Қайныма көңілім құлап жүр...

  • 37
Қайныма көңілім құлап жүр...

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар! Өз басымнан өтіп жатқан мына бір оқиғаны сіздердің талқыларыңызға салып, ақыл-кеңестеріңізді тыңдайын деп едім.

 

Тұрмысқа шыққаныма 6-шы жылға аяқ басты. Аллаға шүкір, 2 ұлым бар. Күйеуім қарапайым автобус жүргізушісі. Мен үйде баламен отырмын. Негізгі мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

Күйеуім 4 ағайынды. Ата-енем ауылдағы кіші қайынағамның қолында. Ол кісілер мал шаруашылығымен айналысады. Күйеуім екеуміз Алматының Талғар ауданынан жер алып, кішігірім етіп 4 бөлмелі үй көтеріп алдық. ауылдағы ағайындары мал беріп, материал түсіріп беріп, көп көмектесті. Күйеуім таң қараңғылығынан жұмысқа кетіп, түнгі 10-11-де бірақ келеді үйге. Мен екі баламен қорқатын болғандықтан Асқардың (күйеуімнің) туғані інісін ауылдан алдыртып алдық. Ол қайным 11 сынып оқиды.

 

Осы қайным үйге келгелі менің мазам қаша бастады. Жек көргеннен немесе үйге сыйғызбай жатқам жоқ, қайнымның менің сезімдеріммен ойнай бастағандығынан. Өзі сүп-сүйкімді, аққұба, бойы да ұзын әдемі жігіт болып өсіп келеді. Домбырамен өлең-терме айтып, гитарамен көшенің әуезді әндерін ыңылдап айтқаны да өзіне тым қатты жарасады.

 

Күйеуім кеш келетін болғандықтан көбіне қайным екеуміз ашық сырласа береміз. Түннің жарымына дейін ол өзінің жүрген қыздарын, олардың қылықтарын айтады. Мен оның айтпасына қоймай, төсектегі тәжірибесін сұраймын. Бастапқыда қайным қызарақтап, әрең айтушы еді, соңғы кездері ашық-жарқын-ақ әңгімелеп отыра беретін болған.

 

Күйеуіммен төсек қатынасында көп болмайтындықтан ба, әлде менің темпераментім жоғары ма, қайнымның айтқан әңгімелеріне аузымның суы құрып, тамсанып қалатын болғанмын. Тіпті көз алдыма елестеп... Айтуға ұят тіптен. Қайным құшақтап, ернімен сүйіп, төсекке тартса құлап кететіндей-ақ тәтті сезіммен бірге қалың үрей билеп алады бойымды ондайда.

 

Өткенде қайныма монша жақтырып, екі баланы жуындырып, үйге кіргізіп жібердім де, моншада жалғыз өзім шомылып жатқам. Қайным сырта моншаға от салып, тақырлатып жүрді. Кенет оның тып-тыныш боп қалғанын сездім де, ақырын есіктің саңылауына көз салсам қайным тесіктен маған телміре қарап тұр екен. Бойымда алай-дүлей құйын сезім ойнады кеп дейсің. Есікті ашып кіргізіп алғым келді. Бір шетінен ұят құрғыр жібермей бара жатыр. Бір шетінен құмар-жылан бойды билеп... Ақыры не керек үстіме мұздай су құйып, өз-өзімді әрең бастым. Ойымды басқа арнаға бұрып, кредит жайлы, балалардың қыстық киімі жайлы ойға беріліп, ес жинадым.

 

Қазір күйеуім жұмыстан қанша кеш келсе де тамаққа тойдырып, жуындырып-шайындырып, төсекте өз дегеніме жеткенше маза бермеймін. Сосын ғана екеуміз де тәтті ұйқыға батамыз. Қайным ойнаған сезімді осылай қайырмасам, басқа жолын көріп тұрған жоқпын. Екінші қайныммен ашық тақырыпта сөйлеспеуге тырысамын.

 

 

Айымгүл С, Алматы облысы.

Alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 182
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 233
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста