Пойызда болған төсек қатынасы есімнен кетпейді

Пойызда болған төсек қатынасы есімнен кетпейді

Он жеті жылдың қатпарында қалған осынау оқиға кей-кейде алыстан қылаң беріп, көкірек кернейтіні бар. Ешкімге тіс жарып айтпаған бұл сыр кейде жаныма маза да бермейтінін мойындаймын. Бүгін тәуекелге бел буып, ішімдегіні «Алаш айнасына» ақтарып отырмын. Бір ауыр жүктен жеңілдегендей болармын, бәлкім.


Кластас құрбым Нұрзия екеуміз студенттік ғұмырымызды да бірге өткергенбіз. Уақытымыз үнемі ойын-күлкімен, қызық-думанмен өтуші еді. Бір кездері Нұрзия уайым-мұңға берілетін болды. Неге екенін сұрасам, айтпайтын. Күндердің күнінде ол маған сырын ақтарды. «Сен ауылға кеткенде, каникулда қалада қалып едім ғой. Сонда қатарлас курста оқитын біздің ауданның қызы Салтанат қонаққа шақырып, жанымды қоймады. Неге екенін білмеймін, менімен дос болуға құштар-ақ өзі. Онымен бір отырысқа бардық. Оның ауылының жігіттері көп болды. Салтанат мас болып қалды. Тек Салтанат қана емес, әлгі жердегінің бәрі мас. Салтанат бір жігітпен құшақтасып ұйықтап қалған соң мені бір жігіт мазалай бастады. Көне қоймаған соң тіпті күш салуға көшті. Оның менімен арпалысып жүргенін көріп екіншісі болыса кетті. Сөйтіп, әлгі екеуі мені кезек-кезек зорлады. Сол бір күнді ойласам, құсқым келеді. Арақ ішіп алып теңкиіп жатқан Салтанатты иттің етінен жек көрем. Сол бір күн елестесе, өз-өзімнен жиіркенемін», - деді Нұрзия. «Мен кейін күйеуге шыққанда күйеуіме не бетімді айтамын? Денеме зорлықтың табы қалғандықтан, енді ешқашан төсек рахаты, махаббат дегенді білмей кететін шығармын».
Иә, зорлық, яғни, ықтиярсыз төсек қатынасы дегеніңіздің өзі қорқынышпен байланысты нәрсе ғой. Ондайды жақсылықпен еске алатын, жақсы сезімде тыңдайтын адам баласы жоқ.
Тоқсаныншы жылдардағы жоқшылық кім-кімнің болмасын есінде шығар. Отбасын асыраймын деген жұрттың бәрі сол кездері базар жағалап кетті емес пе. Мен де күйеуім үйде сопиып әрекетсіз отырып қалғандықтан, «Бішкек қайдасың» деп, пойызға мініп, жолға шығып кеттім. Көршім Шолпан коммерсант еді. Неліктен екені есімде жоқ, біз жол жүретін кезде билет бола қоймады. Содан Шолпан: «Біз проводникпен келісіп жүре береміз ғой», - деп, билеттің жоқтығына еш алаңдамады.
Купеге орналасқан менен басқа үш әйелдің бәрі де саудагер. Егде тартқан Маша тәтей (аты осылай болғанымен, өзі қазақ) жайма базарда киім сататын көрінеді. Шолпанның сататыны - ыдыс-аяқ, ұсақ-түйек. Маша тәтей дегеніңіз желіккен адам екен, жол бойы арақ-сыра ішіп, қалжың айтып, зеріктірмеді. Мезгіл түн болғанда, ортаға тағамдарды толтырды да, проводник жігітті шақырып келді. Арасында оған: «Мына Ғалия қандай сұлу қыз, ойнап-күлсеңдерші», - деп, мені нұсқап қояды. Мен ұялып барамын. Бастапқыда жолсеріктерімнің көңілдерін қимай, «ақтан» ұрттаңқырап отырғанмын. Бара-бара көбірек ішейін дедім. Бірсыпыра отырдық. Бір уақытта жанымдағылар ұйқыға жатты. Әлдебір станцияға тоқтаған кезде проводнигім шығып кеткен. Мен де ұйқыға жаттым. Бір уақытта пойыз орнынан қозғалып, үйреншікті «түк-түгіне» басты. Осы мезгілде жаныма біреу қыстырылып жата кетті. Әлеуетті қолдар ып-ыстық денемді балқытып бара жатқандай. Қарасам, жігіттік жасағысы кеп тұрған әлгі проводнигім екен. «Қой, ұят болады», - дедім. «Жүр, ұйқың келмесе менің купеме барып әңгімелесейік, жол ұзақ», - деді ол. «Бармасам, осы жерде мазамды алып, келе беретін шығар» деген оймен оның купесіне бардым. Үстіңгі сөреде еңгезердей біреу қорылдап жатыр. Проводнигім сөзге келместен, мені құшақтап, сүйе бастады. Алпамсадай денесімен жеңіп бара жатыр. Шыны керек, менің табиғатыма әлгінің әрекеттері ұнап, денем соған икемделіп әкетіп бара жатқан сияқты. Бір уақытта киімсіз қалдым. Ол өз дегенін жасады. Бастапқыда оны қаламасам да, нәпсім өз дегенін істеп, ұятты іске жол беріп қойдық. Осы уақытқа дейін әйелдік парызымды өтедім дегенім болмаса, өзім өз болып күйеуімді қалап көрмеппін. Және дәл осындай ләззат алмаған екем. Өне бойыма бір ерекше нұр құйылды.
...Шу стансасынан түсіп қалған соң, таксиге міндік. Боранбай атты таксишінің көлігіне отырдық. Қырықты алқымдап қалған азамат екен. Бішкектің базарларын аралатып, жұмысымызды бітірді. Менің жүгім аз болып, басқалардікі Боранбайдың көлігіне сыймайтын болды да, олар қайтарда үлкенірек көлікке мінетін болды. Мен Боранбаймен Бішкектен Шуға жалғыз кеттім. Жолда түрлі әңгіменің басын шалдық. Бір уақытта Боранбай көлігін жол шетіне доғарды да, далаға шығып келді. «Сен маған кешеден бері ұнап қалдың. Көңілім кетіп отыр», - деп, тіземе алақанын салды. Қағып жібердім. «Мен күйеуі бар әйелмін», - дедім қатқыл дауыспен. «Мен сенімен қайтсем де болам. Сен үшін бағана көлігіме артық жолаушы да алғам жоқ», - дейді міндетсіп. Жамандайын ызам келді. «Осы жолғы таксиші мен проводник атаулы маған үйір болғаны несі?» - деген ойға кеттім. Денем тоңазып, бір суып, бір ысыды. Боранбай бірдеңе деп отыр, деп отыр. Бір уақытта юбкамның етегін түріп жіберді. Киімдерімді шешуге ыңғайланғанда, денемді ток ұрғандай болып кетті. Әлгіні жек көріп тұрсам да, қимыл-қозғалысы жаныма жағып барады. Бір уақытта өзі шешіне бастады. Мұнысын көріп тіпті дегбірім қашты. Сөйтіп, ол да өз қалауына жетіп тынды.
Проводникпен арадағы оқиға ішімдіктің салдарынан болды десек, мынауым не енді? Әлде «бәрібір зорлайды» деп, айтқанына көне салдым ба? Айдаладағы Бішкектің жолында қайда қашып құтылатын едім?
Бәрінен қызығы, осы бір ақылға қонбайтын екі ерсі оқиғаның екеуінен де ерекше ләззат алдым. Бұл сезімдерді күйеуіммен бірге ешқашан басымнан кешкен емеспін. Кей әйелдер «мен феминиспін, фригидпін, суықпын» деп, төсекте ләззатқа жете алмайтынын айтып жатады ғой. Менде де болады. Күйеуіммен төсек қатынасына барғым келсе де, денем қатып мелшиіп қалатын кездер. Ондай кездерде үстімнен төніп тұрған еңгезердей таксиші, пойыздағы проводник есіме түсіп кетсе, ғажайып күй кешем.

Ғалия Армияқызы,

Құланды

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста