«Қайтып келген қыз жаман» деуші еді, қайтып келген күйеу одан да жаман болады екен...

«Қайтып келген қыз жаман» деуші еді, қайтып келген күйеу одан да жаман болады екен...

 Ыңғай әйелдерден құралған ұжымда жұмыс істеудің де өзіндік қиындығы бар. Әрине әйел жүрген жер ылғи да ырду-дырду әңгімесіз болған ба? Кімнің басы бос, кімнің күйеуі бар, кім қайтып келген, әйтеуір әйелдердің анықтамалығынан бәрін біліп алуға болады. Күнімай атты келіншек бәрінің де көңілінен шығуға тырысып, үнемі жақсы қарым-қатынаста болатын. Күлімдеген көздеріне, ашық-жарқын мінезіне қарап оны уайым-қайғысы жоқ, күйеуі үлде мен бүлдеге орап тастаған жан шығар деп ойлайтынмын. Cөйтсем мүлдем керісінше екен. Бірде ұжымда мерекелік кеш болған. Соңына таман Күнімай маған өзінің өмірлік сырын ашты.

«Жас кезімде биді керемет жақсы көруші ем. Мектептегі, кейіннен жоғары оқу орнындағы би кештерінде ортаны бермейтінмін. Әсіресе үнді билерін нақышына келтіре билегенде жұрт дуылдата қол соғатын-ды.

Ол кездері мақта терімге барушы ек қой. Алыс аудандағы мақта терімге барғанда сол ауылдағы совхозда жүргізуші болып істейтін жігіт мені алып қашып кетті. Бір қарағанда көз-көрім көркі бар жігіт екен. Алайда қалада қалғым келетін мен үшін күйеуден бұрын ауылда қалатыным жаныма батты. Былайымша күйеуім жаман адам емес. Өте пысық. Өзінің маған деген сезімі арқылы бірте бірте жаулап алды мені. Бірінен кейін бірін топырлатып төрт ұлды туып тастадым. Ата-енем аяғы құт болып келген мені айналып толғанып отырады. Күйеуім де тым тықыр емес, бастысы жүйкем тыныш. Мен үшін өмір қалыпты ағысымен ағып жатты. Ұлдарым ержетті, оқуын бітірді. Бұл шақта ата-енем де өз мекендеріне аттанған. Қырықтың қырқасынан асып керімсал шаққа да жеттік. Уақыт шіркін осылай өте берсе өмірге өкпе артып нем бар? Аяқ астынан айрандай ұйып отырған отбасымыздың тынышы кете бастады. Алақандай ауылда әңгіме жатушы ма еді? Күйеуімнің бір жесір келіншекпен шатысып жүргенін білдім. Төрт баламның әкесіне деген сезімімді суытқан адам бұрыннан-ақ аты жер жарған келіншек болатын. Қайынағалары осы жүріскерлігі үшін талай мәрте келіп ұрып кетіпті деп еститінмін. Бірақ сонда да ерсі қылығын тыя алмаған арсыз енді біздің отбасымызға ауыз салыпты. Ішім удай ашиды. Адуындығыма салып, күйеуімнің жағасына жармасып талай мәрте қан жоса болып қырылдық та. Балаларым арашалап алатын. Қайдағы жоқ арсызға атын былғатқанына қаным қараяды-ақ. Ауылдағылардың бәрі бір атаның балалары. Санамалап келгенде күйеуім оған қайынаға болып келеді. Балаларымды да, мені де аямаған сормаңдай осылайша қайнағасының қойнына кіріп алды. Күндегі қырқыс ақыры отбасымыздың іргесін сөгіп бітті. Ауылдың атын шығарып масқара еткен махаббат хикаясы көпке дейін тиылмады. Қайынжұрты қанша қуса да кетпеген арсыз ақыры менің күйеуімді алып қарасын біржолата батырды. Жыладым, сықтадым, арқа сүйер адам таппадым. Бәрі келекелеп мені мазақтап тұрғандай көшеге шығудан қалдым. Күйігімді басайын деп араққа ауыз салдым. Қайғымды ұмыттырғандай да болды. Бұрын татып алмайтын мен бірте бірте арақсыз тұра алмайтын халге жеттім. Құрбылар да табыла кетті. Күнде думан, күнде той. Ішуге сылтау табыла кетеді. Ақыры арақсыз тұра алмайтын халге жеттім. Күнде жылап, жанымды жеп жатқаннан гөрі мынауым жақсы сияқты.

Осылайша мен арақтың құрдымына батып бара жаттым. Осылай жалғаса берер ме еді? Үлкен әпкем келіп сілкілеп алды. Ұрысып, «байы тастап кеткен жалғыз сен бе? Есіңді жи. Бай керек қылмаса балаларыңа керексің» деп әбден ақылын сарқыды. Ауылда қалсам менің мүлдем арақтан ажырамайтынымды білген соң, үйді сатып қалаға қасына көшіріп алды. Емдетті. Жұмысқа тұрғызды. Ержетіп қалған екі балам да жұмыс істей бастады. Ақырындап жұрт қатарына қосылып кеттік. Тұрмысымыз түзеле бастады. Балаларымды шетінен үйлендіре бастадым. Әкемізді шақырайық деп айтатын шығар деп ойлап едім, бірақ ұлдарым әкелерінен көңілдері қатты қалып кеткен ғой, ләм мим деп ол турасында жақ ашпады. Келіндерім де ақылдарына көркі сай жап-жақсы болып жолықты. «Байдан бағымды ашпаған, бақты балаларымнан берейін деген екен ғой» деп күніне мың мәрте тәубемді айтып жүретін болдым. Содан күндердің бір күнінде күйеуімнің ғашығы жүрек талмасынан қайтыс болғанын естідім. Жүрегім селт етпеді. Мені жылатып кеткен жанның өз жазасын тапқанына да қуанбадым. Тіпті күйеуіме жаным ашығандай ма, қалай. Жасың келген сайын адам аяғыш болып мейірімі оянады-ау дейм. Арада бір жыл өткенде күйеуім кешу сұрап аяғыма келіп жығылды. Артынан ағайын туыс келді. Бір қауым ел болып менің кешірімімді тілеп тұрғанда ақ шашты абысындарымды, таяққа сүйенген қайынағаларымнан аса алмадым. Кіргіздім.

...Суынған жүрек жылынбайды екен бірақ. Қанша өзімді-өзім басып, жылы сөйлейін десем де оған деген өкпе-наз бұрқ ете қалады. Келіндерімнен ұяламын. Жасамыс шағында істерін істеп болып, түк болмағандай қайтып келуге ол ұялмай келгенде келіндерімнің алдында оған ұрсуға мен ұяламын. «Қайтып келген қыз жаман» деуші еді, қайтып келген күйеу одан да жаман болады екен... Жүрегіме беріш боп қатқан мұз ерір емес. Ериді деп те ойламаймын. Тек балаларым келіндерім үшін ұялғанымнан жүрмін. Кіргізуін кіргізіп алып, енді қайтып қуып шыққан да ыңғайсыз. Не істерімді білмей жүргенім сол...»
 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста