Қайныма ма... әлде бақытымды басқадан іздегенім дұрыс па...

Қайныма ма...  әлде бақытымды басқадан іздегенім дұрыс па...

     Сəлем, жамағат! Сіздерге хат жазғым келмеді. Көп толғандым.  Жезқазғанда тұрамын. 1991 жылы туғанмын. Жасым - жиырма жетіде. Тұрмысқа 2015 жылдың желтоқсанында  шықтым. Күйеуім отасқаннан кейін,сегіз айдан соң жүрек талмасынан қайтты. Жолдасымды ұнаттым. Қыз-жігіт болып, үш жарым жыл жүрдік. Күйеуім - Саламат, Азамат есімді екі ағайынды жігіт болған. Қайнымды келін болып түскелі көрмедім. Себебі, Азамат - Англияда білім тауысып жақында келді.

     Ағасын шығарып салуға да оқу деп келе алмаған-тын.  Сол күйеуім былтырғы жылы маусымда қайтты.  Аяғым ауыр болып қалдым. Қайным елге қыркүйек айында келді. Қазір,  бөпем бар.  Ата-енем қайныма əмеңгерлік жолмен қосыл дегенді айтып жүр. Қайным ылғи бұл тақырыптан қашады.

       Мен қайныма ғашық болып қалған сияқтымын. Қайнымды көрсем, белгісіз себептен қобалжып кетемін. Жаныма  жақын келсе, бір –түрлі тәтті сезім бойымды балқытқандай болады.Телефонмен біреумен  тілдессе кіммен сөйлеседі деп алаңдайтын болыппын. Бойымда қызғаныш  бар сияқты.Бірақ   сонау ел көріп келген адам, қазақтың ата салтына миығынан күліп қарайтын  тәрізді.Мені тіпті көзіне де ілмейді.Үйде отырып қалған,балалы  әйелді қайтсын? Тек қана, ағасынан өрбіген бауыры үшін ғана, бұл қадамға бармаса. Мені жиі бір сұрақ мазалайды.  Ол өз жеңгесін өзіне жар ете ме? Жоқ, өз сүйген қызы бар ма? Сүймей қосылғанымен ертең даладан қызық іздейтіні  анық қой.Біреулердің айтуынша Англияда қызы бар екен.

      Мен қызыммен екінші рет өз бақытымды таба алам ба? Өз  жұртынан қызымды алшақтатып,  өгей жұртқа қыз етем бе? Екінші рет тұрмыс құрсам, оған екінші ерім өз қызындай қарай ма? Əйел табиғатымнан қанша уақыт алысамын?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста