"Пәленше қайтып кепті ғой" деген сөзден қорқамын
Тұрмыстамын. 1 балам бар. Күйеуім күнде болмасада 2-3 күнде ішеді. Ішсе адам танымастай өзгеріп, құтырады. Онысымен қоса анаша шегеді. Бірақ сау кезінде одан жақсы адам жоқ. Айтқанымның бәрін жасайды. Тек арақ пен анашасын тастамайды.
Бір үйде біраз адам бірге тұрамыз. Қайынсіңлілерім, ата-енем бар, келімді-кетімді адам көп.. Ата-енем бетіме тіке айтпаса да, жақтырмайтындарын сеземін. Қайынсіңлілерім де үй шаруасына көмектеспейді. Енем де "тұр, жеңгеңе көмектес" деп біреуіне айтпайды. "Көмектеспеңдер біреуің де" деген сөзін естіп қалдым. Қиналып кеттім. Күйеуімнің жүрісі мынау, ал басқалары маған бөтен екендерін білдіріп жүреді. Кеткім келеді. Бірақ ағайын-туыс, дос-дұшпан дегендердің пәленше қайтып кепті ғой деген сөздерінен қорқамын. Мына үйден безіп кеткім келеді, бірақ кете алмаймын. Не істейін мен енді? Қалай шыдайын? Осы 1 жылдың өзінде нервтен шашым түсіп айқайлап жылағым келеді. Одан әрі қалай шыдаймын?
 Анар