Қарызға белшесінен батып, өз отбасын ойран еткен келіншек...

Қарызға белшесінен батып, өз отбасын ойран еткен келіншек...

Мен "Алаш айнасы" интернет порталының тұрақты оқырмандарының бірімін. Күн сайын шығып тұратын әр мақаланы жібермей оқимын. Тіпті, қатты күтетін кездерім де болады. Бүгін өзім куә болған бір отбасының тағдыры жайлы айтып беруді шештім. 

Өзім солтүстік өңірденмін. Оқуға түсе алмай аудан орталығындағы бір шаштаразға жұмысқа орналастым. Аудан орталығына ауылым алыс болғандықтан бір орыс әжейдің үйінде тұрдым. Ауылда ата-анам және інім қалды. Біраз уақыттан соң орыс әжей мені жас отбасымен таныстырды. Сол кезде мен он жеті жастамын, олар менен алты жас шамасында үлкен еді. Әйелі де күйеуі де сырттарынан ел қызығатын өте сымбатты да сұлу жандар. Екеуі де күні-түні жұмыста. Екі балалары болды. Үлкені - үш жаста, кішісі - он айлық еді. Ең басында олар мені бала бағуға алған болатын. Кейіннен сол отбасының үйіне көшіп бардым. Әйелі маған "тек балаларға қарасаң болғаны, басқа шаруаны істемей-ақ қой" деп айтатын. Оған шыдайтын мен бе, екі баланы қарап, тамақтарын істеп, кірлерін жуып, үйдің іші-сыртын мұнтаздай қылдым. Үй шаруасына жастайымнан бейім болғандықтан, бұл үйдің үй шаруасын дөңгелетіп әкеттім. Шынын айтсам, мен бала бағушы емес осы үйдің гувернанткасына айналдым. Осы үйдің барлық туған-туыстары мені өте жақсы таныды. Отбасының бір мүшесіндей болып кеттім. Айлығымды да уақытында беріп тұрды, ақшамды жинап ата-анама беріп тұрдым. Жататын орным мен тамағым тегін. Осылайша, мен отбасының сенімді серігі мен бір мүшесіне айналдым. Балалары да маған қатты бауыр басып қалды, ата-аналарын іздемейтін де болды.
Отбасының жағдайы менің көз алдымда өсе берді. Шынын айтсам бір жылда асықтары алшысынан түсіп, екеуіне де Петропавл қаласынан жұмыс ұсынды. Олар мені алып Петропавл қаласына көшті. Күйеуіне жұмыс орны қаладан бес бөлмелі үй берді. Әйелінің есімі - Назира. Ал күйеуін "дядя Асхат" деймін. Асхат - артық сөзі жоқ, бағалап ұстай білгенге өте жақсы азамат болатын. Ал, Назира - эгоист, өзін және ақшаны өте жақсы көруші еді.
Қалаға келгенде Назира органға хатшы болып жұмысқа кірді. Асхат әскери салада жұмыс істеді. Балалар да ер жетіп қалған. Енді олар қаладан өз ақшаларына бір бөлмелі үй сатып алып, жалға беріп қойды. Қала ортасынан азық-түлік дүкенін ашты. Олар маған сенгендері соншалықты дүкеннен күнделікті жиналған табысты да кассадан қабылдап, үйге әкелетін едім. Тіпті, баласының ата-аналар комитетінің жиналысына да бардым. Мектеп әкімшілігі мені балалардың әпкесі деп қабылдайтын. Қаладағы колледждердің біріне сырттай бөлімге оқуға түстім.
Алты жылдан аса осы Нәзира мен Асхат ағаның отбасында бірге тұрып жаттым. Олар байыған үстіне байи берді. Нәзира да бірін алып бірін салып бірдемесін жасап жүрді. Астарында шетелдік көлік. Ақшаға құныққан Нәзира несиеден несиені таныстары арқылы рәсімдеп ала берді. Сол несие ақыры түбіне жетті-ау. Кейде сол несиелерді де мен барып банкке төлеп жүрдім. Бір бастарында оннан аса несие болды. Нәзира бар жақсыны үстіне жабысытырып, сылқылдап алды, қалған ақшаны не істейтіні белгісіз. Байып кеткен соң Нәзираның мінезі де өзгере бастады, тіпті мені менсінбей "құлындай" жұмсап, арасында дауыс көтеріп, бұйыратынды шығарды. Асхат аға сол қалпы, тек арасында ішетін, ішінде не мұңы бар кім білсін, тек қарадан-қарап ішпейтіні айдан анық еді. Нәзираның да артық жүрістері де көбейді. Қыздармен қыдырғыш та болып алды.
Ақыры дүкен жабылды. Нәзира банктен алған несиеден бөлек талай адамдарға қарыз болып қалды. Тіпті, процентке қойды. Жұмыстан да арнайы статьямен қуылды. Бір бөлмелі үйлерін сатты, ол қарыздарын жаба алмады. Соншама қыруар қаржыны қалай жұмсау жағын өзі шешетін Нәзираның не істегені белгісіз. Тіпті, анасын, әпкелерін де "косьякқа" тықты. Іздемейтін адам жоқ, күні-түні қарызын іздеушілер мен сұраушылар. Ақыры үйлерін сатып жартылай қаржыны беріп, Астанаға көшті.
Астанаға келіп, екі бөлмелі үйді жалға алдық. Мен қиналған сәттерінде тастап кете алмай бірге тұрдым. Өзім жұмысқа шықтым. Енді Нәзира маған пәтердің жарты ақысын төлеп тұруымды айтты, мен оған да келістім.
Бір күні кешкілік жұмыстан келсем, екі аяғын созып тастап Нәзира диванда отыр. Екі бала "тетя Зарина, тамақ ішкіміз келеді" деп жүгіріп шықты. Екі баланы тамақтандырып, залға келсем Нәзира "пәтердің ақысын бүгін бер" деп тұр. Пәтер ақысын төлейтін уақыт та, менің жалақы алатын уақытым да келмеген еді. Менде ақша жоғын біліп тұрса да ақша табуымды өтінді. Тіпті, маған дауыс көтеріп, бұрынғы әдетіне басып өктемдік көрсетіп тұр. Келесі күні пәтер ақысын төледім де біржолата ол үйден көшіп кеттім. Осылайша сегіз жылға жуық бірге тұрған отбасыммен қоштастым.
Мен жұмыстан дәрежем көтеріліп, жалақым да өсіп, жағдайым да түзелді. Бір күні Нәзира өз атымнан несие әперуімді өтініп, хабарласып тұр. Оның бұрынғы өмірінен хабардармын ғой, әрине келісім бермедім. Асхат ағамен ажырасып кетіпті. Ол кісі әскери қызметін жалғастырып, екінші рет үйленген екен. Екі баламен Нәзира пәтер жалдап тұрып жатыр, екі бала ер жеткен. Сол әлі ақшадан-ақша алып, қарызға бататын әдетін қоймаған сияқты. Тұрақты да жұмысы жоқ. Ақшасы болмаса да "омырауыма пластикалық оперция жасаттым" деп қояды. Өз өміріне риза сияқты, отбасын жоғалтқанына өкінген сыңайы білінбейді. Есіл-дерті қыдыру, жас жігіттер. "Өзінің әдемілігін пайдаланып бай күйеуге тигісі келетінін, сол үшін де сұлулығымды сақтау керек" деп те айтып қалды. Сырт көзге тұрымысы жақсы, жағдайы жайлы көрінетін Нәзираның шынын айтсам қалтасында көк тиыны жоқ еді, тек бай әйел рөлін жақсы ойнайтын "әртістік" қасиеті бар. Әйелдің ештемесі кеткен жоқ, ортада өзім бауыр басып қалған қос баланы аядым.
Міне, сегіз жыл ішінде көрген өмір маған үлкен сабақ болды. Нәзира мен Асхат ағаға менің еш өкпем жоқ. Сол отбасының арқасында өмірі түсіме кірмеген Астанаға да келдім. Үй берекесі - әйел қолында ғой, "басына қонған бағын тепкен" деген осы болғаны ма?

Зарина, Астана

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста