Қайныма тұрмысқа шықтым, бірақ жалғызбын...

Қайныма тұрмысқа шықтым, бірақ жалғызбын...

Қымбатты "Алаш айнасы" сайтының оқырмандары. мен бүгін өзімнің басымдағы жағдайды өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім. Қанша уақыттан бері ішімнен тынып, ішқұса болып жүрмін.

 

Мен ел қатарлы бойжетіп, оқуымды бітіріп, өзімді сүйген адамға тұрмысқа шықтым. Күйеуім өте жақсы жігіт болатын.Артық сөзі жоқ, мінезі біртоға жан еді. Өзімнің күйеуім туралы өткен шақта жазудың өзі қандай ауыр десеңізші. Бірақ амал қанша, ол 35 жасында о дүниелік болды. Арамызда екі бала қалды. Аллаға шүкір, бір қыз, бір ұлдың анасымын.

 

Мен өте үлкен әулетке келін болып түстім. Күйеуім он ағайынды, Өзінен кейін кенже інісі бар. Ал ағалары мен әпкелері бір-бір әулет болып өсіп-өнген адамдар. күйеуімді анасы өте жақсы көретін. Енем үнемі "Басқа балаларым бір төбе, Жарқыным бір төбе" деп отыратын.

 

Отбасын құрған соң ата-енеммен тұрдық. Тұңғыш ұлым туғанда енем немересін күндіз-түні өзі қарады, әуелі менен қызғанатындай көрінетін маған. Апамның біздің баламызды қатты жақсы көретінін басқа балалары ылғи айтып отыратын. "Апама Жарқынның баласы ғана тәтті, басқамыздікін еркелетпейді де" деп қызғанып отырушы еді қайынағаларым мен қайынбикелерім.

 

Маған енем: "Қарағым, менің күш-қуатым барда бала туып алы, өзім қарасамын" деп отыратын. Көп ұзамай дүниеге қызым келді. қызымды да енем қарасты. Бірақ ол кісіге біздің тұңғышымыздың орны бөлек. Ұлым да апасын қатты жақсы көреді, сол кісіден айырылмайды, Қарындасынан қызғанады апасын. Ата-енем, жолдасым мен балаларымыз бақытты ғұмыр кешіп жаттық. Бір-ақ күнде қара жамылдық, күйеуім жол апатына түсіп қайтыс болды. Жолдасымнан айырылғаныма әлі күнге сенгім келмейді, бірақ амал қанша.

 

Қанша күн мен түнді жылаумен өткіздім, есімнен адасудың аз алдында қалдым. Айналамдағылардың бәрін ұмытып, ешкімге мән бермейтін халге түстім. Тіпті балаларыма қараудан қалдым. Бір күні енем маған басу айтып, балаларың үшін өмір сүруге тиіссің деп ақылын айтты. Сол кезде ғана енемнің соңғы кезде қатты қартайып кеткенін байқадым, ол кісіні құшақтап еңіреп тұрып жыладым.

 

Жолдасымның қайтқанына 1 жыл толды. Сол кезде ата-енем менің осы шаңырақта қалуым керек екенін айтып, қайныма тұрмысқа шығуға үгіттеді. Ескіліктің адамдары емес пе, немерелерінен айрылғысы да келмеді. Кенже балалары жасы 30-ға келсе де үйленьей жүрген болатын. Олар балаларын қалай көндірді білмеймін, бірақ біздің некемізді қидырды. Мен де үлкен кісілердің көңіліне қарап, оның үстіне балаларымды тірі жетім қылмау үшін осы некеге келістім.

 

Қайныммен неке қиғпанымыз болмаса жақындасып кете алмадық. Оның мінезі, мүлде басқа, марқұм күйеуіме ұқсамайды. Тікмінезді, ұзақ уақыт өзімени өзі бойдақ жүріп үйреніп қалғандықтан ба, үйдегі ештеңемен шаруасы жоқ. бір дастарханда бірге отырып тамақтанғаннан басқа кезде екеуміз мүлде сөйлеспейміз.

 

Жақында қайнымның телефон арқылы біреумен сөйлесіп отырғанын құлағым шалды, "мен тек сені сүйетінімді білесің, біраз шыда" деп жатыр екен. Менің түсінгенім, оның сүйген адамы бар. Бұл үшін оны ешқандай да кінәламаймын. Өйткені ол ата-анасының сөзін жерге тастай алмағаннан ғана жеңгесімен, өзінен 3 жас үлкен әйелмен неке қиюға келіскенін бәріміз білеміз.

 

Ата-енем менің көңіліме қарап отырады, Мен де ол кісілерге өз ата-анамдай бауыр басып қалғанмын. Бірақ әйел ретінде жалғызбын, қашанғы осылай жалғаса бермек? Қайныма бостандық беру үшін мен бұл үйден кетуім керек. Бірақ балаларымды қалай қиып тастап кетемін, егер алып кетсем, оларды ата-әжесінен қалай айырам? Басым әбден қатты. Ақыл-кеңестеріңізді күтемін.

 

 

Зәуре, Шымкент

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста