік әперуге берілген 2 млн теңге. Бұл туралы Диапазон басылымына сілтеме берген KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылым мәліметінше, екі тарап ұлы мен қызы үйленетін болған соң екіжақты келісімге келе бастаған. Ұлы үйленетінін айтқан соң, болашақ құдалар кездесіп, бірлесіп көлік сыйламақшы болады.
Алайда, қыз бен жігіттің сөзі жараспай, жолдары екіге айырылады. Той болмайды, екі тараптың да құда болмайтыны анықталды.
Ал көлік әперуге берілген екі миллион теңгені қыздың ата-анасы қайтармай отыр.
Жігіттің ата-анасының айтуынша, олар болашақта құда боламыз деген оймен ақшаны берер кезде қандай да бір сенімхат, қолхат алмаған. Бірақ бұрынғы «құдалардың» ақшаны қайтармайтынын, ренжіп қалғанын айтқан хаттар сақтаулы тұр.
Заңгер Алена Дуляның айтуынша, мұндай жағдайда жігіттің ата-анасы екі миллион теңгені қайтару үшін сотқа шағымандуы тиіс.
«Сыйлық беру келісімшарты бойынша, сыйлық беруші қандай да бір сыйлықты тегін табыстайды. Біреуге сыйлықты тегін табыстау туралы уәде сыйлық беру келісімшартымен мойындалады. Сыйлық ауызша түрде ғана табысталуы мүмкін. Заң бойынша сыйлық беруші сыйлық беру турал заңды қолдана отырып, сыйлықты беруден бас тарта алады. Сіздердің жағдайларыңызда алдымен сыйлықты қайтару туралы жазбаша хат жолдау керек. Егер қорытынды болмаса, сотқа шағыму түсіру қажет», - дейді заңгер Алена Дуля.