Сəлем бəріңізге. Мендегі мəселе – күйеуім маған көңіл бөлмейді, жаны ашымайды, ажырасқым келеді. Не істерімді білмей басым қатты...
Мен күйеуімнен көрмеген жылуды қайнымнан сездім. Ол маған ғашық. Оны өзімнен қалай суытайын? Шаршадым... Уақыт өткен сайын қайнымның жанашырлығы, маған бөлген көңілі, махаббаты өзіме де ұнайды. Бірақ амалым жоқ, балаларымның алдында кінəлі болғым келмейді. Бірақ мен де әйел затымын ғой, махаббатты, қамқорлықты сезінгім келеді
Жақында қайным мені балаларыммен Алматыға шақырып қыдыртты, сол əр жылғы əдеті бойынша. Ал күйеуім бармайды да, бізге бармайсыңдар демейді де. Қайным:"Сізге болған алпауыт сезімімнің естелігі болсын" деп бриллиант жүзік сыйлады. Алғым келген жоқ, үйдегілер не дейді деп қысылдым. Бірақ ол өз сезімін ешкімнен жасырмайтынын айтып, жүзікті қолыма тақты. Жолдасымның туыстарының бәрі қайнымның мен ұнататынын біледі.
Қайнымды жақсы көрсем де мына отбасыдан кеткім келеді, себебі балаларымның алдында адал болғым келеді. Оларды мейрімсіз əкеден ажыратқым келеді. Тіпті бір-бірімізді танымайтындай жүреміз. Əйтеуір өмір сүріп жүрміз, өлмеген соң, тіршілік қамы. Ал қайным, сезімі шынайы, балаларыма қамқор. Əттең, бір кем дүние. Оны көрмеу үшін, кеткім келеді, күйеуімнен ажырасып. Өзімнен 10 жаска кіші қайнымның махаббатына өзімді құрбан ете алмаймын, тіпті қаласам да. Кеңестеріңіз керек. Көп əңгіме жазылмай қалды. Өтінем, шығарыңызшы. Өмірде сүйгендеріңізден адаспай, бақытты болыңдар.
Аноним