Қарындасымның кесірінен ауылға бара алмаймын...

Қарындасымның кесірінен ауылға бара алмаймын...

Бізді анам байғұс жалғыз-жарым жүріп жеткізді. Әкем ерте дүниеден өткен екен. Ол кезде мектеп табалдырығын енді аттаған кезім еді. Сондықтан өзімнен кейінгі қарындастарымнан көрі әкем марқұм менің есімде жақсы сақталып қалды.
Бұл әңгімені көпшілікке айтып, жария қылып отырған себебім, біріншіден, ішімде қалмасын дедім, әйтпесе ішімді жандырған күйік ой мені әбден жеп барады. Екіншіден, «Алаш айнасы» порталының оқырмандары осындай жағдайларға неғұрлым жол бермесін деген оймен жазып отырмын.
Біз бір үйде үш баламыз, мен және менен кейінгі екі қарындасым. Екеуіне жаман аға болдым дей алмаймын. Үнемі сырттай қорғап жүретінмін. Кешкілік екеуін де ешқайда аттап басқызбадым. Қатарлас жігіттері біздің үйге келіп ысқырмақ тұрмақ, үйдің маңайынан жүруге қорқатын еді.
Үлкен қарындасым үйде шаруасын істеп, тып-тыныш отырғанды ұнататын да, көпшілік шудың арасына баруға өзі де құмартпайтын. Ал кіші қарындасым Назымгүл ортаға анамды салып, кештерге жиі сұранып жүреді. Бірақ ешқашан босаңсытып жіберген емеспін. Кейде анам: «Қарындастарыңды үйкүшік ететін болдың ғой. Бір мезгіл қатарластарымен ойнап-күліп, орталарында жадырап жүрсін де», - дейтін. Ондайда: «Ештеңе жоқ, мектепті бітіріп, қалаға оқуға кеткенде де үлгереді», - дейтінмін.
Бір күні Назымгүлдің көрші кластас қызының туған күні болатынын естідім. Бірақ қарындасым сұранатын сыңай байқатпады. Кешкілік мен де өз жолдастарыммен бірге көше жаққа шығып, қайтып келсем үйде Назымгүл жоқ. Анамнан сұрасам, «Енді мына тұрған көршінің үйіне жібермей қалай отырайын. Қазір келеді, баланы мазалама», - деді.
Қанша тыныш отырайын десем де, отыра алмадым. Ең болмағанда сыртынан бақылап жүрейін деп, көрші үйге қарай аяңдадым. Қарасам Назымгүл кластас жігітімен вальс билеп жүр екен. Бойымды ашу кернеп кетті. Жүгіріп барып, қолынан сүйреп алып кеткім-ақ кетті. Бірақ, не де болса бидің соңына дейін шыдайын деп өзімді-өзім тоқтаттым.
Сөйтіп, кештің соңына қаратпай, үйге жетектеп алып келдім. Қайтқысы келмесе де, ләм-мим деместен, маған ілесіп қайтты.
Біраз уақыттан кейін үйленіп, үйлі-баранды болдым. Үлкен қарындасым қалада оқып жатты. Назымгүл де оқуға тапсырам деп қалаға кетті. Оқуға түсе алмай, жұмыс істемек ниетпен қалада қалатын болды.
Бірақ шамамен бір жылдан кейін ауылға қайтып келді. Жұмыстан шығып қалғанын, басқа жұмыс таппағанын айтты. Содан ба маған қабағы түсіңкі көрінді. Анам екеуміз ақылдасып, мүмкін ауылға мектепке, немесе ауылдық ауруханаға тазалықшы етіп болса да кіргізсек дұрыс болар еді деп жүргенбіз. Бірақ жағдай біз ойлағандай болмай шықты. Назымгүл қаладан аяғы ауыр болып оралған екен. Ауылдастарымның алдында қара бет болып, тіпті көшеге шығудан да қалдым, не үйге сыймаймын. Қарындасыңды мұндай күйде көрген қандай ауыр екенін білсеңіздер ғой.
Жиі-жиі ойлай бергендікі ме, түсімде Назымгүлді осындай күйге түсірген арсызды тауып, тепкілеп жатамын. Іштей қарындасыма қатты ренжіп жүрдім. Бірақ, әйелім Нағима үнемі «Жас қыз бала сыртқа шыққанда өмірдің шынайы келбетін қайдан білсін. Ең болмаса ауылда жүргенде өз ортасына қоспағаныңды анам айтып отыратын. Оған тек Назымгүл емес, бәріміз де кінәліміз» деп айтып отыратын. Бір ойдан онікі де дұрыс шығар дейтінмін.
Сонымен ол сәбиін дүниеге әкелді. Шынымды айтсам, ешкім соншалықты қуана қойған жоқ. Тек анам ғана: «Әйтеуір жаны аман қалса болды» деп күбірлеп қояды.
Кішкентайы апыл-тапыл басып, менің кішкентайыммен бірге ойнап, екеуі де түрлі-түрлі тәтті қылықтар шығара бастады. Сонда балаға қарап: «Бейкүнә сәби-ай. Сені де қателіктен туған дейміз-ау» деймін іштей.
Бірақ біздің үйдің «қызығы» мұнымен біте қоймады. Менің жер болатын кезім әлі алда екен.
Екі жылдан кейін Назымгүлдің тағы да екіқабат екенін білген кезде, ашуланғаннан үйдің ішіндегі заттардың бәрін шағып тастадым. Қанша өзімді ұстауға тырысқаныммен, қаным басыма шауып, дірілдеп-қалшылдап кеттім. Ішімдегі алай-дүлей боран үйдің ішінің быт-шытын шығарды. Арақ ішпей, сап-сау күйінде осындай жасады десе ешкім сенбес, сірә.
Шешеме: «Қызыңды үйден қуып жібер» дедім. Бірақ шешем тыңдамады: «Қарғам-ау, қайда барып паналайды, өз баламды өзім қалайша далаға тастаймын», - деп маған жалбарынды. Ақыры Назымгүлдің үйден кетпейтініне көзім жеткен соң, әйелім мен бала-шағамды алып мен кеттім. Анам қал деп жалбарынбады, оны айтатын халі де жоқ еді. Ұлы мен қызының ортасында қайсысын жақтарын, қайсымыздың сөзімізді сөйлерін білмей дел-сал күйде қалды.
Сөйтіп біз аудан орталығына бір-ақ күнде көшіп кеттік. Алғашында кластасымның үйінде бір апта болып, пәтер жалдап бөлек шықтық. Сол жақтағы кондитерлік фабрикаға жұмысқа тұрдым. Өміріміз бірте-бірте өз арнасына түсті.
Өткенде Назымгүлдің күйеусіз үшінші баласын туып алғанын естідім.
Қазір ауылға мүлде ат ізін салмаймын. Мүмкін болса, осы жақтан жыраққа, көз көріп, құлақ естімейтін жаққа кетіп қалғым келеді.
Қарындасымның кесірінен анаммен де хабарласпайтын, жүздеспейтін болдым. Енді олар мен үшін жоқ адамдар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста